Оқу-тәрбие үдерісіндегі үштік одақ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы
«Б.Төлепбаев атындағы ЖОМ» КММ
ДІЛДАНОВА НАДИРА КӨМЕКҚЫЗЫ
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 7 «А» сынып жетекшісі

Жоспар
Кіріспе бөлім
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек.
Негізгі бөлім
А) «Тәрбиелілік – адам етеді, тәрбиесіздік – надан етеді»
Ә) «Ұстаз –ұлы тұлға»
Б) «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»
Қорытынды
Бала тәрбиесі – қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті.

Оқу-тәрбие үдерісіндегі үштік одақ

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев

Ата-ана бұл баланы өмірге әкелуші және өсіріп тәрбиелеуге, оқытуға міндетті әрбір адам. Бала кәмелеттік жасқа жетпеген әрбір адам. Мұғалім –тәрбие беру саясатын жүзеге асыраушы тұлға.

Ұлы ғалым, философ Әбу-насыр әл –Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Халықта «ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз –өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар шешуші рөл атқаратыны белгілі.

Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде болмасын үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды ой айтқан. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді.

Отбасы – белгілі-бір дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеялды, жақсы сөз, ұнамды мінез, ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін тауып, ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарастарынан елеулі қателіктерді байқап жүрміз. Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне алып, тәрбие мен білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Енді біреулері баласын орынсыз сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі «адам болар бала өздігінен оқып үйренеді» дегенді алға тартады. Мұндай теріс түсініктер баланың келешегіне зиян келтіреді. Ал, орынсыз балағаттап, баланың абыройына нұқсан келтіру ата-ананың бала алдындағы, қоғам алдындағы беделін төмендетеді. Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар қай кезде де бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.

Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады.Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

«Тәрбиелілік – адам етеді, тәрбиесіздік – надан етеді» деген халық тағылымы бар. Тәрбиенің сан-саналы қырлары бар десек, ата-ана өз ұрпағының жан-жақты болып өсуіне ықпал ете білуі қажет. Бала мектепке келгенге дейін ақыл-есі кіріп, үлкен-кішімен қарым-қатынас жасау, өзара сыйласудың әліппесін отбасынан алып келеді. Кей жағдайда ата-ана баласының: «Тамағы тоқ, киімі бүтін болса болды, басқа тәрбиені ертең мектеп үйретеді» деп барлығын мектепке, ұстаздарға ысыра салады, сол себепті де кейбір оқушылар күнделікті өмірдегі қарапайым тәртіпті білмей, мұғалімге қиындық келтіреді. Мектеп мұндай жағдайда тек баланы ғана оқытып қоймай, ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізгенде ғана, тәрбие өзінің оң нәтижесін беретіні сөзсіз.

Ата-ананың бүкіл үміті – баласы болса, сол баланың әрбір қуанышты сәті – ата- ана қуанышы. Қазіргі кезде, күн сайын өзгеріске толы мына өмірде балаға дұрыс тәрбие беруде бірлік болмаса, бала сәл нәрсеге еліктеп, ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе бала түрлі жат-әдет, діни ағымдарға ілесіп кетпеуі үшін де тәрбиені босаңсытуға болмайды.

Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Осы орайда «Шаңырақ сыйы» атты ата-аналармен бірлесе тренинг сабақ өттік. Рухани жаңғыру аясында өтілді.Ата-ана өз іс-қимылың шешуші рөл атқаратынын сезінді. Отбасындағы орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарын бала тұлғасынан көре білдік деп өздері жоғары баға берді. Ата-ана мен ұстаздың біріге жұмыс істеуі ең алдымен балаға пайдалы екенін, үштік одақтың бірлесе жұмыс істеуіне атсалысатынын айтып, ризашылық білдірді. Екі жақтың қамқорлығын сезінген бала өз тарапынан да жауапкершілік көрсетіп, үлгілі тәрбие мен мектептегі тәрбие бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп отырса ғана нәтижеге жетпек.

Отан – отбасынан басталады деген жақсы сөз бар халқымызда. Отбасы мүшелерінің балаға әсері дұрыс болуы керек. Жақын жанашырлары  әрдайым балаға тек түзу жол көрсетіп отырса, әсіресе тәрбие беру жолында халықтық педагогиканы пайдаланса, оның берер көмегі мол деуге болар еді. Ал тәрбиені балаға беретін отбасы, мектеп және қоғам. Осы үшеуі бірлесе жұмыс істегенде ғана өнімді де өнегелі ұрпақ шығатыны белгілі. Неміс халқында бала тәрбиелеуде екі ерекшелік бар, біріншісі: баласымен тең кісідей сөйлеседі, сөйлесе отырып, мүмкіндігін байқайды, осал жерін байқатпай көтеріп отырады, екіншісі: баласын ең негізгі нәрсеге, сөйлеп тұрған адамның мінезіне, дауыс екпініне, қысқасы, биязы -оспадарлығына қарамастан тыңдай білуге үйретеді. Себебі тыңдай білмейтін адамның айтар ойы да аз болады. Әр халықтың  осы секілді өзіндік жақсы ерекшеліктері болады. Неге сондай тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланбасқа. Біздің халқымыздың да тәрбиеге тұнып тұрған алуан түрлі үлгі-өнегесі жетерлік. Баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек десек, ата-аналар мен мектеп ұстаздары және балаға әсер етуші жан-жағындағы қоғам мүшелерінің өздері де толыққанды саналы болуы әбден маңызды.Атадан балаға қанмен тараған ақылдылық,  байсалды мінезді тәжірибе мен білім толықтырса, төңірегіне нұр шашып тұратын азаматтар солардан шығады. Сондықтан оқу, үйрену, тыңдау, іздену, талаптану әрбір өзін құрметтейтін адамның басты бағыты болуы керек. Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара – деген екен бір ғұлама. Қазіргі ұрпақ еліміздің жарқын болашағы, жанашыры және иесі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ елінің болашағы үшін бүгіннен бастап бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етсек нәтижелі іске де қол жеткізіп қалармыз. Жеткізіп  жатқан жемісті жетістіктеріміз де жоқ емес. Мектеп – кеме, білім – теңіз демекші, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен алады. Дегенмен бар салмақ мектепте десек  артық айтқан болар едік. Бала тәрбиесі мен білім беру ісінде отбасы мен қоғамның қосар үлесі ұшан – теңіз.

Сыныбыммен түрлі іс-шаралар, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі «Ұстаз –ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Ел болашағы, Қазақстанның келешегі тек білімді де білгір көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен шәкірттердің сонымен қатар пайымын паңдықпен емес ұлтжандылықпен шешетін дүлдүл дарабоздардың , бұлбұл қарагөздердің қолында. Жаңашылдықтан жанасқан жаңа бағыт болашақ бағдарына- ұмтылу, тірнектеп талпыну. Балаларды білімге бейім ету, олардың құштарын ашу, кілтін тауып, шатқалға шарықтату – заман талабы мен қатар келген үлгілі ұстаздың ісі. Білім алушыларға білікті маман білім берсе ұрпақ сабақтастығы арқылы білім өрісі кеңейе түсіп өрістеуі, өскелең ұрпақтың өркен жаюына алып келеді. Жаңа идея, жаңа ұстаз, жаңа шәкірттер жаңа ғасырдың жаңалықтарының айғағы. Өмір парқын ажырату, білімнің пәл-сапасын көтеру жаңа озық ойлы ететін оқулықтар озат оқушыларға зор көмек, керемет құрал…Қанатын ғылымның ұшқынымен жайған, аты ардақты ұстаз болдық делік. Ұстаз болсақ, мейлінше оқушыға бар білгенніммен бөлісіп, бір қолдың саласындай , бір үйдің баласындай қарап, көзқарасымызды тереңге алмастырсақ – келешектің қамының бір парасы түзелердей. ХХІ ғасырдың ұстаздары тек білімнің жолдасы болуы тиіс.

Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани азықты молынан санамызға сіңіртетін ұстаз атаулының орны мәңгі биік төрде.Көне дәуірден өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаздың еңбек жемісі мол.

«Болашақтың баспалдағынан сүрінбей, сағым сынбай , қаймықпай кедергілерге қарсы тұрып жігерім мұқалмай, ұстаздық жолдың тар жолынан тайғақ кешіп таймай берік ниет, бекем үмітпен келешекке кемел ұрпақ үшін қадам басамын. Көз майымды тауысып , білім әлемімен тереңінен тағы танысып, санамдағы игі білімді шәкірт санасы мен түйсігіне жеткізуге әзірмін» дейтін мұғалімдеріміз көп болсын. Білімді ұстаз-заманның басты көркі.

1-қыркүйек білім күнінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Бүгінгі жастардың қоғамдық өмір дене шуақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу қоғамалдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек», – деп атап өтті Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Мектебімізде ата-ана, оқушы-мұғалім арасындағы байланысты нығайту жеке тұлғаны қалыптастыру және сапалы оқыту мен саналы тәрбие беру мәселесі алдыңғы орында. Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыптарында тренинг сабақтар мен семинарлар, түрлі тәрбиелік іс-шаралар жүргізілуде. Мектебімізде «Рысқұлов Орынбек ата» сыныбы ашылды. Адал еңбек иесі, саналы ұрпақтарымен мың жасап келе жатқан саялы бәйтеректей Орынбек атамыздың еңбегін,өмір жолын, адалдығын балаларға дәріптеп, өз ауылымыздың мақтаныштарын үлгі тұту – менің басты мақсатым.

Атамыздың ұлдары,немерелері игілікті іс жасап, кейінгі ұрпаққа білім алуына жағдай жасап сыныбымның үздіктеріне демеушілік көрсетіп, жыл соңында шәкіртақы төлеп, сыныптың безендіру жұмыстарын жасап береді.

9- мамыр күні оқушылар тарапынан құттықтап барып, батасын алып, әңгімесін тыңдап сусындаймыз.

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне отбасы, мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім – оқушы – ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.

Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Қорыта келе айтқанда баршаға ортақ бала тәрбиесінде ата-аналардың да,

мұғалімдер мен тәрбиешілердің де негізгі мақсат-мұраттары бір арнаға тоғысып, болашақ ұрпақ бойында қоғамымыздың қажетті талаптары:

борыш, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет, мәдениет, парасат, жоғары адамгерщілік қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу – тәрбиенің негізгі міндеті деп есептеймін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше