Жаңа сабақтар

Жаңабай Айман Сарсенбайқызы

Мектеп: «№ 41 М.Шоқай атындағы орта мектебі» КММ
Сабақ тақырыбы: Ескі қорғандардың сыры
Күні: 25.11.2019 ж Мұғалімнің есімі: Жаңабай Айман Сарсенбайқызы
Сынып: 4 «Б» Қатысқандар саны: 16 Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру;

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: халық ауыз әдебиетінің жанрлары, көркем шығармалар қамтылған, әртүрлі жанрдағы шығармалармен танысады. Өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.

Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Білу: Көркемдегіш құралдардың қолданысын өлеңді оқу барысында анықтайды. Көне қалалар жайлы, археолог мамандығы туралы оқып біледі.

Түсіну: Ескі қорғандардың қайда орналасқанын түсінеді. Археолог мамандығының маңызын түсінеді.

Қолдану: Ескі қорғандар жайлы қосымша ақпарат іздейді

Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері:

Әдеби мұра. Әдеби көркем сөздер

Халық ауыз әдебиеті. Даналар нақылы

Асыл сөз.Шешендік

Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыста – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау. Құнды мұраларды қорғау, зерттеу.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.
АКТ қолдану дағдылары Электронды тапсырмалар.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Кітап – асыл қазына. Ертегінің мазмұнын әңгімелеу. Автор туралы мәлімет айту. Өзі оқып жүрген кітапты жарнамалау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
  1. Сергіту жаттығуы

«Жылы лебіз» әдісі

Майшам арқылы бір – біріне тілектерін білдіру.

  1. Жаңа топ құру

Топтарға бөлу. Еліміздің бас қалалары арқылы топқа бөліну

1-топ «Нұр — Сұлтан»

2-топ «Алматы»

3-топ «Қызылорда»

Жұмыс ережесін келісу

  1. Алдыңғы білімді еске түсіру

«Сиқырлы қалпақ» әдісі.

1. Ертегінің мазмұнын әңгімелеу

2. Ертегінің авторы кім?

3. Өзің қандай кітап оқып жүрсің? Жарнамалап, қызықты жерін айтып бер.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

  1. Ұжымдық жұмыс
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма

лары

Ортасы
  1. Оқулықпен жұмыс

Түсініп оқы

Археолог

Сауран, Бестам, Сығанақ

​Сырлары мол ашпаған.

​Жер астынан сығалап

​Жатыр көне тостаған.

​Санатқа көп қосылар

​Сансыз қала құмдағы.

​Шақырады Отырар

​Шешілмеген жұмбағы.

​Қалақшамен тынбастан

​Қазып төбе, обаны,

​Қалаларды құм басқан

​Ағам аршып алады.

​Қарсылық қып жауларға,

​Қамал қанша құлаған?!

​Тарих бетін аударған

​Археолог – бұл ағам!..

Байбота Серікбай

Сөздік

Санатқа қосылу – бұл жерде: «есепке алыну» деген мағынада

Оба – тастан, топырақтан үйілген төбешік, қорым

  1. Бейнеүзік сыр шертеді.
  2. Топтық жұмыс « Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Қызылорда облысының көне қалаларының суреттердің қиындысын құрастырып, топта сипаттап талқылау.

1 – топ Сығанақ қаласын құрастыру

2 – топ Жанкент қаласын құрастыру

3 – топ Шірік – Рабат қаласын құрастыру

Дескрипторы:Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді.

«Бармақпен» бағалау

Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Аяқталуы Білгенге маржан

Қазақстандағы танымал ескерткіштер: Сайрам, Отырар, Тараз, Сығанақ, Жанкент, Жент қалалары, Есік, Берел қорымы, Айша бибі, Ясауи кешені, т. б.

​Отырар, Сығанақ қалалары Сырдарияның бойында орналасқан. Құлан қалашығының орны Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Құлан ауылының маңында. Сарайшық қаласы Атырау облысындағы Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан.

Археологтің сыры

Жермен ұзақ мұңдасқан,

​Жылап, бірде күлді аспан.

​Талай-талай шаһарды

​Толқын шайған, құм басқан.

​Жер кітабын аштың ба?

​Дастаны бар тастың да.

​Отырамыз жер шұқып

​Қақтаған күн астында.

​Апта күтіп, жыл күтіп,

​Ғасырларды қылғытып,

​Бір кездерде сайрайды

​Құбырларға тіл бітіп.

Қадыр Мырза Әли

  1. Жұптық жұмыс .
  1. – топ Археолог рөліне еніп, 1 – жақта сөйле…
  2. — топ Сипаттау сөздердегі көркемдегіш құралдарды анықтау
  3. — топ Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау

Дескрипторы:Өз ойларын айтады, бір – бірінің пікірін тыңдайды,ортақ шешімге келеді.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді.

Ауызша бағалау

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.

Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс бір – біріне сұрақ қою арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Әрбір оқушының жеке қаблеттеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материальдармен әдіс тәсілдерді іріктеп қолдану.

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

Бағалау — Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Дискрептор-Сұрақтарға жауап береді;

-Ескі қорғандардың сыры туралы түсіндіреді;

  • Көне қалалар жайлы өосымша мәліметтерді біледі;

Бармақ арқылы бағалау

Шапалақ арқылы бағалау

Ауызша бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқулықпен жұмыс жасауда, . 2. Тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. АҚТ мен жұмыс жасауда 2. Ұжымдық жұмыс жасау барысында

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

  1. Өз ойларын еркін жеткізе алуларына көңіл бөлу.
  2. Уақытты тиімді пайдалану.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.