Есиркепова Салтанат Рысбековна
Түркістан облысы, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бастауыш топ тәрбиешісі
Есиркепова Салтанат Рысбековна
Сабақтың тақырыбы: «Киіз үйдің төрінде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларға қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет ғұрпын біліп өсуге, қазақ халқының қонақ жай дәстүрін құрметтеуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын молайту арқылы, салт дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Сөйлеу тіл мәдениетін, сөздік қорын молайту, грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды өз ұлтына, еліне сүйіспеншілігін арттыру, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, ойын.
Көрнекілігі: Киіз үй, ұлттық бұйымдар, қоржын, асықтар.
| Іс- әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс- әрекеті. |
| Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері Ұйымдастырушылық – ізденушілік Тыныс алу жаттығуы Тілдік жаттығу Қоржын Сергіту сәті Артикулияциялық жаттығу «Ат шабыс» Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар көңіл күйлерің қалай?
– Жарайсыңдар , балалар! Бүгін бізге көптеген апайлар келіп отыр екен. Апайлар сендердің сабаққа деген қызығушылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді. Сол себептен сабаққа жақсы қатысып, сұрақтарға толық, әрі анық жауап береміз. Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүрмен салтымыз.
Ор – ор – ор – киелі тор, Үй – үй – үй – киіз үй. Бұл тақырыптың мақсаты, сендерді қазақ халқының салт – дәстүрлерін, әдет – ғұрыптарын біліп өсуге тәрбиелеу. -Ал, балалар сендер төр дегеніміз не екенін білесіңдер ме? -Төрге кімдер шығарылады? – Ия, төр сыйлы қонақтардың орны. Киіз үйге келген қонақтарды біз құрметтеп төрге шығарамыз. Қазақта қыз баланы сыйлап төрге отырғызған. Ал, ұл баланы үй иесі деп құрметтеген. Құдайы қонақпын деп келген адамға сый құрметін көрсетіп, өзінің киелі төріне отырғызған. Біздің қазақ халқы қонақжай халық. -Ал, балалар ендеше төрімізге төрлетіңдер. ( осы кезде төрде ілулі тұрған сиқырлы қоржынға тіл бітеді) – Балалар, мен сендерді «Киелі төрге» шығара алмаймын. Ол жерге білгір, ақылды адамдар отырады.менің сиқырлы қоржынымдағы сұрақтарымның бәріне толық, әрі нақты жауап берсеңдер, киелі төрдің иесі боласыңдар. ( Тәрбиеші сиқырлы қоржынның ішінен асық алады)
Төбедегі көзінен күн сәулесі түседі, Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. Би: «Ақ бұлақ»
|
Тамаша
Балалар қимыл қозғалыс арқылы қайталайды. Алақай! Бұл киіз үй Құрақ көрпешелер, сандық, қоржын бар. Төрге қонақтар отырады. Сыйлы, білімді қонақтар шығарылады. Балалар мұқият тыңдап отырады. Сыйлы, білгір қонақтар шығарылады. Қонақжай халық Қоржын, сандық, құрақ көрпешелер, қамшы. Киіз үй. Балалар қимыл қозғалыс арқылы жасайды. Балалар «Алақай!» деп қуанады. Ауылға бардық Киіз үй көрдік Сандық, қоржын, қамшы, қонақтар, білгір адамдар шығады. Ұнады, сиқырлы қоржынның сөйлегені, атпен шапқанымыз, асық ойнағанымыз |
| Күтілетін нәтиже:
Біледі: Киіз үйдің жабдықтарын, киелі төрді. Түсінеді: Қазақы салт – дәстүрлерді. Қабілетті: Жұмбақ шешуге, сұрақтарға толық жауап беруге қабілетті. |
