Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектептің шағын топ тәрбиешісі Көшербай Алмагүл Маратқызы
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
«Апатайым анашым»
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің балалар сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббаттармен ән мен жыр, тақпақ, мың бұралған билері арқылы жолдамақ.
Армысыздар аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар,
Мерекемен құттықтайды сіздерді.
Шашу шашып өнерімен балалар –дей отырып «Апатайым анашым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Балаларымызды ортаға шақырайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қазір қандай ай?
Бүгін қандай мереке?
Аналарымыздың, әжелереміздің, қыздарымыздың мерекесі.
Олай болса сіздерге арнаған балаларымыздың жыр шумақтарын тыңдаңыздар.
Ақтан: Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, ана-жыр,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Кәусар: Менің анам, ақ анам
Жұмсағанда тіл алам.
Ойыншыққа толтырды,
Айналайын ақ анам.
Бейбарыс: Іш ауырса, тіс ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Нұрасыл: Ақыл құйған санама
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
Ерлан: Айтсаң болды, тіл алам.
Әйбат мамам, ай мамам.
Ботам деген дауысыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Ән «Анашым» орындайтын Аида
Қане, балалар әже туралы қандай тақпақтар білеміз? Әжелеріне арнап балалар тақпақтар айтып береді.
Нұрасыл: Менің әжем әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
Нұрғиса: Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман-есен жүр әжем.
Ерлан: Айналайын, ақ әжем,
Балдай тәтті, бал әжем.
Әлпештеп мені өсірген
Мың алғыс саған, жан әжем.
Би «Қара жорға»
Ана-біздің әніміз.
Ана-біздің сәніміз,
Анамызбен әрдайым,
Бақыттымыз бәріміз.
Мамам менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған,
Менсіз күні батпаған.
Мен ұйықтамай жатпаған.
Ақ анашым. Анашым.
Еркелетіп аласың
Күні-түні тынымсыз,
Еңбек етіп жатасың.
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым,
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Менің анам әппақ.
Кәмпит берсе тәтті-ақ.
Күні бойы тынбастан
Үйретеді тақпақ.
Ән «Құттықтаймын ана туған күніңмен» хор.
«Өзбек» биі орындайтын Қарақөз
Анашым, ақ таңым,
Ақ сүтін ақтаймын,
Жүректе атыңды
Тұмардай сақтаймын.
Анашым-жүрегім,
Өмірлік-тірегім.
Аман боп жүрші тек
Алладан тіледім.
Апатайым, анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоры сен сібидің
Гүлі де сен әр үйдің
Ән «Әрқашан күн сөнбесін» орындайтындар Ділназ, Жаңагүл, Райымбек.
«Балапан» биі
Ән «Апам үшін»
Балалар, аналарды құрметтейік,
Көңілін ешқашанда кірлетпейік,
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.
Дүниедегі ең қымбат адам- Ана. Балаларының бақытты болуын тілейді. Біз аналарымызды сыйлап, құрметтейік. Балалардың жапсыру өздері дайындаған сыйлықтан қабыл алыңыздар.
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Сайыстың тақырыбы: «Кім білгір»
Сайыстың мақсаты: Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін арттыру,қызығушылықтарын, сөздік қорын , ой-өрісін дамыту. Балаларды ептіліккет, шапшаңдылыққа үйрету, ұтымды жауап беруге тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап
Әңгімелеу
Топтық жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, гүл макеті.
Сайыстың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Тәрбиеші Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін біз «Кім білгір» сайысын өткізетін боламыз.
-Балалар жеңіске деген құлшыныстарың қандай? Мықты ғой!
-Иә
-Бәрекелді. Олай болса сайысымызды бастаймыз!
Сайысқа қатысып отырған «Алғырлар» тобы мен «Тапқырлар» тобы.
Енді сайыстың шарттарымен танысайық:
1- кезең: «Ойлан тап!» ертегіні анықтау
2-кезең : «Байқап, көр» жыл мезгілдерінің табиғат құбылыстарын анықтау
3- кезең : «Кім жылдам»
4- кезең : «Тапқыр болсаң, тауып көр»
5- кезең: «Ұшқыр ой» геометриялық пішіндерден бейне құрастыру
Тәрбиеші: Ал енді балалар , қай топ бірінші ойынды бастайтынын анықтап алайық .Ол үшін менің қолымдағы сақинаны тауып алуымыз қажет.Бүл ойынның ерекшелігі екі топта гүл берілген . Дұрыс жауап берген бала гүлге арасын қондырады.
Енді сайысымыздың 1 кезеңі «Ойлан тап?»
Тақтада көрсетілген ертегіні анықтаймыз.
1 Мқта қыз бен мысық ертегісі
2 Бауырақ ертегісі
3 Шалқан ертегісі
Тәрбиеші: Жарайсың дар балалар! Өз гүлдеріңе араларыңды қондырып қойыңдар !
2-кезең «Байқап көр!» жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын дұрыс орналастыру. Қыс- қар, көктем-қар еруі , жаз-күн, күз-жаңбыр.
3-кезең «Кім жылдам» Жұмбақтар шешу
2.Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2.Өзі сондай нәзік
Су құйсаң кетеді
Алақаның жазып. (Гүл)
3.Өзі бір қу
Жүрген жері айғай шу. (Түлкі)
4.Асты тас
Үсті тас
Ортасында піскен ас. (Таба нан)
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Қане, әр топ өздерінің араларын гүлдеріне қондырсын!
4-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр!» жұмбақ
-Балалар біз осы уақытқа дейін қандай пішіндермен танысық?
Балалар:-төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, т.б
-Ендеше осы пішіндердіен екі топ ойласа отырып ,белгілі бір бейне құрастыру қажет. Соныменқатар, санамаққа айту
1топқа Балапан
2-топқа Шырша
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қане, енді гүлдеріңе араларыңды қондыра қойыңдар!
Тәрбиеші: -Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауатары әділ шықты
Білім мен әділдіктің сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
-Сөз кезегін әділ-қазыларға береміз .Қорытынд
Баяндама
Тақырыбы: Ұлттық салт-дәстүр арқылы жеке тұлғаны рухани дамыту
Жаңа заман баласы — ертеңгі еліміздің болашағы. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындандырып, құлағына құйып өсіру керек. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше.
Әр халық өзінің ұрпағының білімді,қайырымды ,адал ,үлкенді құрметтейтін,елін,жерін сүйетін елжанды болып өсуін армандайды.Бұл мәселені өзінің тұрмыс –салтына байланысты шешіп отырады.Халқымыздың ертегілерінде,ойындарында ,салт –дәстүрінде математикамен байланысқан тұстары көп.Ауыз әдебиеті баланың танымын кеңейтеді .
Тақырыптың өзектілігі:
Балаларға ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардық. Математиканы ауыз әдебиетімен байланыстыра отырып ойын,тілін ұстарту,
математикалық мәдениеттілігін, сауаттылығын қалыптастыру,баланың математикаға деген ынта –ықыласының тұрақты болуын қамтамасыз ету . Баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде — ата-ана басты тұлға .
Мақсаты: балаларға қазақтың тұрмыстық салт –дәстүрлері,ата-мұрасы арқылы ұлттық тәлім –тәрбие бере отырып,математикалық белсенділігін арттыру,елін,Отанын сүйетін ,білімді азамат тәрбиелеу.
Міндеттері |
Мақал –мәтелдер |
Жұмбақ,жаңылтпаш |
Ертегілер,
ұлттық ойындар |
Сандар сыры мен қасиеттері жайлы түсінік беру |
Математикалық өлең , санамақ |
Қазақ отбасында жас баланың тілі алғаш шығып, былдырлап сөйлей бастасымен, ата — ана оның алақанын қыттықтап немесе саусақтарын бүгіп -жазып, саусақ ойындарын ойната бастайды. Мектепке келмей тұрып — ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бастайды. Бірақ оны- саналы түсінбейді. Осы құбылысты -сезген халық жастарға сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып, олардың ақыл ойын өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын есептер арқылы, ауыз екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал — мәтелдер арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттың негізінде, сол заттың бейнелі суреті арқылы беру бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасына мыктап орын тебері сөзсіз. «Аз», «Көп» деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді.
Сан ұғымын игерудің келесі кезеңінде сан ауқымын онға дейін кеңейте отырып, төмендегі сияқты жұмбақ — санамақтарды жаттатқызу қолға алынады.
Ал санайық ,санайық,
Сан сырына қанайық.
Бір саусақты жұмайық,
«Бір саны « , — деп ұғайық.
2 саны «Аққуға » ұқсайды.
2 саны жұп сан,аққуда жұбымен жүреді.
« 3» киелі сан.
Үш арыс Сәкен,Бейімбет, Ілияс.
Үш би Төле би ,Қазыбек би, Әйтеке би.
«4» саны – төрт түлік мал,
«5 » саны – бес саусақ.
Бас бармағым –атам үйдің данасы,
Балан үйрек –әжем,ошақ анасы.
Ортан терек –әкем,отау панасы.
Шылдыр шүмек- шешем,шаңырақ ажары,
Титтей бөбек- мен,бәрінің базары.
Математикалық өлең.
Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі – баланың қисынды (логиқалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында, математика сабақтарында математиқалық өлеңдерді қолданудың тиімді жақтары өте көп.
Жаңбыр жауып өткесін
Дөңгелек сары күн шықты.
Жамылған бұлт көрпесін,
Тасты серпіп бұл мықты.
Былғасыда тұмсықты,
Болмады бала қапалы .
Орамал төрт бұрышты,
Қалтасында жатады
Санамақтар.
Санамақ – жас бүлдіршіндерге сан үйретеді,дүние танытады,баланың қисынды ойлауы мен математикалық есептеу қабілетін дамытады.
Жас балалардың карапайым математиқалық білім — түсініктерін қалыптастыруда санамақтар ерекше рөл атқарған., санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой — өрісін дамытады, ал санамакты ырғағымен айта білу мәнерлеп сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.
Қазақтың халық санамақтары, ең алдымен, жас балаға сан үйретудің дидактиқалық құралы, әсіресе он көлеміндегі сандардың нумерациясын игерудің әдіс — тәсілдері ретінде қолданылған. Қазақ арасында өлең түрінде айтылатын санамақтардың сан алуан түрлері бар. Олардың барлығы дерлік мазмұн жағынан бір — біріне жақын, көпшілігі онға дейін немесе беске дейінгі санау мәселеріне байланысты болып келеді. Сондай — ақ алтыға, жетіге дейінгі сандарды қамтитын санамақтар да бар.
.
Үш дегенім үйім,
Үйде жақсы күйім.
Бақшадан да қала
Тап-таза боп киінем.
Төрт дегенім түлік,
Жүргін мұны біліп.
Жылқы ,сиыр,түйе,қой.
Төрт түлігін біліп қой.
Бес дегенім бесік,
Келеді сәби өсіп.
Бабамыздан қалған,
Бақыт және нәсіп.
Ұлттық ойындар.
Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да оңай түсіндіруге болады. «Қуыр- қуыр қуырмаш»,
«Асық» ойыны: Математикалық жай ұғымда балалардың есепті жетік түсініп,дәл жауап беру үшін асық ату немесе осы асықтарды белгілі бір санмен белгілеу арқылы ойындар ойнату арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға болады.
«Бес тас» , «Тоғызқұмалақ» ,
Халқымыздың қадым заманнан — ақ жас баланың жалпы ақыл — ой тәрбиесіне ғана емес, сонымен бірге қарапайым математиқалық білім түсініктерін қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлгендігінің дәлелі боларлықтай белгілер айқын көрінеді.
Бабаларымыз өзінің барлық асыл сөз, даналық ойларын мақал -мәтелдер мен нақыл сөз етіп кейінге қалдырып отырған. Осылардағы аса терең педагогиқалық пайымдауларда жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелерімен қатар, білім мен ғылымды игерудің, сондай — ақ математиқалық білімнің қажеттілігін насихаттау да кең орын алған. «Саны бардың мәні бар», «Есепсіз дүние жоқ», «Есеп, есеп білмеген есек», «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» деп халқымыз текке айтпаған.
Ертегілер
Ертегі — баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика сабағында ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің тағы бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мысалы, қазақ аңыздарында Асан қайғы,Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б кейіпкерлердің ұлағатты істері баяндалады. Аңыз әңгімелер балаларды батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді .
Мақал-мәтелдер
Ал енді математика және басқа тәлім — тәрбиеге байланысты мақал -мәтелдерге тоқталайық.
1 — санына байланысты:
Мал — бір жұттық, батыр — бір оқтық, жер мәңгілік.
Бір жылы сөз бір күнге азық.
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
2 — санына байланысты:
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Ерке бала — екі жылар.
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.
3 — санына байланысты:
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
4 — санына байланысты:
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.
5 — санына байланысты:
Біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді.
Бес саусақ бірдей емес.
Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Сан және санау мәселеріне»байланысты болып келетін жаңылытпаштар» баланың тілін ширатып, оны дұрыс және айқын сөйлеуге үйретумен катар, сандардың атауларын дұрыс айта білуге қалыптастыруға да игі әсерін тигізеді.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
деген сияқты жаңылтпаштар, бір жағынан балаға сандардың аталуын дұрыс айта білу мақсатымен берілсе, екінші жағынан, есеп шартындағы байланысты аңғара отырып, соының негізінде сәйкес арифметиқалық амалды дұрыс таңдап ала алуды талап етеді.
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Жоғалды бес шыбын,
Жоқ әлі еш сыбыс
Қазақ жұмбақтарындағы анық байқалатын бір ерекшелік, олардың көпшілігі сандармен байланысты болып келеді, оларды қандайда бір затты немесе құбылысты оның сандық сипаттамасын түспалдай отырып жұмбақтау жиі кездеседі. Жұмбақтардың көбіне онға дейінгі сандарды, сондай — ақ үлкен сандарды, кейде аса үлкен сандар мен шексіздік ұғымын қамтып келетіні де бар.
Жұмбақтар ақыл — ой тәрбиесінің тамаша құралы болып табылады. Жұмбақтарды қазақ халқы басқа да тапқырлық сөздер қатарында жас жеткіншектің ойын тапқырлыққа баулу үшін, сонымен біге оның сан жөніндегі түсініктерін байытып, онан әрі дамытудың әдістемелік құралы ретінде де қолданып отырған.
Асан, Айша екеуі,
Қос қуыршақ,
Бір құлыншақ.
Екі ойыншық,
Құстай ұшып,
Үйден шықтық. (Жауабы: Жетеу.)
Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу, есепкер.(Бесеу)
Бұл қандай сан?
Бүкірлеумін, имекпін.
Мойынындай үйректің
Сабағыңды білмесең
Мені аласың күнде сен. (Жауабы: 2)
Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді.
Бұл не? (Аптаның жеті күні)
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой-өрістерін дамытып математикаға деген қызығушылығын арттырады..
Нәтижесінде
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ой-өрісін, ынтасын өсіруде ата- салт дәстүрлерімізді мейлінше көбірек пайдаланып, жаңартып отырса ,ұлттық сана –сезімі оянған, математиканың қоғамда алатын орнын білетін, құрметтейтін, ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,эстетикалық талғамы жоғары тұлға тәрбиеленеді.