Кыдырбекова Молдир Канатовна
ШҚО «Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КҚМК
Тәрбиеші: Кыдырбекова Молдир Канатовна
1.«Жеміс бағына саяхат» Экология негіздері ашық оқу қызметі.
Білім беру саласы:Таным
Тараулары:Экология негіздері
Тақырыбы: «Жеміс бағына саяхат».
Сабақтың мақсаты:Балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Балалардың сөздік қорларын дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап, сергіту сәті, слайд.
Сөздік жұмыс:Бақ.
Блингвальды компонент:бақ-сад, жемістер-фрукты, өнім-урожай, алхоры-слива.
| Әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің әрекеті | Балалар әрекеті. |
| Танымдық оятушылық | Шаттық шеңбер.
Қуанамын менде Қуанасың сенде Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
Балалар қосылып айтып,қимылдарымен көрсетеді. |
| Ұйымдастыру-іздестіру | Ғажайып сәт:
Есік қағылып қолында себеті бар Күз ханшайымы келеді. -Күз ханшайыммымен балалар амандасады. Күз ханшайымы: -Балалар, біз бүгін саяхатқа шығамыз, ал қайда баратынымызды мына себет арқылы анықтаймыз. Себеттегі жемістерді бір-бірден алып шығады. -Мынау не? -Ал мынау не? -Пішіні қандай? -Мынау ше? -Түсі қандай? -Ал бұлардың бәрін біз бір сөзбен қалай атаймыз? -Жемістер қайда өседі? -Өте жақсы! Біз сендермен жемістер бағына саяхатқа барамыз. Күз келді, сондықтан да пісіп тұрған жемістерді жинап алатын кез келді. Күзгі өнімге күзде піскен барлық жемістер мен көкеністер дәнді дақылдар жатады. Бақ– жеміс ағаштары өсетін жер. Блингвальды компонент:бақ-сад, жемістер-фрукты, өнім-урожай, алхоры-слива. Жемістер туралы жұмбақтар жасыру Допқа ұқсайды өзі Қызғылт сары түсі (Апельсин) Терісі қалың, дәмі қышқыл Түсі-сары, Еті-дәрі (Лимон) Көктемде ақ гүлге оранады Күзде қолға доп болып оралады (Алма) Ілініп тұрған шарлар Күн көзімен көгерер (Алхоры) Сергіту сәті: Жел соғады бетіме Ағаштарда желпілдеп Жел тына қалған кезде Ағаштар биік болып көрінеді Ұжымдық жұмыс: Үш жеміс талына біреуіне алма, ал екіншісіне алмұрт, ал үшіншісіне алхорыны жапсыру. |
-Сәлеметсіз бе!
-Алма -Домалақ -Алхоры -Күлгін -Жемістер -Ағашта Балалар қайталайды. Бақ-сад Жемістер-фрукты Алхоры-слива Жұмбақтардың жауабын айтады Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды. Балалар ұжымдық жұмыс жасайды. |
| Рефлексивті түзету. | -Жарайсыңдар, балалар!
Күз ханшайымы сау бол айтып шығарып тастайық. -Алманың пішіні қандай? -Түсі қандай? -Алмұрттың ше? -Алхорының түсі қандай? -Пішіні ше? Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. |
-Домалақ
-Сопақ -Күлгін Домалақ |
Күтілетін нәтеже:
Орындайды;Жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауға арналған тапсырмаларды ;
Түсінеді:күз мещгілі және оның ерекшелігі туралы ұғымды:
Қолданады:әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп, оларды анықтай алу дағдыларын
Ұйымдастырылған оқу қызметі.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: 4 саны және цифры.
Мақсаты: Балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру. Сандар туралы түсініктерін дамыту. 4 саны туралы ұғым беру. Ой-өрісін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Санамақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Балаларды алғырлыққа, зеректікке достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: Сандар, үлестірмелі сандар, таяқшалар ,жыл мезгілінің, төрт түліктің,шаршының т.б суреттер. .
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушылық | -Балалар қараңдаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келді. Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екен. Ал келген қонақтармен амандасып алайық. Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылсын Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басығой Ал, қанеки бәріміз Амандасып алайық Сәлеметсіздер ме Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning! |
Балалар келген қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбер жасайды. |
| Ұйымдастыру іздестіру | -Балалар өткен оқу іс-әрекетінде танысқан сандарды тақпақтар арқылы еске түсірейік. -Сандар туралы кім тақпақ біледі? Тақпақтар: Аида: «1»-ге ұқсайтын бұл не? Ол –кәдімгі ине Сабақтап жіп іл де, Қада онымен түйме (1 санын тақтаға ілу) Сезім М: Айдын көлдің бетінде Мойнын иіп жүзгенде, Бұл аққу ма, «2» ме? Деп қаламыз біз кейде. (2 санын тақтаға ілу) Абзал: Бабалар қару- жарағы Жебесі мен садағы. Жауларын атса жусатқан. Садақты «3»-ке ұқсатам.(3санын тақтаға ілу) Дидактикалық ойын: «Заттың санын санмен сәйкестендіру» (Суреттегі заттың санына сәйкес сандарды қалташаға салады.) -Өткен оқу іс-әрекетінде қандай сандармен таныстық? Оларды тура және кері санайық. 4 саны сандық қатарда 3 санынан кейін тұрады.4 санына байланысты 4 түлік, 4жыл мезгілі, шаршының 4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі бар екен. -4 санын алдымызда тұрған үзік сызықтар ды бастыру арқылы жазып үйренеміз. Неше қоян болды? Орнымыздан тұрамыз, Сау болыңдар. |
Балалар өткен оқу іс-әрекетің тақпақтар арқылы еске түсіреді.
Аида Сезім Абзал -1,2,3 -Күз, қыс, көктем, жаз -Сиыр, қой, жылқы, ешкі -4 -2 -Сәбізді -4 -3 Балалармен қоянмен бірге сергіту сәтін жасайды. -Сау болыңыз. Алдарыңдағы таяқшалардан 4санын, шаршыны құрастырады. |
| Рефлексивті түзету | -Балалар бүгін біз қандай санмен танысытық?
-4 саны сандық қатарда қай саннан кейін тұрады? -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетін «Санамақ» айту арқылы қорытындылайық. Сендердің көргілерің келеме? |
-4
-3 -Иа |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 4 цифрын және санын;
Игереді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді
Меңгереді:4 цифры туралы түсінікті.
—
Зайтуна Есмаганбетова
