Исмайлова Алия Бахтияровна
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Ағылшын тілі — бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі — ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.
А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
Модельдік технологиясы
Рейтингтік жүйе
Дамыта оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.
Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:
Оқушыға сенім көрсету;
Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;
Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;
Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;
Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;
Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.
Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің сабақ беретін сыныптарымда біршама жұмыстар жасалды. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді оқушы емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасында сыныптағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды.
І деңгейдегі оушыға проблемалық сұрақтар қою арқылы олардың ой-пікірімен есептесіп, ынталандыруды көздедім, ІІ деңгейге қиын сөздердің мағынасымен таныстыруды тапсырдым, ІІІ деңгейге мәтін не туралы, басты кейіпкерлер кім және т.б. сұрақтарға жауап беру сияқты жеңілдетілген тапсырмалар бердім.
Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. 2012 жылдан бастап «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технолгиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым.
Мен баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
Тақырыпқа байланысты хабарламалар;
Оқушылардың тақырыпқа, жаңа сөздерге, мәтіндерге байланысты қысқа әңгімелері;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар (мәтіндерге, сөздерге байланысты қысқа әңгімелер, эсселер);
Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру;
Әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;
Сабақтың әртүрлі формада өтуін қамту.
Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақ – оқу үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін мұғалім барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.
Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа техналогияны пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы — Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.