Жаңа сабақтар

Муфтуллина Асем Борангалиевна

БҚО.Казталов ауд.Әжібай ауылы. «Ақтілек» бөбекжайының тәрбиешісі:

Муфтуллина Асем Борангалиевна

Тақырыбы: «Рәміздерім мақтанышым» Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды,Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Балаларға рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға,рәміздердің әр элементтерін,бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд, ведио, ұлттық киімдер мен жалаушалар, көгершін.

Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар.4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру .тақырыбындағы әңгіме сағатын бастаймыз.

4-маусымҚазақстан Республикасының рәміздер күніне байланысты слайд көрсету Бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы. Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес,көк түс әрқашан бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен,дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық,биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі. Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырақ еліміздің біртұтастығын,мемлекеттік бастауы,отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір,болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы,самғау биігі. Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша екен Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні.Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әні жазған Шәмші атамыз.Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды,оны барлығымыз орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

Дидактикалық ойын: «Өз туынды тап» Шарты: (Әуен ойналады) балаларға әр түрлі мемлекеттің тулары беріледі. Өз мемлекетіміздің туын тауып беру керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Тәрбиеші: Осымен 4Маусым-Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған әңгіме сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Тақырыбы«Құмның қасиеті»І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз.

ІІ. Негізі бөлімі:

Балалар табиғат дегеніміз не?

Табиғат екіге бөлінеді. Жанды жансыз табиғатқа.

Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа не жатады?

-Дұрыс адамдар,құстар,жануарлар.өсімдіктер,ағаштар. Яғни,көбиетін,қоректенетін,өсетін жандар жанды табиғатқа жатады.Ал жансыз табиғатқа не жатады?

Жұмбақ жасыру:

Жер бетінде жатады

Онымен ойнайсың

Әр түрлі мүсін жасайсың.

Балалар бүгін сендермен ғалымдар боламыз.Ал ғалымдар деген кім?

Дұрыс,бүгін сендермен құмның қассиетін зерттеуге барамыз.

Қазақстан еліміз шөлді далал бар екен.

Ол жерде шөлге төзімді жануарлар ғана мекендейді.мысалы: түйе. кесіртке,құрт т.б

Ал өсімдіктерден сексеул деген шөп өседі.

Балалар қарандаршы құмдар төбешіктер болвп жатыр.

Құммен жұмыс жасамай тұрып қауіпсіз ережесін еске түсірейік.

Тәжрибе№1

Ыдыстағы құмды тутікше арқылы үрлейміз.желдің әсерімен жылжып төбешіктерге айналады ия.

Енді ылғалды құмды байқайық,құмды үрлеп көрейік үрленбейді.

2тәжрибе

Жақын көрсететін шынымен қарап құмның пішіндерін анықтайық.

Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.құмның түсі қандай? Сары, ақшыл ,ал ылғалды құм қаратүсті.

Сергету сәті:

Күн болып жанайық

Мөлдір судай ағайық

Гүл болып жайнайық

Терең-терең домалап

Жүргіріп-жүгіріп алайық.

-Балалар магнитке не жабысады? Темір

-Енді құмға магнит салып байқап көрейік Әсер етеді өйткені құмда темір құрамы бар екен.Енді стакандағы суға «воронка» қасықпен құм салайық,не байқадық тесіктен өтіп кетті су сияқты ия. Яғни құм сусымалы және ол суға батып кетті ,ол ауыр екенін байқадық

-Ал құмды не үшін пайдалануға болады?

БҚО.Казталов ауд.Әжібай ауылы. «Ақтілек» бөбекжайының тәрбиешісі:

Муфтуллина Асем Борангалиевна

Тақырыбы: «Ана мен бала» Мақсаты: Қазіргі заман ата-анасымен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата-ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.Керекті құралдар: аналардың көзін жұму, балықтың суреті, 1-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,тәрбиеші ұстаздар, балалар! Бүгінгі ана мен бала ток шоуына қош келдіңіздер.Сіздерді 8наурыз аналар, әжелер ,қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын, дендеріміз сау болсын,отбасыларынызға амандық тілейміз! 2- Жүргізуші:Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді ! Армысың ақжаулықты әжелерім, Ақылы дариядай кемеңгерім Ардақты аналардың мейрамында

Қошеметпен тобымызға келе бергің 1- Жүргізуші -Бүгінгі ток шоуымызға қатысып отырған аналарымызды таныстырып өтейін: 1. «Ақдәулеттің анасы Қабылханова Алтынгүл бірге шақырамыз 2.Еркеназдың анасыМендигулова Жанылсын. бірге шақырамыз 3. Ерназардың анасы Қосалиева Алина бірге шақырамыз . 4.Айтухамбеттің анасы Отарова Айжан бірге шақырамыз 5.Өркеннің анасы Айтимова Ақтолқын бірге шақырамыз Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

2-Жүргізуші: І кезең. «Көздерін жұму» (5минут)

ІІ кезең. «Балық жинау» 15 минут ІІІ кезең. «Сетуациялық сұрақтар»5 минут

ІV. кезең: «Шар жинау» 10минут

Vкезең: «Мен суретшімін.» 15 минут

VІ кезең «Қызықты сұрақтар» 5 минут

1Жүргізуші: «Көздерін жұму» Ойын шарты: Анасының көзін жұмып, өзінің баласын иіскеп немесе сипап арқылы табу керек.

2- Жүргізуші ІІ кезең. «Балық жинау» 15 минутОйын шарты:Қай бала көп балық жинайды, сол баланың балығын санайды жеңімпаз атанады .1- Жүргіуші: ІІІ «Сетуациялық сұрақтар» 1. «Балаңыз машина алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?» 2.«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, балабақшаға бармай ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

3.Баламен сөйлесе білуде үлкен өнер, мысалы түн неге қараңғы,күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,….деген сұрақтары көпқоятын болса,жауап беруге тырысасызба,әлде елеусіз қалдырасызба? Сіздің әрекетіңіз?»

4.Балаңыздың өнері,қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі балқалса,не істер едініз? Сіздің әрекетіңіз? 5.Балаңыз қандайда бір теріс әрекеттер көрсетсе, не істер едініз? Сіздің әрекетіңіз?»

2- Жүргізуші ІV кезең. «Шар жинау» 10минут

Ойын шарты: Қай бала көп шар жинайды, сол баланың шарын санайды жеңімпаз атанады

1- Жүргізуші V кезең. «Мен суретшімін» 1. Анасы баласының айтқан бейнесін ақ парақ бетіне көздерін жұмып отырып салады.

2- Жүргізуші VІ . «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай ойыншық түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 10.Баланызды үйде қалай еркелетесіз?

1Жүргізуші Жарайсыздар ата-аналар. Бүгінгі Аналар мен бала ток шоу өз қорытындысына келіп жетті.«Ақ сүті оның өтеусіз жәй қала ма?
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға
О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасыңдағы, кәрің де
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар Ана деген тәңірге!» (А. Шәмкенов)

Балаларымыздың өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына ұсынады.

Ата-аналарды мадақтау.

БҚО.Казталов ауд.Әжібай ауылы. «Ақтілек» бөбекжайының тәрбиешісі:

Муфтуллина Асем Борангалиевна

Текскрілді:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.