Жаңа сабақтар

«Бағдаршам – біздің досымыз!»

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

«Айгүл» бөбекжай–бақшасының тәрбиешісі

Жаксылыкова Анар Тилеулиевна

Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз!»

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: бағдаршам.

Билингвальді компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорого.
Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды.
Ұйымдастырушылық — ізденушілік
— Балалар кәне мен сендерге
жұмбақ жасырайыншы?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не?
— Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бүгін «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз. (балалардың назарын слайдқа аудару)
— Суретте не көріп тұрсыңдар?
Бағдаршам.
Ұйымдастырушылық — ізденушілік — Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі — үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады.
— Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
— Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар. Балалар сіздер менімен қалаға барасыңдар ма ? ия. Олай болса біз немен барамыз.Автобуспен. Жарайды.

-Балалар автобусқа мінгенде қай есіктен кіреміз? Артқы. -Балалар автобусқа мінгенде өте абай болуымыз керек. Бір бірімізді итермеу кіру керек. Сөйлемейміз, тентек болуға болмайды. Үлкендерге орын береміз. Өлен айтып барады. Жолда полиция ағай тұрады.
— Сәлеметсіңдерме балалар?
Жол сақшысы жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру ережесімен танысайық!
Шарты: Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.
— Жарайсыңдар балалар,
Жол сақшысы бізге қандай ақыл – кеңес берер екен?
Жол сақшысы:
— Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?

Ұйымдастырушылық — ізденушілік

  • Жол сақшысы сізге көп рахмет Жарайды балалар сендерге де рахмет, ал енді мен тақпақ тындағанды жақсы көремін. Балалар тақпақ айтады. Жолда жүргенде «Бағдаршамға» назар аударып өтіңдер! Сау болыңдар балалар!
    Сергіту сәті. «Көзге арналған жаттығу».
  • Жарайсыңдар балалар!
  • Кәнекей бәріміз
    Жол тәртібін білейік.
    Аман — есен жүрейік.
    Балалар ал енді біздер балабақшамызға қайтатын уақыт келді.Автобусқа мініп өлен айтады. Балалар біздер қайда бардық?

Рефлексивті — түзетушілік қызмет

Бүгінгі сабағымызды қорыта келе «Жасдәуреннің балалары» әнін айтайықшы. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман — есен жүрелік.

Ирек — ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: балалар жол тәртібі ережелерін еске түсіреді.

Түсінеді: жол белгілері түрлерін ажыратады.

Қолданады: рөлге бөлініп, ойнау арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтауды жадына түйеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.