Жоспар
Батальон курсанттарымен өткізілетін
танымдылық сабақ және тренинг
Тақырыбы: Қиындықты уақытында шешу, бір-бірімен қарым-қатынасты жақсартуға ұмтылу.
Мақсаты: Қарым – қатынасқа қиындық келтіруші кедергіден арылу.
Уақыты: 60 минут
Өткізілетін орын:психологиялық жеңілдету бөлмесі
Қатысушылар: батальон курсанттары
Тренингтік жаттығулар:
— тату – тәтті жанұя
— бармақтардағы бет пішіндер — көпір
Қажетті құралдар: бор, қағаздар, үн таспа, қаламдар т.б.
Сабақ жүргізуші: Курсанттар батальонының офицері (психолог)
лейтенант Ж.Т. Усанова
1.«Тату-тәтті жанұя»
— Ешкімге де құпия емес, әр адам тату – тәтті жанұяда өмір сүргісі келеді. Дәл қазір сол тату – тәтті жанұя ойынын ойнап көрейік.
Нұсқа:қатысушылыр 4-5 топқа бөлінеді, (бөлінген топ бірдей көлемде болуы керек). Бормен шеңбер сызылады (ол үй). Белгі берілгенде «үйдің барлық тұғындары» шеңбер ішіне сыйу керек, яғни үйіне жиналады. Егер қай топ тез және сызықтан шықпай сыйып тұрса сол топ жеңеді.
- Бұл ойын барысында, сіздің қатысуыңызға қандай қасиет қажет болды?
- «Тату-тәтті үйде» болған кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?
- Бұл ойын арқылы өзіңіз қандай ой түйдіңіз?
2. «Бармақтардағы бет пішіндер»
Жүргізуші: Алдарыңызда ақ қағаз жатыр. Алақандарыңызды қағаз бетіне қойып жәй қаламмен шеттерін айналдыра сызып шығыңыздар. Бұл сіздің аптаңыз, бармақтан бастап: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма. Ойланып қараңыздаршы, әр күннің қандай мінезі, көңіл-күйі болады, соны ұйқастырып, әр бармаққа бет пішіндер салыңыз. Ал енді алақанға «аптаның бет, жүзін» салыңыздар – сіздің апта бойындағы эмоциялық күй – жағдайыңыз бен мінез-құлқыңыз. Өзіңізге ұнаған түспен бояңыз.
Пікір алмасу:
- тренинг барысында өзін өзі анықтау (эмоциялармен танысу процессі, оларды сипаттау)
«Көпір»
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін түсініп, тұлға аралық қарым-қатынастарының маңызды салаларын ашу.
Шеңбер құрып отырады (диагональ бойынша бормен сызып, ойын барысын түсіндіру) Бұл сызық — тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, артқа шегінуге болмайды. Бір-біріне қарама – қарсы келе жатқан екі адам – екі ұлттың өкілі. Олар бірін – бірі түсінбейді. Қалайда осы көпірден құламай, аяғына дейін өту керек (уақыт 1 мин)
Рефлекция:
1)Тапсырмада-қандай әрекеттер байқалды вербалды ма, әлде вербалды емес пе?
2)Екеуі бір-біріне көмектесті ме?
3)Бұндай жағдайда сөйлеген дұрыс па, қимылмен түсіну маңызды ма?
4)Қай «ұлттың» әрекеті сіздерге жақын көрінді.