Жаңалықтар, Жаңа сабақтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 4 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO). Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда 4 қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.

Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында – Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Қайырбек Хайдар – қола медаль; Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Мужубаев Әбілмансұр – қола медаль; Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы) – қола медаль; Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур – қола медаль.

Құрама команданың жаттықтырушылары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық инженерия магистрі Ернұр Төлеп пен «Назарбаев Университетінің» магистранты Әзім Аманжоловтың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар химия пәнінен 52-ші халықаралық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді.

Жалпы Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.