Тараз қаласы № 10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі Бекежанова Индира
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Әлеумет», «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, сурет
Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім»
Білімділік: Балаларға туған жеріміз Отанымыз туралы айтып түсіндіру. Дамытушылық: Еліміздің, Отанымыздың мақтанышы тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев туралы қызығушылығын дамыту:
Тәрбиелік: Елін туған жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Тұңғыш, мақтаныш
Билингвалды компониент: Отан- Родина – Motherland,
Ұлт – национальность – national
Елбасы – Президент — President
Заттық дамыту ортасы: Қазақстан Республикасының картасы,тұңғыш президентінің портреті, слайд, үнтаспа
Инновация: Ақпараттық, интеграция, гуманизация, денсаулық
Әрекеттер кезеңі | ТӘРБИЕШІНІҢ
ІС-ӘРЕКЕТІ |
Балалар іс-әрекеті |
Дәлелді түрткі болатын
Ұйымдастырушы Іздестіруші |
Шаттық шеңбер!
Арайланып ғалам бар, ағарып таң атты деп, Бір-біріне адамдар, айтып жатыр ақ тілек. Гүлге толып бар алаң,жұпар сепсе бақ тілек. Бір-біріне адамдар,айтып жатыр ақ тілек. Қ-сы Ағы жақсы ниеттің, бар адамға бақ тілек, Жарып шыққан жүректі, создің бәрі ақ тілек. Тәрбиеші: Алматы мен Астанам. Алматы мен Астанам Арудай әсем бас қалам Бірі-жас, бірі-бас қалам Сәулеті асқан басқадан. А.Оразбайқызы -Балалар сендер Отанымыз туралы қандайтақпақтар білесіңдер? -Балалар, біздің Республикамыз Қалай аталады? -Біз елімізді жақсы көремізбе? -Олай болса, осы еліміздің жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер? -Республикамыздың рәміздеріне не жатады? -Қазақстан жалауының авторы кім? — Елтаңбаның авторы кім? Сендер үнемі құрметпен аялап өтіңдер. Сонда сендер келешекте мықты азамат боласыңдар. Тұңғыш Президент күні қыстың бірінші күні мейреммен басталады. Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір үйдің баласындай тату өмір сүріп жатыр. -Қандай ұлт өкілдерін білесіңдер? -Қазақстандағы жергілікті ұлт? Сондықтан біз, Қазақстан Республикасын көп ұлтты мемлекет дейміз. -Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті. Туып –өскен жері Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Еңбек жолын 1960 жылы Темірау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Қазақ Кеңестік Социалистік Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистңк Республикасының алғашқы Президенті етіп сайлады. Президенті реттегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1990 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы қызметіне кірісті. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойлары аталып өтті.Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды.Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі-1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып журуміндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тау ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықтың өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан Қазақстандықтардың символына айнала білді. -Біздің еліміз, жеріміз көкөніске, жеміске, егістікке, табиғат байлықтарына өте бай. Серігу сәті: Ақ көгершін, көгершін Қолғанат құс сен едің, Бар, кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін, Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан |
Балалар бір біріне жылы лебізін білдірді
Балалар мұқият тыңдайды Балалар тақпақтарын айтады. -Қазақстан Республикасы -Жақсы көреміз Тілектерін айтады -Ту, Елтаңба, Гимн — Балалар авторын атайды Балалар мұқият тыңдайды -Қазақ, неміс, корей, түрік, ұйғыр және т.б. -Қазақ -Қазақ тілі Балалар мұқият тыңдайды Баланың жауабы Балалар қимылмен көрсетеді |
Рефлекстік
коррекциялаушы |
-Туған жеріміз, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
-Отан туралы тақпақ кім айтады? Өлең: «Елтаңбасы елімнің» -Өлеңде не туралы айтылған? Ұжымдық жұмыс -Біздің топта Нұрсұлтан есімді бала бар ма? Не үшін сенің атыңды Нұрсұлтан деп қойды деп ойлайсың? Ойын: «Кім жылдам» -Ал, елімізге сендер қандай тілек тілер едіңдер? — Бүгін балалар, тұңғыш Президентіміздің мерекесі бірінші желтоқсан. Елбасымызға қандай тілектер айтқыларың келеді? -Балалар, елбасымызкім? -Қандай мерекені тойладық? Балаларды мадақтау Көрме: «Астана – Жас қала» |
1) Отан – жерім
Отан – суым 2) Отан қуат, нәр береді Балалар өлең айтады. (балалар туды құрастырады) Балалар тілек айтты 1)Аспанымыз ашық болсын! 2)Елімізде тыныштық болсын! Елбасымыз аман болсын! Н.Назарбаев денсаулығы мықты болсын. Н.Назарбаев атаға рахмет. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Еліміздің, Отанымыздың мақтанышы, президентіміз Н.Назарбаев туралы білу.
Болу: Отанымыз жайлы түсінігі болу.
Істей алу: «Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар!» өлең шумағын жаттай алу.