Ұстаз деген ұлы сөз!
ТАНАТОВА ГУЛЬНАРА БАКБЕРГЕНОВНА
Жамбыл облысы Меркі ауданы Алтын арық бастауыш мектебі
Мектеп меңгерушісі
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Жоғарыда айтқанымыздай, әліппені жаттатын да, әліпті таяқ деп білмеген кезде баланың сауатын ашатын да ұстаздар екені сөзсіз. Қазақтан шыққан ұлы ұстаз, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық» деп барлық балаға ұран тастады. Өзінің ғажайып өлеңі арқылы білім шыңына ұмтылуды, жақсы азамат болып өсуді қалады. Оқуға, сауат ашуға ұмтылған әр бала үшін бұл сөз санасына сіңіп, көкейінде жатталып қалды. Иә, «Кел, балалар оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық». Ал оқытатын кім? Оқытатын – ұстаз. Білім нәрімен сусындататын да ұстаз. Оқушы сауатын ашатын да ұстаз. Баланың бойында өз тіліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін қалыптастыратын ең алдымен туған анасы болса, екіншіден ұстазы. Бала отбасында тілді ата-анасынан үйренсе, мектепте ұстазынан үйренеді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай атамыздың ұстаздарға берген бағасынан біз ұстаздардың еңбекқорлығын, әр оқушының сауатын ашудағы ұшан-теңіз еңбегін байқаймыз. Иә, жалықпайтын да, өз ісіне адал қарайтын да ұстаздар қауымы. Ғұмырын осы жолға арнап, шәкірттерінің қанатын қатайтып, үлкен өмірге жолдама беретін де ұстаз. Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ,ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
