Жаңа сабақтар

Кошкарбаева Гулназ Советкуловна

Кошкарбаева Гулназ Советкуловна

Жамбыл обл.Шу ауд.Төлеби ауылы.«Өнер мектебі»

«Компьютерлік графика» үйірме жетекшісі

Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты : Мәтінмен жұмыс жасауды үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі : тренинге. Бир бирине сәттілік тілеу.

Жаңа сабақты түсіндіру: Мәтін құралы құралдар панеліндегі А батырмасы басу арқылы қарапайым мәтінді жасайды. Немесе оны Мәтін—Мәтін және Қаріп (Текст—Текст-Шрифт) бұйрығын басу арқылы орындауға болады. Егер мәтін құралдары қажет болса Ғ8 пернесін басамыз. Арнайы символдармен жұмыс жасау үшін Мәтін—Глифтер командасын іске қосамыз.

Мәтінді кез-келген контур, сызықтың бойына орналастыруға болады. Ол үшін контурды салып, мәтінді тере отырып, shift пернесін басу арқылы екеуін ерекшелейміз. Мәтін – Контур бойынша орналастыру (Разместить по контуру) бұйрығын орындаймыз.

Контурдан мәтінді шығарып алып қайта орнына әкелу қажет болса Мәтін—Контурдан шығару бұйрығын орындаймыз. Сол секілді мәтінді ке-келген ерекшеленген фигураларға орналастыру үшін Мәтін-Блокқа кірістіру керісінше Мәтін—Блоктан шығару бұйрығын орындаймыз. Төмендегі пернелер комбинациясы келесі қызметтерді атқарады:

F8 – мәтіндік нысанның құралдар панелі.

Shift+Ctrl+T- — мәтінді редакциялауға арналған терезе.

Alt+ Мәтіндегі әріптерді жоғары-төмен, оңға-солға қозғау.

Alt+shift — Дәл осылай бірақ сол процессті 10 есе жылдамдатады.

Alt+[ ] — Әріптерді бұруға арналған пернелер комбинациясы.

Сабақты пысықтау :

Сабақты қорытындылау : челендж жасау отбасымен.

біріктіру,ажырату.

Сабақтың мақсаты :Оқушыларды обьектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен және

обьектілердің атын өзгерту, оларды жою, қалпына келтіруді үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі : зейіндерін сабаққа аудару

Жаңа сабақты түсіндіру : Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

WINDOWS объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екшші орынға жылжыту қажет болады..

Объекгілерді көшіргенде, объект бұрынғы орнында калады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырылады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орнынан жоқ болып кетеді.

Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайык:

1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні капшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағышын объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға жылжьггады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копироватъ, жылкыту қажет болса, Переместитъ, ал таңбаша жасау қажет болса, Создатъ ярлык командаларының бірін таңдауға боладь.

2.Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Сtrl немесе Shift пернелерін колдануға болады.

  1. Жылжьпу кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда тандалған объектілер файлдың типіне және оның тағайындалған орнына карамастан көшіріледі.
  2. Shift пернесі басулы болса, WINDOWS объектіні жылжытады.

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды апшай-ақ көшіруге немесе жылжытуга (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.

Меню командалары арқылы объектілерді көшіру және жылжьпу

Объектілерді жылжытуда «апарып қою» әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копироватъ), Қию (Вырезать) және Кірістіру (Вставить) деп аталатын командаларын пайдалануға болады. Бүл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі WINDOWS-тің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Сабақты пысықтау :

Сабақты қорытындылау : Оқушыларды мадақтау

Сабақтың тақырыбы : Power-Point бағдарламасымен таныстыру

презентация құру тәсілдері

Сабақтың мақсаты : Сабақта норматив талабына сай оқушылардын оқу материалын меңгеруіндегін, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын және сөздік қорын дамыту болып табылады

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Көңіл күйлерін сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру : Қазіргі таңда презентация оқытудың, бизнес жобалардың көрсетудің, өнімдердің сатудың және т.б. маңызды әдістердің бірі болып табылады. Презентация жасау үшін біз үнемі бағдарламалық жасақтама презентацияларын пайдаланамыз бұл көпшілік алдында пайдаланатын ақпараттық презентация немесе айтылатын сөзді қамтамасыз етуге көмектесетін және оқиғаларды айтып жеткізцге арналған суреттер мен сөздер тізбегін жасауға қолданылатын бағдарламалар категориясы.

Сабақты пысықтау :

Сабақты қорытындылау : оқушыларды үйде отыруға шақыру, үндеу.

Эссе

«Көше тарихы»

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің әр аймағындағы көше атаулары-қазақ халқының ұлан-байтақ жерінен,ғасырлар қойнауына кеткен тарихынан,ерекше даралық мәдениетінен,халық жадында ізі қалған белгілі тұлғаларынан мол ақпарат береді. Әр көшенің өзіндік тарихы болады,көшенің аталу себебі болады. Яғни,көше аттарында көп сыр жатыр.

Мен мемлекетіміздің астанасы мен оның тарихы жайлы мәліметтер мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім келеді. Қателеспесем,1997 жылдан бастап Нұр-Сұлтан мен оның аймағында 900-ден артық жаңа атаулар пайда болды.Тіпті,өзгесін айтпағанда,қазақтың қадір тұтқан, атын жыр жолына енгізіп сақтап отырған аяулы да,қаһарман қыздарының аты осы тізімде қомақты орын алады.Қандай тамаша! Қазіргі Нұр-Сұлтан көшелері мен алаңдары қазақ тарихы мен мәдениетінің көрнекті оқулығы сияқты. Бұрынғы Угольный,Дорожный,Суворов,Герцен тағы басқалар секілді не ұлтқа,не осы аймақ тарихына еш байланысы жоқ атаулар ұмытыла бастады. Бізде бірнеше жүз жылдық тарихы бар көшелерді табуға болады.

Кіші базар алаңы. Құрылыс есебімен айтсақ,Конгересс-холдан бастап ескі Парламент үйіне,қазір Қазақстанның мемлекеттік басқару академиясы,туризм агенттігі тағы да басқа орналасқан ғимаратқа дейінгі жер. Совет үкіметі жеңгеннен кейін кіші базар алаңы Пролетарская көшесі деп аталды,қазіргі уақытта бұл көше Бейбітшілік көшесі деп аталады. Астанамыздың үлкен көшелерінің бірі осы Бейбітшілік.

Нұр-Сұлтанның ескі көшелерінің ішінде Абай көшесі ерекше орын алады. Осы көшенің бойын асықпай араласақ,қала тарихының талай тамаша ескерткіштерін көреміз.

Нұр-Сұлтан тарихына қатысты ғылыми және көпшілік әдебиетте қала көшелеріне қатысты толып жатқан қателіктер орын алған.Соның бір мысалы: қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы көшенің патша заманындағы аты Степной еді. Патша заманының өзінде тәртіппен салынған,табанына тас төселген көше орталықтан басталған бетінде вокзал алаңына дейін барады.Оның шартты түрде орталық атауына да осы себептер әсер еткен болуы мүмкін.Қалай болғанда да,кезінде Қараөткелдің басты көшелерінің бірі аталған бұл көше 1997 жылдан бастан қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов атында.

Қорыта келгенде,туған дала төсіне жүгіріп шығып,әр көшенің өзіндік бір сыры,түпкірінде тарихы жатқанын аңғарсақ,әрі қарай талпыныс қылып зерттегің келері сөзсіз!

«Өнер мектебі»

Арстамбек Нұрай Нұрболқызы

«Компьютерлік графика» жетекшісі: Қошқарбаева Гүлназ


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.