Ар-ұждан ғылымы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Талды ауылындағы жалпы білім беретін №19 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекеме
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мұғалімнің аты-жөні: Тусупбекова Майра Омаровна
Мектеп: №19 ЖББОМ Мерзiм: 24.02.2020 №21-22
Тақырып: Ар-ұждан ғылымы
Құндылық: ақиқат Қасиеттер: адалдық, шынайылық, қамқорлық
Мұғалiм: Тусупбекова Майра Омаровна Сынып: 4 Оқушылар саны: 14
| Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі ар-ұжданның алатын орнын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Білімділік: оқушыларға адам бойындағы ар-ұждан туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушыларды ар-ұждан дауысын ести білуге үйрету: Тәрбиелік: оқушыларды шынайы және адал болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) | |||||
Сабақ барысы:
(Конфеттер арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру) І топ: Шыншыл ІІ топ: Ақиқат ІІІ топ: Адалдық «5Т» ережесі
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денеңізді түзу ұстаңыз. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Ермек Өтетілеуов: «Балмұздақ» Жексенбі күні. Балабақшаға бірге баратын кішкене көршілер – Алмас, Мирас, Марал, Жанарлар аулада ойнап жүр. Бір кезде бұлардың тұсынан қолына тор ұстаған ағай өте берді. Ол кісі қалтасынан қол орамалын алған сәтте көлемі бір келкі төрт-бес көк қағаз бірге шығып, жел екпінімен балаларға қарай қалықтап ұшты. Мұны бірінші байқаған Алмас:
Алмас енді:
Ал Мирас бұл кезде асығып басып, үшінші қабаттағы пәтеріне көтеріліп бара жатқан-ды. … Аздан соң бейтаныс ағай әлгі жерге қайта келді. Жұбы жазылмай ойнап жүрген төрт балаға күлімсірей жақындап:
Балақай, Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқанын мүмкін, сен айтарсың? Мәтінді талдау. Сұрақтар: -Ағай балаларға балмұздақты не үшін берді? – Мирас неліктен балмұздақтан бас тартты? -Ар-ұждан дауысын ести алуға не көмек береді? -Арлы адамның іс-әрекеті қандай болады деп ойлайсың? -Сенің, ар-ұждан дегеніміз не? Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Ар-ұждан ғылымы» деп аталады. |
Сабақ барысын талдау:
Топтарға бірігу «5Т» ережесін есте ұстау Баяу әуен ойнайды. Көзді жұмып елестету, сезімдерімен бөлісу. Үйге берілген тапсырманы талдау Шапалақ арқылы бағалау |
|||||
«Пайда ойлама – ар ойла» Абай Құнанбаев Бүгінгі біздің дәйексөзіміз Абай атамыздың өлең жолдарынан алынған. Биыл Абай атамызға неше жыл толды? Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер? Абай кім? |
Ой түйін.
Абай туралы слайд. |
|||||
|
Музыка | |||||
Бейнеролик: «Шыншыл бала»
|
Сұрақ-жауап арқылы түйіндеу | |||||
1-топ: Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті. Бауыржан Момышұлы Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе. Василий Сухомлинский Арлы адам – ең күшті адам. Әбіш Кекілбаев 2-топ: Айтбай Хангелдин: Ата ақылы Шындық деген – ар-ұят, Әділдік пен адалдық. Бол ісіңе мұқият, Қашсын десең, жамандық. Айтпа, жаным, өтірік, Болам десең, үлгілі. Мәпелеген өсіріп, Сен де еліңнің бір гүлі.
3-топ: Әртістер Сахналық көрініс: Адалдық |
Топтарға шығармашылық тапсырмалар беру,
Бас бармақ арқылы бағалау |
|||||
БІЗ – ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ Сөзі Ә. Дүйсенбиевтікі Әні Б.Ғизатовтікі Зеңгір көктен Нұрын төккен Ортақ біздің күніміз. Жайдары өскен, Жайнап өскен Біз – өмірдің гүліміз. Бал достыққа, Жолдастыққа Шақырады әніміз, Тыныштықта, Нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз |
Музыка (караоке) | |||||
№21-22 сабақ. Ә.Қалдыбаев: «Мұны қалай түсінеміз?» (о.ә.) 95-97-б. |
||||||
|
