USTAZ UNIVERSITY

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» — мемлекеттік мерейлі мереке

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР рәміздері күніне орай «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық салтанатты іс-шара өтті.

Елімізде орын алған пандемияға байланысты барлық мекемелерде әрі қоғамда біршама өзгерістер орын алды. Маңызы бар іс-шаралар мен түрлі вебинарлар, оқыту курстары, семинарлар қашықтан оқуға байланысты онлайн түрде ұйымдастырылып келеді.

Дегенмен, мемлекеттік маңызы бар мерекені ТарМПУ ұжымы, оқытушылар мен студенттер арнайы патриоттық салатанатты іс-шара ретінде оқу орнының алаңында атап өтті. Оқу орнының «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының студенттері мемлекеттік рәміздерді салтанатты түрде ортаға шығарды. Елдегі ахуалды ескеріп, сақтық шараларын сақтай отырып ұйымдастырылған жиында дәстүр бойынша ҚР мемлекеттік Гимні орындалды.

Шара барысында «Көркем графика және дизайн кафедрасының» студенттері мерекеге орай жаңа сән үлгісін көрсетсе, аталмыш кафедра ұлттық нышандарымыз бейнеленген ерекше көрме суреттерін ұсыну арқылы мерекені ажарландыра түсті. Мемлекеттік мерейлі мерекеде өзге тілде білім алатын студентттердің бірқатары құттықтау сөз алып, ыстық ықыластарын білдірді.Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға Ту мен оқу орнының логотипі бейнеленген арнайы бетперделер таратылды.

Жаңғыру жолындағы ұлттық кодымыздың мызғымас діңгегіне айналған мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. «Ustaz» университеті ұжымы аталмыш мерекені ұйымдастыруда ұлттық патриотты насихаттауға мүдделі екендігін жасырмады.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.