Тараз қаласы № 10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы
Логопед Есимова Гульжан Рысбаевна
Тобы: Ортаңғы топ
Тақырыбы: «Ғажайып табиғат»
Өткізу формасы: Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Коммуникация, Денсаулық, Таным, Шығармашылық, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Апликация, Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты:
Білімділік: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық-түзетушілік: артикуляциялық моторикасын, тыныс алуын, логикалық ойлауын, сөйлеуін саусақ моторикасы арқылы дамыту.
Тәрбиелілік: Балаларды табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.
Заттың даму ортасы:суреттер, слайд, фетр, лэпбук.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің барысы
Балалар залға музыка әуенімен кіреді.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Достар!
Қайырлы таң, Қонақтар!
Ұйымдастырушылық ізденістік
Педагог: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер жауабын тауып көріңдерші!
Күн күркіреп,
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың!
Балалар: Көктем.
Педагог: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше көктемде жылу беретін, шуағын шашып тұратын, жарқын бейне не екен?
Балалар: Күн.
Педагог: Жарайсыңдар, бірақ балалар біздің күніміз бұлт арасынан шыға алмай тұр екен! Қане күнге көмектесіп бұлттарды ұшырайықшы!
Тыныс алу жаттығуы: «Бұлттарды ұшыру» Мақсаты: балалардың тыныс алуын дамыту.
Педагог: Балалар, сендер көктемнің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Көктемнің әр ерекшелігі ойындармен берілген. (Фетрмен көктем туралы әңгіме құрау)
Балалар: Көктем келді. Күн жылынды.
Тіл жаттығуы: «Тіл серуені».
Педагог: Көктемнің тағы қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Балалар: Құстар жылы жақтан ұшып келді.
Балалар: Жәндіктер мен жануарлар ұйқысынан оянып, тіршілігін бастады.
Саусақ жаттығуы: «Қарға»
Дидактикалық ойындар: 1.«Жәндіктерді гүлге орналастыр» Мақсаты: Әр жәндікті түстеріне қарай гүл шоғырына орналастыу және санау.
2.« Тығылған жануарды тап» Мақсаты: Тығылып тұрған жануарларды тауып, атын атау.
3.«Құйрығын тап». Мақсаты: Берілген жануарлардың құйрығын тауып, бау арқылы жалғау.
Педагог: Жарайсыңдар, балалар көктемде жаңбырдан соң не шығады?
Балалар: Кемпірқосақ.
Дидактикалық ойын: « Кемпірқосақ» Мақсаты: Жаңбыр тамшыларын кемпірқосаққа түстеріне қарай жапсыру.
Тіл ұстарту:
Ян-ян-ян-секеңдеген қоян
Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю
Кі-кі-кі-айлакер түлкі
Қыр-қыр-қыр-бұл көкжал қасқыр
Қорытындылау:
Педагог: Балалар, бүгінгі оқу қызметінде қандай жаттығулар мен ойындар ойнадық?
Балалар: Тіл жаттығуы, саусақ жаттығуы, тыныс алу жаттығуын жасадық. Жануарлардың тығылған жерлерін, құйрығын табу ойынын ойнадық.
Педагог: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, сол үшін сендерге арналған сыйлығым бар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көктем мезгілі туралы
Игереді: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін
Меңгереді: Әңгіме құрастыра білуді