Жаңа сабақтар

Утешова Карлыгаш.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Глобусты қалай қолданады? Мектеп: Атырау қаласы.Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Күні : Мұғалімнің есімі: Утешова Карлыгаш.
СЫНЫП: 3 «Б» сынып Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны: 0
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пі шінін анықтау;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіндіру.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар:
  • (әр топқа біреу);
  • түсті түймелер.
Күтілетін нәтижелер:
  • танысады;
  • глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;
  • құрлықтар мен мұхиттарды табады.
Сабақтың мақсаты: 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші рейтілген моделі.

Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді.

Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар.

Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын.

ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы.

  1. Психологиялық дайындық.

Аудио жазба:Оқушылармен бірге сәлем 3-тілде.

  1. Оқушыларды топқа бөлу, отырғызу.

1-топ:Альпинистер—тау

2-топ:Теңізшілер—қайық

3-топ:Орманшылар—орман

3.Фернан Магеллан,Мартин Бехайм туралы түсінік беру (суретін көрсету,өмірімен таныстыру,алғашқы глобус суретін көрсету)

4.Картамен жұмыс:Қазақстанды табу(4 мұхит,6 материк)

  1. Бейнеролик «Күн жүйесі планетала

А) Астрономия нені зерттейді? ( Жауабы: Астрономия — аспан денелерін, олардың құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым.

Ә)Ерте замандағы адамдарға күнтізбе не үшін қажет болды?

Б) Жұлдыздарға қарап бағытты бағдармен қандай күнтізбе құраған? (Ай күнтізбесі)

В) Қазіргі кезде ғарышты қалай бақылайды?

Г) Алғашқы телескоп туралы не білеміз?

Ғ) Ерте заман адамдарын қандай ой толғандырған?

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескертіңіз. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар қойыңыз:

— Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет?

— Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма?

Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

— Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

— Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой. Олар “Мұндай модель — глобус.

Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі

Топпен жұмыс (өз топтарының кішірейтілген моделін жасау)

Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыныңыз. Кейбір оқушылар сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраңыз.

Екі өтірік,бір шындық әдісімен

—Ертеде адамдар Жерді төртбұрыш деп ойлаған (ө)

—Біздің ғаламшарымыз Жер деп аталады (ш)

—Ғарыштан қарағанда Жер өте кішкентай,қызғылт,сопақша тәріздес көрінеді (ө)

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар
Математика. Модель сөзін математикамен байланыстырады.

Көркем еңбек. Ермексазбен жұмыс. Бөлменің моделін салады және картадан құрлықтар мен өзендерді, көлдер мен мұхиттарды тауып бояйды.

Зерттейік.

«Кір жаятын жіп» әдісімен:

1.Біздің ғаламшарымыз қалай аталады?

2.Шар пішінді денелерді ата.

3.Жер мен шар несімен ұқсас?

4.Адамдар Жер пішінінің қандай екенін қайдан білді?

5.Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады?

Бейнеролик «Жер туралы»

Сергіту сәті

Бағалау Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады.

Сұрақтар бойынша әңгімелесу

  • дегеніміз не?
  • бізге не үшін қажет?
  • пішіні қандай?
  • басым бөлігі қандай түстермен боялған? Неге?

Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қажетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құрлық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсінгенін жұмыс барысында бақылаңыз

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.