Жаңа сабақтар

«Сиырдың сүті-тілінде, Баланың құты-білімде»

Тараз қаласы № 10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасының

тәрбиешісі Акилбекова Гульмира Мадибековна

Білім беру салаcы: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас»,

«Шығармашылық», «Әлеумет»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Сиырдың сүті-тілінде, Баланың құты-білімде»

Мақсаты:

Білімділік: үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту,тереңдету.

Адамзатқа тигізетін пайдасы туралы,олардан алынатын

өнімдер жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: жұмбақтарды шешкізу,ойлау,қиялдау,

сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: үй жануарларын қорғауға,оларға қамқорлық жасауға,

еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: түгі

Билингвальді компонент: Сиыр-корова-cow, сүт-молоко-milк,

Айран-кефир.

Инновация: Ақпаратты — қатынас технологиялары, денсаулықты сақтау

технологиясы, қатынас технологиясы,ойын технологиясы,мнемотехника

Заттың дамыту ортасы: теледидар,үнтаспа, «мнемо» кесте, венн-

диаграммасы өтірік өлең, дидактикалық ойын, ермексаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметі Педагогтің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелді түрткі болатын

Ұйымдастыру іздестіруші

Шаттық шеңбері:

«Ақ тілек»

Арайланып ғалам бар,

Ағарып таң атты деп,

Бір-біріне адамдар,

Айтып жатыр ақ тілек.

Гүлге толып бар алаң,

Жұпар сепсе бақ тілеп,

Бір-біріне адамдар,

Айтып жатыр ақ тілек.

Қайырмасы:

Ағы жақсы ниеттің,

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.

Топта ән ойнап тұр.Әже кіреді.

Әже:-Сәлеметсіздер ме балалар!

Әже:-Бұл қай топ?

Әже:-Дұрыс келіптім ғой.

-Мен жайлаудан келе жатырмын. «Тілек» ағашын алып келдім. Онда көптеген тапсырмалар бар. Сендер осы тапсырмаларды орындағанша мен малдарымды өрістен жайғап келейін.Сендер көңілдеріңді көтеріп, қызықты тапсырмаларды орындап қойыңдар.

Тәрбиеші:

-Балалар,енді топтық ережемен ой бөлісейік.

Тәрбиеші:

-Балалар,ендеше топқа бөлінейік

Тәрбиеші:

-Балалар,біз топқа бөліндік,ендеше тапсырманы орындайық.

1-тапсырма

I топ «ҚҰРТ»

Құрт-сүт өнімдерінен дайындалатын тағам,ұзақ уақыт сақтауға арналған.Құрт-сөзінің мағынасы да құрғатылған,кептірілген сүт деген мағынаны береді.Құрт-тағамы дәмді, тойымды, әрі ағзаға жылдам сіңеді.Адамның ағзасына қуат береді. Құртта кальций көп.

II топ «АЙРАН»

Пісірілген сиыр сүтінің жылы кезінде ашытқы қосып ,ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді ақ тағам түрі.Айран әрі сусын орнына да жүреді.

III топ «СҮТ»

Сүттің түсі ақ болуы құрамындағы сүт ақуызға байланысты сүт тіршілік арқауы, одан түрлі құнарлы тағамдар әзірлеуге болады.

Бейнетаспа,үнтаспа ойнатылып тұр.Қиялды дамытуға арналған жаттығу

«Сиқырлы сазды әуен»

Бейнетаспа көру.

1) Сиыр өрісте жайылып жүр

2)Сиыркелді

3)Сиыр қорада тұр

4)Сиыр сауып отыр

5)Айран болғанын

6)Күбі піскен

7)Отқа пісіру

8)Дорбаға құю

9)Құрт жасау

Билингвалды компонент:Сиыр-корова-cow

Сүт-молоко-milk

Айран-кефир

1-топ

-«Сиыр» деген сөзді буынға бөл?

-Неше әріп?

2-топ

-Қалай шақырады?

-Сиыр қалай дауыстайды?

3-топ

-«Сиыр» қандай жануар?

-Бір сөзбен қалай айтамыз?

-Сиыр тұратын тұрақты қалай атаймыз?

Дидактикалық ойын:«Мозаика»

«Сиырдың суретін құрастыру»

1 топ — Қара сиыр

2 топ — Ақ сиыр

3 топ — Қара ала сиыр

Сөздік жұмыс: «Түгі» (волос)

Түк-сүтқоректі жануарларға тән тері.Оның теріден шығып тұрған бөлігін түк сабағы,терідегі бөлігін түк түбірі деп атайды.

2-тапсырма.

I топ

Венн-

диаграммасы

II топ «Мнемо» кесте

III топ «Өтірік өлең»

құрастыру

Сергіту сәті

(ағылшын тілінде)

3-тапсырма

Әже:

-Балалар тапсырманы орындадыңдар ма?

-Балаларсендер құрт жасай аласыңдар ма?

-Құрттың қандай түрлері болады?

Әже:

-Балалар,енді бәріміз бірігіп құрт жасайық.

(Құрт жасап отырып жаңылтпаш,жұмбақ мақал-мәтел, есімізге түсіріп отырайық.)

-Қандай айран түрлерін білесіңдер?

Балалар шеңберге

тұрып ән

айтады.

Балалар

сәлемдеседі

№7«Бәйтерек»

тобы

Балалар топқа бөлінеді.

Балалар«Тілек» ағашынан суреттер алып топтасады.

құрт

сүт

айран

Балалар «құрт» туралы айтады.

Балалар «айран» туралы айтады.

Балалар «сүт» туралы айтады.

Балалар теледидарды көреді.

Бейнетаспадан көргендерін айтады.

Балалар қайталап айтады

2буын

4әріп

«Аухау-аухау»- деп шақырады.

«Мөңірейді»

-үй жануары

-төрт түлік мал

-қора

Балалар сиырдың суретін құрастырады.

Тыйым сөздер айту

-Сиырға қарап таяқ лақтырма.

-Сиырдың желініне теппе.

-Сиырдың тезегін баспа.

-Сиырдың аузына саусағыңды тықпа.

-Ақты төкпе.

Ест корова на лугу

Маки да ромашку,

Вкусным будет молоко

Чтоб сварить нам кашку!

«Мнемо» кесте арқылы ертегіні құрастырып айтады.

Суретке қарап өтірік өлең құрастырады.

Балалар қимыл қозғалыс жасайды.

Балалар:

-иә

-домалақ,сопақ-ша,үшбұрыш

Балалар құрт жасайды

Жаңылтпаш:

Ай, ай, Айдарбай

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар

«Биос»,

«Айналайын»,

«Фут мастер»

Рефлекстік

корр-ші

-Үй жануарларына не жатады?

-Үй жануарларынан біз не аламыз?

-Неге үй жануарлары деп атаймыз?

Тәриеші:балалар сигналды карточкалармен бағамызды береміз.

Балалардың жауабы

Жасыл,сары, қызыл.

Күтілетін нәтиже:

Білу:Үй жануарларының пайдасын білу.

Болу:Адамзатқа тигізетін пайдасы жайлы түсінігі болу.

Істей алу:жұмбақ,өтірік өлең, «мнемо» кесте,венн диаграмма,мейірімді

сөздер және құрт жасай алу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.