Кошкарбаева Айгул Советкуловна
Жамбыл обл.Шу ауд.Төлеби ауылы.«Өнер мектебі»
«Компьютерлік графика» үйірме жетекшісі
Қосымша білім беру тәсілдерімен
оқушылардың жеке тұлғаларын дамытуға менің көзқарасым
Күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік,қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынның өсуі білім беру саласының,мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болып отыр.
Болашақтың иесі-жастар,жас ұрпақ.Сол ұрпақ тәрбиесі,білімі,біліктілігі,сан қырлы азамат болып өсуі-мына біздерге,ұстазарға байланысты.
Ұлылық пен дархандықтан тамыр тартқан дана халқымыз «білімдінің мыңды жығатынын» ескертіп, «оқу-білім азығы,білім-ырыс қазығы»-деген тағылымға толы өсиет қалдырған.Білім беру ісі кез келген қоғамның жан-жақты кемелденіп өсуіне ерекше ықпал етеді.Өйткені осы жүйенің сапасы арқылы мемлкет пен жеке тұлғаның интеллектуалдық әулеті қалыптасады.Адам баласына білім мен тәрбие егіз берілгенде ғана мақсатына жетеді.
Балаларға қосымша білім беру-білім алушылардың білім қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі.
Балаларға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру,жеке тұлғаны өздігінен дамыту,өскелең ұрпақ тәрбиесінде және олардың дарындылығын дамытуға,балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.
Қосымша білім беру мекемелерінің бәрі балаларды өнердің,спорттың әр қилы түрлерімен айналысуға тарту әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру,жаңа таланттарды анықтау,кәсіптік шеберлікті жетілдіру міндеттерін шешеді.
Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді.Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қоймайды,ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады.Бала адамзат еңбегінің,білімінің бірін терең игереді,оған дағдыланады.Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау,шешім қабылдау,қорытынды ой-пікірін білдіруін,белсенділігін,танымдақ қабілетін дамытуын өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс.Оқушылардың қабілетін ашып,дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп есептеймін.
Осы ретте өзім жұмыс жүрген «Өнер мектебінің»жұмысына тоқталғым келіп отыр. «Өнер мектебінде» 7 бағыт бойынша 14 үйірме жұмыс жасайды үйірме жұмыстарына 940 оқушы қамтылған.
«Қолданбалы сәндік»бағыты бойынша 4 үйірме (пішіп-тігу,жапсырмалау,киім дизайн,тоқыма), «Бейнелеу өнері»бағытында 5 үйірме (компьютерлік графика,қуыршақ театры,жұлдыздар әлемінен саяхат,жас эколог,шаштараз), «Шешендік өнер»бағыты бойынша 2 үйірме (ағылшын тілі,ораторский искусство)үйірмелері жұмыс жасайды.
Соңғы үш жылда облыстық,республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрміз.
Сабақтың тақырыбы : Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі : Көңіл күйлерін сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру : WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі.
Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – көшіру (Правка-Копировать)
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать)
Мәтін үзінділерін қою
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка-Вставить)
Күн мен уақыт кірістіру
батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру – Күн мен уақыт (Вставка –Дата и время)
Мәтінді іздеу
батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти)
Мәтінді ауыстыру
Өңдеу – Ауыстыру (Правка – заменить)
Сабақты пысықтау :
Сабақты қорытындылау : Оқушыларды мадақтау
Сабақтың тақырыбы : Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты : Қорытынды сабақ арқылы ойларын ары қарай шыңдай түсу, сонымен
қатар өз беттерінше ізденуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі : смайлик арқылы бир бирине сәттілік тілеу
Сабақты пысықтау :
Ақпаратты беру әдістері | Ақпарат түрлері |
![]() |
органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы; |
![]() |
тактильді – сезім арқылы |
![]() |
визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады; |
![]() |
аудиальды- дыбыс арқылы |
![]() |
тактильді – сезім арқылы; |
Ақпаратты беру әдістері мен оған сәйкес ақпарат түрлерінің
реттері алмастырылған, дұрыстап орналастырыңыз.
Қызметіне сәйкес пернелерді жаз
- Енгізу пернесі —
- Бос орын пернесі —
- Курсордың алдындағы символды өшіру пернесі —
- Жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылатын перне —
- Егер оны бір рет басса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі. Бұл қандай перне?-
- Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру пернесі-
- Меңзерді жолдың басына ауыстыру пернесі —
- Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі —
- Бір бетке жоғары жылжыту пернесі —
- Бір бетке төмен жылжыту пернесі —
Сабақты қорытындылау: смайлик арқылы қорытындылау
Сабақтың тақырыбы : Тест
Сабақтың мақсаты : оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
Қайталуа арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру, білімдерін жаңарту.
Ұйымдастыру кезеңі : Зейіндерін сабаққа аудару
1.Paint графикалық редакторының іске қосылуы.
А. Іске қосу- Программалар-Стандартты-Paint;
В. Іске қосу -Стандартты-Paint;
С. Іске қосу –Программалар-Стандартты –Қызметші-Paint;
Д. Іске қосу –Програмалар-Paint;
2. Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А. Жобалау;
В. Оқу, мәтін теру;
С. Сурет, сурет салу;
Д. Музыка жазу;
3.Палитраның неше түсі бар?
А.256
В.16
С.30
Д.12
4. Paint Графикалық терезесінің құрылымдық элементтерін ата?
А. Жұмыс алаңы, Саймандар жиыны;
В. Түс палитрасы;
С. Жұмыс алаңы, меню қатары;
Д. Тақырып қатары, меню қатары, саймандар жолағы, жұмыс алаңы, қалып – күй жолағы.
5. Paint бағдарламасында құжатты бірінші рет сақтағанда…
А. Файл-Сақтау
В. Файл – қалай сақтау
С. Файл — Открыть
Д. Сақтау батырмасын шерту;
6. Графиктік редакторда геометриялық фигураларды дұрыс салу үшін қандай пернені басу керек?
А.Ctrl;
В. Alt
C. Shift
D. Tab
7. Фонның түсін қалай таңдауға болады?
А. Таңдалған түс бойынша тышқанның оң жақ батырмасын шерту;
В. Үнсіз келісім бойынша кескіннің қара түсі мен ақ түсі;
С. Таңдалған түс бойынша тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
Д. Бейнелеу және фон түсі;
8. Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орындалады?
А. Таңдалған түс бойынша тышқанның оң жақ батырмасын шерту;
В. Сызықтың керек қалыңдығын таңдау;
С. Кескіннің қара түсті мен фонның ақ түсі;
Д. Таңдалған түс бойынша тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
9. Paint бағдарламасында масштабы өзгерген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?
А. Өзгереді;
В. Өзгермейді;
С. Жартылай өзгереді;
Д. Мәтін жоғалып кетеді;
10. Алмасу буфері- дегеніміз…
А. Орны ауыстырылатын және көшірілетін ақпаратты уақытша сақтауға
арналған жадтың арнайы бөлігі;
В. Ақпаратты сақтауға арналған тұрақты жадтың бір бөлігі;
С. Көшірілетін ақпаратты уақытша сақтауға арналған тұрақты жадтың
арнайы бөлігі;
Д. Орны ауыстырылатын ақпаратты сақтайтын кампьютердің арнайы бөлігі.
11. батырмасының қызметі қандай?
А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне қиып алу
В. Құжатты алмасу буферіне жылжыту
С. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту
Д. Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру.
12.батырмасының қызметі қандай?
А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне қиып алу
В. Құжатты алмасу буферіне жылжыту
С. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту
Д. Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру.
- батырмасының қызметі қандай?
А. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне қиып алу
В. Құжатты алмасу буферіне жылжыту
С. Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту
Д. Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру.
14. Кегль деген не?
А. Әріптің түрі
В. Әріптің мөлшері
С. Әріптің түсі
Д. Әріптің мәнері
15. Мәтіннің негізгі элементтері:
А. Символ, сөз, жол, абзац, мәтін.
В. Қиып алу, кірістіру, көшіру
С. Жою, өшіру, жылжыту, іздестіру
Д. Дұрыс жауабы жоқ.
Сабақты қорытындылау: келесі оқу жылына сәттілік тілеу
—
Зайтуна Есмаганбетова