Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бүгінгі күні ұлтымыздың және еліміздің рухани дамуының негізгі шынайы бағдарламасына айналып отыр. Елімізде рухани санаға тың жаңа серпін әкелген бұл бағдарламалық мақала аясында елеулі істер атқарылып, нақты жобалар жүзеге асты және асырылуда. Мақаладағы ұлттық сана туралы айтқан тұсында бәсекелік қабілетке, прагматизмге, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білімнің салтанат құруына, революциялық емес, эволюциялық дамуға, сананың ашықтығына баса көңіл бөлуі жалпы халықтың, жұрттың көңілінен шығып отыр.
Рухани жаңғыруымызға негіз болатын латын әліпбиіне көшу, қоғамдық және гуманитарлық бағыттар бойынша 100 оқулық жобасын қолға алу (оның жемісін бүгінгі күні барлық деңгейдегі оқу орындары, ғалымдар, жалпы қоғам көріп жатыр), отаншылдықты кіндік қаның тамған жерге деген сүйіспеншілдіктен бастауға орай «Туған жер» бағдарламасы тағы да басқа құндылықтартабысты іске асырылуда және ілгерілеуімізге жаңа мазмұнды қарқын беруде. Ұлттық құндылықтарды жүйелеп, салт-дәстүрімізді, руханиятымызды ұлықтау мақсатында атқарылған шаруалар да молынан жетерлік.
Бүгінде рухани құндылықтар ауысып, адамзат аласапыран күй кешкен шақта қоғамдық сананы жаңғыртудың өзектілігі арта бермекші. Бүгінгі күні осы бағытта «Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңа тынысы ашылды деуге болады. Сондықтан бүгінгі күні орын алып жатқан жаһандық дағдарысты жеңіл еңсеру үшін халықтың санасын, өмір-салты мен ұстанымдарын жаңа заман талабына сай ұлттық кодымызды сақтай отырып, жаңғыртуымыз керек екендігі айқын көрініп отыр.
Бәріміз түсінуіміз керек болады, енді әлем бұрынғыдай болмайды. Бүгінгі қалыптасқан жағдайға байыппен қарасақ, тереңнен толғап, арыға үңілсек санамызда сілкініс, қоғамда үлкен қозғалыс қажеттілігін байқаймыз.
Біздің ұжымның келешекке сенімді қарауына Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар еңбегін жоғары бағалауы да жаңа күш-қуат беруде. Президентіміз Елбасы ісі жалғастырушы және оны алға жылжытушы сенімді тұлға екендігін аз уақыттың ішінде толық дәлелдей білді, халық сенімінен шыға білуде, жалпы халықтың көңіл-күйін дөп басуда. Президентің қазіргі ауыр пандемия жағдайында, экономикалық дағдарыс кезіндегі сенімді және жауапты басқарушылық іс-әрекеттері, қабылдап жатқан нақты жауапты шешімдері, қарапайы халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеу бағытындағы нақты тапсырмалары, қажет кезде қатаң талап қоя білуі ұлт және ел болашағының сенімді қолда екендігін, бәріміздің бірге екенімізді дәлелдейді деп білеміз.
Осындай сенім мен талап үрдесінен шығу, қолдау бағытында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде де ауқымды және мазмұнды нақты іс-шаралар және тың жобалар іске асырылуда. Атқарылып және іске асырылып жатқан жобалардың барлығы да бірінші кезекте студенттерге сапалы білім және саналы тәрбие беруге, олардың жеке санасын және рухани байлығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Болашақ ұстаздардың «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарына сай, бүгінгі заман талабына бейімделе алатын, ұлттық құндылықтарымызды жас өрендер бойына сіңгірте және қалыптастыра алатындай болып шығуына баса назар аударылуда. Университеттегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іске асырылып жатқан тың жобалардың кәсіби деңгейі және құзыреттілігі жоғары, заман талабына сай білім және тәрбие бере алатын болашақ ұстаздарды дайындауға оң әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз.
Соңғы жылдары ұстаз мамандығына келетін талапкерлердің орта баллы күрт жоғарылап, алтын белгі иегерлері мен үздік бітірушілер мұғалім мамандығын таңдай бастады, бұл білім сапасының және педагог мәртебесінің өсе бастағанын көрсетеді.
Осы үрдісті қолдау мақсатындаТараз мемлекеттік педагогикалық университетінде адалдық, тазалық, креативтілік, ашықтық пинциптерін қатаң ұстанатын, талапшыл ректор Ержан Әмірбекұлының тікелей бастамасымен жаңа, тың сананы жаңғыртатын серпінді идеялар мен іс-шаралар жүйелі түрде іске асырылуда, мысалы, жаңа оқу жылында 50 үздік талапкерлерге арнайы университет грантын ұсынып отыр, грантқа қол жеткізген студентің шет елге шығып оқып келу мүмкіндігі болады, заман талабына сай ағылшын тілін жетік білетін студенттерге Европа Одағына кіретін елдерге және Оңтүстік Корея, Қытай,ТМД елдеріне жіберу, болашақта қос дипломды білім алу бағдарламасымен оқу мүмкіндігін жасап отыр. Сонымен қатар100 үздік студентке арнайы шәкіртақы тағайындады,адал кітапхана, жиырмаға жуық жаңа форматтағы атаулы аудиториялар, заманауи асханалар, жақында студенттерге арналған 500 орындық жатақхана салу жұмыстары басталды,бұныңбәрі дебілім сапасының жоғары болуы үшін, болашақтың қамы үшін жасалып жатқан тірліктер.
Тағы бір тың бастамасы — оқытушы-профессор құрамының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сіңіріп отырған нақты еңбегіне сай қызметін әділ бағалауы. Университет оқытушыларының жалақысы үстіміздегі оқу жылы 70-80 пайызға артты. Профессор-оқытушылар тегін ағылшын курсына қатысып, IELTS тапсырып, жалақысын көтеру мүмкіндігіне де ие болды.Халықаралық рецензияланатын импакт-факторы жоғары журналдарда мақала шығарған профессорлық-оқытушылық құрамға 100 АЕК мөлшерінде ынталандырушы сипаттағы сыйақы беріледі, сапалы оқу контенттерін дайындағаны үшін 200-300 мың көлемінде сыйақы беріледі.
Университеті «Өлкетану» жобасын алғашқылардың бірі болып қолға алды, бұл әрбір университет мүшесі үшін рухани азықболды, олай дейтініміз, қызметкерлер мен студенттерден құралған топ экскурсияны өз өңірінің киелі жерлері Ақыртастап бастап, Республикамыздың біраз аймағын толық қамтып отыр. Бұл университет оқытушылары мен жастарына үлкен құлшыныспен ілгерілеуіне жағдай туғызды.Қашықтан оқуда да қылаң шығармай ұжымның бірлігін сақтай отырып, қиюын қиыстырып өзінің іскерлігін көрсетті. Қиын кезеңде қолдау жасай білді, бірге екенімізді сезіндік. Айта берсек тындырылған тірлік көп, ашық қоғам қалыптастыру жолында тыңғылықты бастамалар легі артуда.«Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын» — деп бекер айтылмаса керек, біз осы жаңашыл жобаларды ұсынып және олардың сапалы іске асуына мұрындық болып отырған жас, білікті, жаңашыл басшымызға бірінші кезекте университет ардагерлері, бүкіл ұжым дән ризамыз. Қазіргі таңдабастысы студенттерге,облыстың білім беру салаларына, мектеп мұғалімдеріне, оқушыларына және жалпы халыққа, жұртшылыққа пайдасы тиетінболашақтыңпедагогикалық университеті қалыптасып жатуы қуантады.
Бүгінгі орын алып отырған жаһандық пандемия адамзатқа табиғат алдындағы ұмытқан борышын еске салғандай болып отыр. Отбасылық құндылықтың, туыстық қатынас пен бауырмалдықтың, дәстүрлеріміз бен рухани мұрамыздың қадірін түсінулерің керек деп тұрғандай. Жұмыс орнымыз біздің екінші отбасымыз, сондықтан да барымызды бағалап, бірге болыңдар деп меңзет тұрғандай. Жалпы өмірдің және табиғаттың өте нәзік екендігін есімізге салады. Бәрімізге нәзік нәрсені қорғай біліңдер деп меңзеп тұр, осыны бірінші кезекте жастарымыз түсінсе екен дейміз. Бүгінгі мәжбүрлі оқшауланған өмірден кейін адамдар мейірім мен махаббатты, ізгілік пен сыйластықты, қарым-қатынас пен жанашырлықтың қадірін дұрыстап түйсінді, қолда бардың қадірін білді, лайым мәртебеміз биік болғай.
Б. М. Мүсілімов., П. С. Сағымбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің
ғалым-профессорлары, ардагер ұстаздары