Жаңа сабақтар

Жаңаша оқыту — жетістік көзі

Бакылова Айгүл Таукулыевна
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
ШоқанУәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді.Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
«Инновация» сөзі латынның («жаңашылдық», «өзгеріс») деген ұғымдарына сәйкес келеді.Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеулерінде атап көрсетті.Олар Р.А Дюсупова,А.М Саранов және басқада ғалымдар еңбегінде көрініс табады.Бұл үшін еңбастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру керек.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс- әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады;

ізгілікті филасофия, философия ғылымы,ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы
мұғалімнің өз пәні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі,меңгеруі және оны өз тәжірибесінде қолдануы жатады
мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі,педагогика,психология,дидактика,педагогикалық инноватика бойыншажаңа білімдері
мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын,сыныптан,мектептентыс жұмыстарды өткізу әдістемесінбілуі жатады
2.Жаңаны ендіру, жасап шығу,яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;
5.Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі,осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады.Осы кезеңде бұдан да тиімді балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады
4.Жаңаны тарату кезеңі
3.Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып,өңдеп,толықтырып,тұрақты,нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;
1.Жаңа ұғымды ашу,бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасыныңпайда болу кезең,ғылымиіргелінемесе қолданбалы зерттеулердіңнәтижесі;

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер; Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар; Үшінші әдістемелік бөліктеріне .Төртінші технологиялық бөлігіне.Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі,меңгеруі,пайдалануы да кіреді.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық мазмұны біртұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру,ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу,педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін ашуды,үйренуді мақсат етеді.А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс – жаңаны құру,тарату және қолдануға бағытталған процесс,оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»-деп атап көрсетеді.(1)Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады.Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынандай кезеңдері анықталған;

6.Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты,бұрынғы қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.

Жаңашыл жүйеге,үрдіске,құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы.Бүгінгі таңдағы,бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану,ана тілі,әдебиет сабақтарына; топқа бөліп оқыту,рөлдік ойын элементтерін,пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері;
— «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым»,т.б:
— «дөңгелек үстел», «брифинг», «презентация», «аукцион»,т.б;
— кино, теледидар,бейнетаспа сабақтар т.б;
-пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы т.б Дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңашыл әдістерін пайдалану жолдарын нақты сабақ жоспары арқылы қарастырайық.Мәселен, 2сыныпта Дүниетануды оқытуда «Сыйға-сый.Мен және басқалар.Әдептілік» туралы сабақта әдептілік,тәрбиелік сияқты түсініктерді ашып көрсету арқылы cыйлаушы азамат тәрбиелеуге септігін тигізуге басты назар аударылады. Оқушылар оқулықпен топ құра жұмыс жасайды.Тақырыптағы мәтінді соңына дейін оқып танысады.Осы мәтін төңірегінде мәлімет даярлау тапсырылады. Оқушылардың зеректілігін дамыту үшін мұғалім оқиға туралы айтып тұрған оқушының сөзін кез- келген жерінен үзіп,басқа топқа одан әрі жалғастыруды тапсыру керек.Бұл сайыстағы оқушылардың жауаптары мынандай сапа бойынша бағаланады. — мазмұндылығы;
— жүйелілігі;
— ғылыми нақты фактілерді пайдалануы;
— қосымша материал қолдануы;
— ойдың жалғасын табуы;
— өмірмен байланысы.
Қорытынды да,әр оқушы берілген тапсырманы дауыстап оқиды,тапсырма бойынша жауап дайындайды,ондағы негізгі ойды тауып,талдау жасалады
Оқытудың ең көп таралған формасы-шағын топтармен жұмыс істеу.Оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері мұғалімнің мақсатын-оқушыларды бірлескен танымдық белсенді танымдық қызметке қатыстырудың қажеттігін анықтайды.Топтардағы жұмыс үш технологиялық қайталаумен сипатталады.
Бірінші оқыту проблемасын жолға қою және оған кірісу,яғни жұмыс процесін ұйымдастыру.Сол арқылы оқушылардың оқуға белсенділігі артады.Оқушылардың ішкі мақсаттарының алғашқы міндеттері жүзеге асырылады.Екінші туындаған мақсатты орнықтыру үшін дербес іс әрекеттің нақты өрісі ұсынылады. Оқушылар шығармашылық ықшам топтарға бөлінеді де,шағын топтардағы қарым қатынас арқылы өзінің ішкі мақсатын іске асырып мұғалім көтерген оқу проблемасын сезінеді,іздегенін анықтайды,оны шешу үшін бірлескен қызмет тәсілдерін әзірлейді,мақсатын жүзеге асырады.Үшінші жалпы талқылау..Мұғалім оқушыны бағалайтын өлшемдерді әзірлеуі керек. Мұғалімдер жаттығуларды жиі-жиі және тұрақты пайдалануға болады.Бірақ бұл ретте баға қоймай,оны балалардың білімін тексеруге мүмкіндігі мол сабақтардың үлесіне қалдыра алады.Олар үшін жаттығулар дегеніміз-балаларды дамыту тәсілі ,ұжымда,топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігі,сөйлеуді, аналитикалық қабілеттерді жетілдіру мүмкіндігі. Сонымен бірге оқыту процесін түрлендіріп,оны жандандыратын бір проблеманы шеше отырып, сондай-ақ жаттығулар кезінде балалар көрсеткен білімдер мен икемділікті бағалаудан бас тартып,мұғалім басқа бір проблемаға тап болуы мүмкін. Балалар «ойнауға» дағдыланып,оқытудың «ойынсыз» формаларын ықылассыз қарсы алады,ал өздерінің жұмыстары бағаланбаса,жаттығулар кезінде мұғалімнің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындаудыңміндетті емес екені туралы проблема пайда болады.Сондықтан белгілі бір жаттығуды бағалаудың белгілі бір формасын тапқан дұрыс. Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2.Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

4.Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет5.

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бакылова А.Т

Сабақ тақырыбы Жер сфералары дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

Көптеген оқушылар: жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

Кейбір оқушылар: жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Бағалау критерийлері жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

жердің қандай қабықтары болатынын білесің.

жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:

Сфералар, биосфера, литосфера, гидросфера, атмосфера.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер сфералары неден құрылған?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды.

Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.

Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: (қызыл түсті)
2-топ (сары түсті)
3-топ (жасыл түсті)

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Еркін талқылау» Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін.

  1. Адамдар егін шаруашылығымен не үшін айналысады?
  2. Қазіргі егін шаруашылығын бұрынғы егін шаруашылығымен салыстырады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

«Еркін талқылау» сұрақтары.

Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.

«Жеміс себеті»

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Оқушылар берілген ресурс бойынша түсінгендерін айтып шығады.

Жер сфералары неден құрылған?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Дескриптор:

  • сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.
  • қандай қабықтары болатынын білесің.
  • әр қабығы неден құралатынын анықтайды.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Зертте. Жұмысты топта ұйымдастырыңыз. Ол үшін әр топқа пазл жиынтығын бөліп беріңіз. Зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын оқушыларға Жер қабаттарының атаулары грек сөздерінен шыққанын айтып беріңіз. Зерттеу жұмысын орындау үшін оқушыларға әр қабатта орналасқан нысандар мен пазлдарда жа-

зылған сөздер арасындағы ортақ белгілерді табу керек. Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай отырып, оқушылар олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындай алады.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:

• Пазлдарды қабаттардың грекше атаулары олардың орысша аудармасымен сәйкес болатындай етіп жинау.

• Әр топтың жұмыс нәтижелерін салыстыру, талқылау, мұғалім ұсынған нәтижемен салыстыру.

• Қабаттардың грекше атаулары, «сфера» сөзі жазылған пазлдар мен бос пазлды қосу. Бос (таза) пазлда пиктограмма суретін салу.

• Тақтаға пиктограммаларды орналастырып, олардың әрқайсысы неге солай салынғанын түсіндіру.

Зерттеуді орындай отырып, оқушылар қабаттардың аттары әр қабаттың нысандарына тән ортақ белгілер- ден шыққанын түсінеді. Пиктограммаларды құру әр қабатта не орналасқанын есте сақтауға мүмкіндік береді

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

Сергіту сәті

«Психология

лық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады. Оқушылар сергіту сәтін жасайды.
Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Плюс, минус, қызықты»

Плюс Минус Қызықты
Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері Ұнамады, түсініксіз болып қалды Барлық деректер мен әдістер қызықты

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім ағашы»

Білім ағашына жапырақтар ілу

Түсіндім –жасыл жапырақ, сұрағым бар- көк жапырақ, түсінбедім – қызыл жапырақ.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

«Плюс, минус, қызықты» тапсырмаларға арналған кестелер

Білім ағашының суреті, стикер.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.