Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 2 «Айсұлу» бөбекжай
-бақшасының тәрбиешісі Кейкиева Зулпия Жұмабековна
Білім беру саласы; Таным Әлеуметтік орта Қатынас
Бөлімі; Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Адам еңбегінің нәтижесі.
Мақсаты; Балаларға киім, аяқкиім, жиһаздар, техникалар, ойыншықтардың барлығы адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Ересектердің еңбегін ойын әрекетінде қолдануға үйрету.Түрлі материалдармен ,олардың қасиетімен және сапасымен таныстыруды жалғастыра отырып, сұрақтарға ойланып жауап беру дағдыларын дамыту. Адам еңбегін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Заттың дамыту ортасы; Киім ,аяқкиім тігіп жатқан, жиһаз, үтік, т.б. заттар жасап жатқан адамдардың іс-әрекеті бейнеленген мазмұнды суреттер , әртүрлі бұйымдар.
Алдын ала жасалатын жұмыс; Киім, аяқкиім, электротехникалық құралдар,шикі зат т.б. түрлерінен көрме ұйымдастыру.Үйде кір жуатын машина мен үтіктің жұмыс істеуін ата-аналарымен бірге бақылау.
Әдіс-тәсілдері; Сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Сөздік жұмыс; Жасайды, еңбек етеді, тазалайды.
Билингвалды сыңары; Киім-вещи, еңбек-труд, жұмыс-работа.
Оқу қызметінің барысы; Шаттық шеңбері
Гүл өсірсең, терлеп мұның аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп мұның аты еңбек
Қырға шықсаң, өрлеп мұның аты еңбек
Қиындықтың бәрін еңбекқана жеңбек
-Балалар, қазір біз көрмеге барамыз.Сендер мұқият қарап ,көрмеден не көргендеріңді естеріңе сақтап алыңдар.
-Мынау не ? (жиһаздарды көрсетеді шкаф,теледидар, орындық диван т.б )
-Олар неден жасалған?
-Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз?
Ал мынау не? (үтік,теледидар, кіржуғыш машина )
-Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз ?
-Мыналар нелер? (қант,макарон,сусындар т,б )
-Балалар осы көрсетілген заттарды кімдер жасайды
-Дұрыс айтасыңдар , күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың барлығын да, ойлап табатын да адамдар екен .Біз бүгін осы заттардың қалай пайда болғандығы жайлы әңгімелейміз.
-Кірді қалай жуып жатыр
-Үйдің ішін немен сыпырып жатыр
-Яғни , бұрын барлық үй шаруасын адамдар қолмен атқарған екен.Кір жуу, үй тазалау,от жағу сияқты жұмыстар уақытты көп алатын да демалуға уақыт мүлдем аз болатын.Соған бауланысты адамдар жұмыстарын жеңілдету үшін кір жуатын машинаны, шаңсорғышты,ыдыс жуатын машына ,толқынды пешті т.б ойлап тапқан балаларға көрсетіп айтып түсіндіріледі.
-Балаларға ойыншықтармен жиһаздардың бұрын қалай жасалғандығы, ал қазір қалай жасалатындығы туралы айтып түсіндіріледі.
-Осының бәрі адамдардың еңбегі екен, гүлге су құйсақта, ыдыс жусақта еңбектенеді екенбіз.
Сергіту сәті; Мен ұқыпты баламын,айтқан тілді аламын.
Кірлеп қалса киімім, өзім жуып аламын.
Едендегі шаңдарды, шаңсорғышпен сорамын.
Ойыншықтарды орнына ,жинастырып қоямын.
Ғажайып сәт; Қонаққа балабақша аспазшысы келеді. Сәлемдесіп қонақты қарсы алады.
Аспазшы апайдың еңбегі жайлы айтып өтіледі.
-Балалар бізге тамақты кім пісіреді екен
-Біз қандай тамақтар жейміз бала бақшада
-Тәтті бәліш,сорпа, картоп езбесі,әр түрлі шырындар т.б.
-Осының барлығын кім бізге дайындайды екен ,әрине аспазшы апай.
-Бізге жасап жатқан аспазшы апайдың еңбегі екен балалар ,сол үшін ол кісінің еңбегін бағалауымыз қажет екен.Ал енді аспазшы апайымыз бізге түскі ас әзірлеу керек екен , олай болса біз мақал- мәтел айтып берейік.
Мақал-мәтел; Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті.
-Аспазшы апайымыз бір демалып қалғанын айтып қоштасады.
Д/о; « Асханаға қажетті заттарды тап»
Балалармен жеке жұмыс
Қ/о; « Бір сыңарын табайық»
Балалардан сұрақ-жауап алу арқылы қортындылау мақтап мадақтау.
Күтілетін нәтиже;
Біледі; Киім ,аяқкиім,жиһаз, тұрмыстық заттар, т.б. адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігін
Игереді; Осы заттардың жасалу жолдарын.
Меңгереді; Еңбектің нәтижесінде пайдалы және қажетті өнім алатынын, ересектердің еңбегін бағалауды.