Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Преснов жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сарина Эльмира Тулемисовна
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«1-бөлім: Жануарлар Күні: 16. 10. 2019ж СЫНЫП: 4 «А» |
Мектеп: Преснов жалпы орта білім беру мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Сарина Эльмира Тулемисовна Қатысқандардың саны: 15 Қатыспағандардың саны: 0 |
||
Ашық сабақтың тақырыбы | Неліктен әр жануардың қорегі
әртүрлі болады? |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату. | ||
Сабақмақсаттары | Барлық оқушылар: Жануарлар туралы біледі
Оқушылардың басым бөлігі: Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларын ажырата алады, атауларын біледі. Кейбір оқушылар: Өсімдікқоректі және жыртқыш аңдардың қорегі туралы әңгімелейді. Жануарлардың тіршілігін зерттейді. |
||
Бағалау критерийлері | Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырата алады;
Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді; |
||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
өсімдікқоректі жыртқыш Талқылауға арналған сұрақтар: |
||
Құндылықтарды дарыту |
топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық; |
||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану пәнімен байланысты | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бунақденелілер қалай дамиды? | ||
Жоспар | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақ басы
2 мин 5 мин |
Ұйымдастыру.
Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті. Сәлеметсіздер ме? Психологиялық ахуал. Оқушылар бір — біріне сабаққа сәттілік тілейді. Өткенді қайталау -Бунақденелілер деген не? -Неге бунақденелілер деп атаған? -Мысал келтір. -Көбелектің даму кезеңін көрсету. |
Үш тілде амандасады
А4 қағаз суреттер |
|
Сабақ ортасы
5 мин 5 мин 5 мин Жаңа сабақ 10 мин Сабақтың соңы 3 минут |
Теректің «тұрғындары».
Оқушылар алдымен тапсырманың сұрағын оқып, жұпта орындайды. Олардың тізімінде тиін, тоқылдақ, қоңыз, шұбалшын, ақкөбелек, құрқылтай сөздері болуы тиіс. — Тағы да қандай жануарлар осы ағаштың бөліктерімен қоректене алады? -Әр жануар немен қоректенеді? -Барлық жануарлар тек осы теректе тіршілік етсе, не болар еді? Жануарлардың қорегі. Жыртқыш және өсімдікқоректі жануарлардың суреттерін көрсетіледі. — Бұл жануар қайда тіршілік етеді? -Қандай ортаға бейімделген? -Қандай белгілері бар? -Ол тіршілік ететін ортада қандай қорек түрлері кездесуі мүмкін? -Олай болса, бұл жануарды қандай топқа жатқызуға болады? Осыдан соң олар жануар топтарына анықтама береді және өз мысалдарын келтіреді. Жануарлар әртүрлі қорекпен қоректенеді. Сол арқылы ғана олар тіршілігін сақтап қалады. Себебі барлық тірі ағзалар бірдей қорекпен қоректенсе, қорек тапшылығынан жойылып кетер еді. Сонымен қатар қоректің бірдей түрімен қоректенетін жануарлардың арасында бәсеке шиеленісіп, олар бір-бірін жойып жіберуі де мүмкін. Жануарлар немен қоректенетініне байланысты өсімдікқоректілер және жыртқыштар деп 2 топқа бөлінеді. Өсімдікқоректілерге жеміс-жидек, гүл шірнесі, жапырақ, бұтақ, сабақ, тамыр, бал, гүл, шөппен қоректенетін жануарлар жатады. Өсімдікқоректілерде шөпті жұлып жеуге бейімделген өткір тістері болады. Ал жыртқыштарда жемтігін аулауға, оны жұлып жеуге көптеген бейімділіктері бар. Мысалы, оларға үшкір тістер мен ұзын мықты тырнақтар тән. Олардың дене бітімі де жылдам жүгіруге ыңғайлы, әсіресе, артқы аяқтарына тіреліп, алысқа секіру арқылы жемін қуып жүріп аулауға бейімделген. Зертте. Зерттеу жұмысы суреттердің көмегімен жүргізіледі. Онда балалар жануарлардың қоректенуге қалай бейімделетінін анықтайды. Оқушыларға жыртқыш жануар мен өсімдікқоректі жануардың суреттерін таратып беремін. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық 1. Жылқы мен сілеусін суреттерін зерделейді, бейімделушіліктерін анықтайды: тісін, тырнағын салыстырады. 2. Нәтижелерді тіркейді. 3. Қорытынды жасайды. Өсімдікқоректілер мен жыртқыштар. Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топтарға сөздер жазылған жолақшалар таратылды. Оқушылар алдымен берілген сөздерді зерделейді. Содан соң «Өсімдікқоректілер мен жыртқыштардың арасында қандай байланыс бар?» деген сұраққа жауап табуға тапсырма берілді. Ол үшін сызба-карта құруды ұсынамыз. Оқушылар сызба-карта негізінде өсімдікқоректілер мен жыртқыш жануарлардың тіршілігі бір-біріне тәуелді, себебі жыртқыштар өсімдікқоректілермен қоректенеді деген қорытынды жасайды. (Ө) Рефлексия: Бүгін мен білдім ……….. Маған қызықты болды ………….. Қиын болды………………. Мен түсіндім………………. Енді менің қолымнан келеді…………….. Мен үйрендім………….. Мені таң қалдырды…………. Мен жасап көремін…………… Үйге тапсырма Оқушылар тұратын жергілікті жердегі өздері білетін жыртқыш жануарлар түрлерінен мысалдар келтіру, олар-дың немен қоректенетінін анықтау |
Слайд
№1 Слайд №2 Суреттер Слайд №3 Слайд№4 А4 форматындағы қағаздар, фломастерлер, т.б. Жолақша қағаздар «Жеңімпаз күнделігі» |
|
Қосымша ақпарат | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау –оқушылардың прогресін/білімін қадағалауды сіз қалай жоспарлайсыз? | Оқу байланыстары Денсаулық пен қауіпсіздік |
|
Топтық жұмыста мотивациясы төмен оқушыларға тақырыпқа сәйкес тірек сөздерді беріп, қолдау жасап отыруды жоспарладым.Мотивациясы жоғары оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды. | Бақылау, сұрақ қою, топтық жұмыстың нәтижелері,ШЖ қорғауы | Сыйласытқ, ынтымақтастық | |
Рефлексия
Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма? Бүгін оқушылар неге үйренді? Оқыту атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме? Мен уақыттқ кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен? Уақыт аясы? Мен жоспарыма қандай өзерістер енгіздім және неліктен? |
|||
Қорытынды бағалау
Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)? 1: 2: Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)? 1: 2:Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді? |