Кубенова Назира Турарбековна
Тараз қаласы № 10 «Наурыз» балабақшасы
Бейнелеу өнері мұғалімісанаты: жоғары
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Күзгі орман. (Монотопия)
Мақсаты: Білімділік: Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісі – бір басылымды сурет арқылы іс- әрекетке деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Балаларды жаңбырдан кейінгі орманның бейнесін бейнелей білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Жаңбырдан кейінгі ағаштың суреті, ақ қағаз, субояқ, қылқалам, су, сүрткіш.
Методикалық әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу,көрсету, сұрақ-жауап.
Билингвалдық сыңары: күз-осень, орман-лес
Әрекеттер кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық
қозғаушылық |
Педагог балаларды шеңберге жинап, қызығушылық сезімдерін және көңілдерін көтеріп, жаңбырдан кейінгі күзгі орманды елестете отырып әңгіме жүргізіп, тақпақ оқып береді.
Біз кішкентай балдырған, Сескенбейміз жаңбырдан. Төбемізде қол шатыр, Алдымызда жол жатыр. |
Психологиялық жаттығу жасайды.
Балалар тақпақты қайталайды. |
Ұйымдастырущылық- ізденістік | Жаңбырдан кейін жердің неге дымқыл, суық болатынын талқылайды.
Бірақ ағаштар күз мезгілінде жаңбырды қажет етеді. Қыс бойы суғарылып, көктемге дейін тәтті ұйқыда болады. Сепгіту сәті: Ал, балалар тұрайық, Мойнымызды бұрайық. Қолымызды созайық Жел сияқты қалықтап. Оңға солға иіліп, Денемізді бұрайық. Педагог жаңбырдан кейінгі күзгі орман бейнеленген суретке балалардың назарларын аударып, сурет салу тәсілін көрсетіп түсіндіреді. 1-кезең; -шыны бетіне қылқаламмен қоңыр түсті бояумен жуан және жіңішке сызықтар түсіру арқылы бірнеше ағаштар суретін салады; — қылқаламды бояудың сары (қызыл, қоңыр, жасыл) түсіне бастырып алып, шыны бетіне Қылқалам ұшымен ғана бұтақтардың тұсына тік бағытта жапырақтарды бейнелейді. -сұр түсті бояумен бұлттарды, жердегі жаңбыр суларын түсіреді. 2-кезең; -қағаз бетін шыныға дәл беттестіреді. 3-кезең; -шыныдағы бояудан түскен бейнелерді бала қылқаламмен өз қиялы бойынша толықтырады. |
Себебі күзде жаңбыр жауады,жер дымқыл, суық болады, ағаштардың жапырағы түседі.
Балалар бір басылымды сурет салу әдісін мұқият тыңдайды. Балалар өз бетінше жұмыс жасайды. |
Рефлекстік — түзетушілік | Балалардың дәстүрден тыс бір басылымды суреттеріне талдау жасап, мадақтап, мақтап, қорытындылайды. Көрме ұйымдастырылады. | Балалар өз жұмыстарын салыстырып, бағалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар жаңбырдан кейінгі орманның бейнесін бейнелей біледі.
Меңгереді:Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісі- бір басылымды суретсалуды .
Істей алады:Шынының бетіне сурет салуды үйренеді.