Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер

Алматы облысы, Талғар ауданы №11 ЖББОМ
Математика пәнінің мұғалімі Мұхаметкәрім Ахмет Нұрғалиұлы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 

9.1.А.Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Мектеп: №11
Күні: 18.09 Мұғалімнің аты-жөні: Мұхаметкәрім Ахмет Нұрғалиұлы
Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.2.2.1

 

екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату

Сабақмақсаттары – екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің анықтамасын біледі, дәрежесі бойынша ажыратады;

 

  • – екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің шешімін тауып, графигінің түрін анықтау арқылы салады;
  • – график бойынша екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу құрастыра алады.
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

 

  • – екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу; – айнымалылар;- теңдеудің дәрежесі;- теңдеудің шешімі;- теңдеудің графигі.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз…

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз …

– екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді шешу деп …

– теңдеудің графигін салу үшін …

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтарының негізінде оқушыларды бір-бірін сыйлауға, бір – бірінің пікірін тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен біріккен түрде жұмыс жасай білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Сызу, информатика
Алдыңғы білім Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу, шешімін табу, теңдеудің графигін салу, мәндес теңдеулердің қасиеттері
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

0 – 2 мин

2 – 4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

І топ:

 

«Парабола»

ІІ топ: «Гипербола» ІІІ топ:

 

«Шеңбер»

у = х2-4х +3 х2+у2=16
у = -3х2+2х +5 (х+3)2+(у-1)2=9
у = 2х2-4х +5 х2+у2=36
у = -х2+7х -12 (х+1)2+(у-3)2=4

ҚБ: Мұғалім мадақтауы «Керемет!», «Жарайсыздар!», «Өте тамаша!»,т.с.с.

кеспе қағаздар
Сабақтың ортасы

 

4– 7 мин

Жеке жұмыс

 

1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.

2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.

3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?

Жауабы: үшінші

4.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімі дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалы мәндерінің реттелген жұптарының жиыны.

5. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі деп координаталары осы теңдеудің шешімдері болатын нүктелер жиыны аталады.

6. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі (шешімі) Жауабы: қисық сызық

Топтық жұмыс

І топ ІІ топ ІІІ топ
у –х2+2х = 0 2х2 + у = 4х-3 х2+3х-у+7= 0
ху = 6 ху = 8 ху = -3
(х-1)2+(у+2)2=1 (х-3)2+(у-1)2=9 (х+2)2+у2=4

Жұптық жұмыс.

1)2) 3) 4)

Жауабы: 1) 6х2-5х = у-1

2) 2(х+1) = х2-у

3) ху-1,2 = 0

4) х2+у2 = 9

Сабақтың соңы

 

37 – 40 мин

Кері байланыс: «5-5-1» (Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылардың өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі)

 

Үй тапсырмасы: №40

x2+y2=r2 шеңбері A(4;2) нүктесі арқылы өтетіні белгілі. Осы шеңберге B(-4;2), C(-4;-2), D(4;-2), E(2;4), F(-2;-4) нүктелерінің қайсысы тиісті болады?

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Топтық тапсырмалар берілгенде топ ішіндегі әр оқушы өз рөлдерін анықтап, қабілеттеріне қарай сараланады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстармен айналысады. Белсенді оқу тәсілдері : «Тілек шоғы», «Сиқырлы сандықша», «Допты лақтыру», «Суретші», «Ойлан.Жұптас.Пікірлес» әдістерін пайдаландым. Қалыптастырушы бағалау түрлері: «Қошемет», «Геометриялық фигуралар», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ» , «+», «-», «қызықты» әдісі арқылы бағаланады. -Оқушылардың партада түзу отыруын;

 

-Денсаулық сақтау үшін «Математиктер биі» сергіту сәтін;

-АКТ-ны уақытында қосып, сөндіруді қадағалаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше