Канафьева Жанна Ирджановна

ШҚО «Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КҚМК

Тәрбиеші: Канафьева Жанна Ирджановна

Табиғат- менің бөлшегім.

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Тараулары:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы.Табиғат менің бөлшегім.

Білімділік мақсаты:Ашық тәрбие сағатының масаты,табиғатпен адам арасындағы байланыс туралы және табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту.Жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.Өзін-өзі тану,табиғатта өз орнын білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты:Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдыларын,табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Табиғат әлеміне жылулық сезімін тәрбиелеу,оны аялауға,күтіп-баптауға тәрбиелеу,қоршаған ортаға қамқорлық қарым-қатынас қажет екенін түсіндіру,ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру.сұрақ-жауап,слайд қарау,аудиожазба,жыл мезгілдерінің дыбысы,понтамимо,компьютермен жұмыс,дидактикалық ойын «жақсы,жаман».

Көрнекіліктер:Слайд «Табиғат- менің бөлшегім»,аудиожазба-жыл мезгілдерінің дыбысы, мольберт,жыл мезгілдерінің суреті,компьютер,күннің макеті.

Шаттық шеңбер.

Сәлеметсіңдер ме балалар,күніміз қуанышқа толы болсын деп шаттық шеңберін жасайық.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейікші жараса

Сәлем саған жер ана

Сәлем саған нұрлы күн

Аман-есен болайық

Бейбітшілік жараса.

Адам табиғаттың бөлшегі.Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді.Табиғат барша адамзаттың ортақ үйі.Қазір тақтаға назар аударайықшы.Табиғат сұлулығын тамашалайық.Балаларға слайд арқылы табиғаттың көріністерін көрсету.Адамзат,жануарлар,құстар,өсімдіктер барлығы табиғатпен тығыз байланыста.Табиғаттаң көркі ағаштар мен өсімдіктер,таулар мен өзен-сулар.Сусыз тіршілік жоқ,суды бәріміз қолданамыз.

Барлық тіршілік иелері ауамен дем алады.

Қәнекей барлығымыз тереңнен тыныс алайықшы.Өздерің тыныс алған ауаны бақылап бақытқа,тыныштыққа толы таза шипалы ауаны бойларыңа толғанын сезініңдер.Жыл мезгілдеріне қарай табиғатта өзгерістерге ұшырайды.

Жылдың неше мезгілі болады?

Балалар жауабы:

-Төрт мезгілі.

Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктері болады.

Қазір барлығымыз аудиожазбадан тыңдап көрейікші табиғаттың дыбыстарын,сол дыбыстарды есту арқылы мына мольбертке жыл мезгілдерін бейнелейміз.

Балалар аудиожазбадаға дыбыстарды тыңдайды.

-Біз не естіп тұрмыз?

Балалар жауабы:Боранның аяздың дыбысын

-Ол қандай мезгілге тән?

Балалар жауабы:Қыс мезгіліне.

Олай болса қыс мезгілін бейнелейік.Жапалақтаған қар,аққала,шана сүреген сәби.

Келесі дыбысты тыңдайық.

-Қандай дыбыс естіп тұрмыз?

Балалар жауабы:Судың ағысын,құстардың шулағанын.

Дұрыс айтасыңдар балалар,бұл қай мезгіл?

Балалар жауабы: Көктем айы.

Көктем мезгілін бейнелеп көрейікші.

Келесі дыбысқа нараз аударайық.

Не естіп тұрмыз?

Балалар жауабы:Құстардың әсем дыбысы,өзеннің сылдыры.

Жақсы балалар бұл қандай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Балалар жауабы:Жаз мезгілі.

-Олай болса жаз мезгілін бейнелеп көрейікші.

Енді келесі дыбысқа назар аударып тыңдайықшы.

Не естіп тұрмыз?

Балалар жауабы:Күн күркіреп,жаңбыр жауып тұр.

Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Балалар жауабы:Кұз айы.

Жақсы балалар енді күз мезгілін бейнелейік.

Жақсы балалар біз жыл мезгілдерінің көріністерін бейнеледік.Күннің жылу шашуы әр мезгілде әр түрлі боладыҚыста күн шуағын аз төгеді,ал жаз мезгілінде күн шуағы молынан төгеді.

Компьютермен жұмыс.

Балалар компьютермен күннің суретін салады

«Пантомимо» ойыны

Қимылмен мен айтқан табиғат құбылыстарын бейнелейміз.

Биік тал болып жайқалайықшы.Құс болып ұшайықшы.Күзгі жапырақтар сияқты жерге қонайықшы.Қар ұлпалары секілді ұшайықшы.Балалар біз табиғатты аялап,қорғауымыз қажет.Мына талға назар аударайықшы неліктен бұл талдың бір жағы жасыл,ал екенші жағы құрап кеткен деп ойлайсыңдар.Өсімдіктерді суғарып күтсек,ол әдемі болып өседі,ағашқа дұрыс қамқорлық жасамай,бұтақтарын сындырып зиян келтірсек ағаш тіршілігін тоқтатап қурап қалады

«Жақсы,жаман» ойыны.

Балалар тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып,табиғат көрінісін бейнелей отырып,тиым сөздер айту.

Гүлді жұлуғу болмайды,гүлді аялау керек

Ағашты кесуге болмайды,ол бізге таза ауабереді.

Суды ластауға болмайды,сусыз өмір жоқ.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қорытындылау.

Күн- саған шуағыңды төккенің үшін рахмет.

Бұлт саған жаңбыр сепкенің үшін рахмет.

Тал саған көлеңкең үшін рахмет.

Су саған нәрің үшін рахмет.

Қорытындылай отырып жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

—
Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше