Жаңа сабақтар

Мінәжаддинқызы Айгүл

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Тәуіп ауылы
«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші: Мінәжаддинқызы Айгүл

«Ақбота» (3-4 жас) ІІ кіші тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Өтілетін күні:

Тәрбиеші: А.Мінәжаддинқызы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Үй құстарына қамқорлық.

Мақсаты:

1.Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.

  1. Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру.

3.Құстардың табиғатқа, ададарға келтіретін пайдасына тоқталу, үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері тауық, әтеш балапан.

Билингвальды компонент: үй құстары-домашние птицы. Тауық-курица, әтеш-петух, балапан-цыплята.

Мотивациялық-қозгаушылық

-Балалар, біз бір-бірімізбен тату екенімізді білеміз. Ендеше қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де –сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиешімен бірге қайталау.

Балалар шеңбер болып тұрайық

Шаттық шеңбері

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Тәрбиешімен бірге орындалатын шаттық шеңбері.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Құс фермасына пойызбен саяхат жасаймыз (дене қимылы арқылы жасау). Кім айтады үйде қандай құстар тіршілік етеді.

-Балалар, әтеш, тауық, балапан.

Құс фермасында құстар қалай тіршілік ететінін көріп қайтамыз. Құс фермасында бізді Ақтолқын апай күтіп отыр.

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

Қалай жетіңдер?

Шаршаған жоқсындар ма?

-жақсы

-шаршаған жоқпыз

-Ендеше мен сіздерді үй құстарымен таныстырып өтейін.

-Мынау тауық. Ол денесі жағынан кішілеу, үсті толы мамықты қауырсын болады. Бас бөлігінде екі көзі тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар. Бірақ, тым биікке ұша алмайды.

–Мынау екі аяғы.

Тауық қыт-қыт-деп дыбыстайды.

-Мынау әтеш. Оның дене бітімі тауықпен бірдей болып келеді. Әтеш ку-ка-ри-ку,- деп дыбыстайды.

-Мынау балапан. Балапан сап-сары түсті, жұмсақ мамықты болады. –Балапан шиқ-шиқ-деп дыбыстайды. Тауық ең көп тараған құстардың бірі.

Балалар үй құстарының адамдарға тигізер пайдасы өте көп. Олар бізге жұмыртқа береді. Жұмырқадан түрлі тәтті тағамдар пісіруге болады. Аналарың жұмыртқадан қандай тағамдар пісіріп береді, жұмыртқаны тағы не үшін пайдалануға болады?

Үй құстарының сыртық бейнесіне қарап ажыратуға болады. Үй құстарын адамдар қамқорлық жасап, баптап өсіреді. Оларға жем, су береді, қонақтайтын қорасын тазалайды. Құстардың мамық жүнінен жастық (көпшік) жасайды.

Үн таспа тыңдау. Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдау.

-Балалар қандай құстың дауысын тыңдадыңдар?

  • тауық, әтеш, балапан

-Иә, балалар, үй құстарың дауысы екен?

-Дұрыс, тауық, әтеш, балапан.

-Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атаймыз?

-Тауықтың баласын не деп атайды?

-Балапанның түсі қандай?

-олар үйде өсетін құстар

-балапан

-сап-сары

Тауық бидайды жақсы көреді.

Тауық балапандарын қанатының астына алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен, онымен жер тырналап балапандарына жем тауып береді. Жарайды балалар, үй құстары туралы көп білдік, ендеше бақшамызға қайтатын уақыт та болды. Ақтолқын апайымызға көп рахмет айтып қайтайық. Үй құстары туралы көп-білгеніміз үшін өте қызықты болды, рахмет сізге. Сау болыңыз! (пойызбен қайту). Балалар, біз құс фермасынан қандай құстармен таныстық?

Дұрыс, айтасыңдар. Олардың қалай жем жеп, су ішетіндерін көрдік. Енді солар сияқты билеп көрейік.

Сергіті сәті:

«Шөжелерім» биі орындалады.

Дидактикалық ойын: «Үй құстарын тауып, ата»

Шарты: үстел үстінде дала құстары және үй құстары тұр. Солардың ішінен үй құстарын ажыратып, атап беру керек.

-Балалар құстың атын атап қайталайды.

-Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары- деп атайды.

-Балапан қандай түс?

-сары (суретке қарап айту)

-Үй құстарының дауысын салады.

Балалар тәрбиешінің көмегімен орындайды.

-Қане, балалар балапан туралы тақпақ айтып жіберейік.

Сенің атың балапан,
Менің атым балақан.
Балапандар шоқуда,
Балақандар оқуда.

Шеңберге тұрып тәрбиешімен қосылып қайталап айтады.

-Балалар қимыл-қозғалыспен айтады.

-Әтеш қалай дыбыстайды?

-Ку-ка-ре-ку

-Үй құстарының сыртқы құрылы атасын?

  • денесі жағынан кішілеу, үсті толы мамықты қауырсын болады. Бас бөлігінде екі көзі тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар.

-балалар қайталап айтады

-Үй құстары немен қоректенеді?

-жем, су

-Үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар?

-Құстың мамық жүнінен не жасайды?

-жастық (көпшік)

-Жұмыртқадан не пісіруге болады?

-жұмыртқа береді.

-тәтті тоқаштар

Рефлексиялық түзеушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметінде оқып үйренгендерін пысықтау, мадақтау.

Балалар жауап береді.

-Мен құстарды жақсы көремін, оларға жем, су беремін

Күтілетін нәтиже:

біледі: үй құсатыр мен дала құстарын, олардың аттарын, түстерін ажырата біледі;

түсінеді: тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсініктерін игереді;

меңгереді:үй құстары және олардың пайдасы туралы танымдары к

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Тәуіп ауылы

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы

Тәрбиеші: Мінәжаддинқызы Айгүл

Тақырыбы: Төрлет, төрлет жаңа жыл.
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым — қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата — аналар..
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі — екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата — аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін «Балбөбек» бөбекжайының меңгерушісі Айнұр Маратқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша» Балтабек Кәусар, Дәуірбек Айданы ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Аяна:

Жасыл шырша жанында,

Айнала ойнап ән салады.

Өзіміздің бақшада,

Жаңа жылды қарсы аламыз.

Айжан:

Шыршамызды әсемдеп,

Ән шырқаймыз бәріміз.

Өзімізде күлімдеп,

Жаңбырқауды бімейміз.

Әлішер:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршаның,

Көптен күтіп сағынған.

Кәусар:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Көрсін біздей балғынды,

Шырқайық ән-жырды.

Сезім:

Әдемілеп тізілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Енжерліқті тастайық,

Шырша тойын бастайық.

Баймырза:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанатты жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)

Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

Ән: «Жаңа жыл» ортаға Андағұл Айбар, Сауық Айзере, Бақытжанқызы Айжан шақырамыз.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата — аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха — ха — ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата — аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Ән: «Аяз ата» Қанатқызы Сезім, Арсенұлы Самұратты орға шақырамыз.
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?

Лунара:

Ақ сақалды таяқты,

Қалың қырау қабақты.

Аяз ата аямай,

Бізге сыйлық таратты.

Ойыншықты, тәттісі,

Орасан көп сияқты.
Ернар:

Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақылы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.
Нұрсұлтан:

Дала нұр, қала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Ерсұлтан:

Әлде қарлы боранда,

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстіне.

Айша:

Аппақ қыстың бояуы,

Аппақ қыстың бораны.

Ақ көрпеге орайды,

Ақ қар байтақ даланы.

Аяз шымшып қояды,

Ақ құшағын жаяды.

Айзере:

Көңілді көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Самұрат:

Шеберін-ай аяздың,

Әйнектерді қағаз ғып.

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты.

Суреттерді әр үйге,

Әйнектерге әрине.

Түнде салып береді.

Ақжүрек:

Без дедушки мороза,

Снежинки не летят.

Без дедушки мороза,

Узоры не блестят.

Інжу:

Игрушки разноцветные,

Она для нас расвесила.

И все глядят на елочку,

И всем сегодня весело.

Жүргізуші:

Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып. -дей келе қыздарымыз бен ұлдарымызды Аяна, Кәусар, Айдын, Алдияр, Айда «Дженглбес» биімен ортаға шақырамыз.

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар мен билер кейін кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқап балаларға.
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім — ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге…..
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі….
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын….
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Тышқанмын Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Айдын:

Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ атамыз.

Алдияр:

Билейміз де ойнаймыз,

Балғын ұл-қыздар.

Жаңа жылдай жайнаймыз,

Жарқын жұлдыздар.

Жүргізуші:
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Сыйлық» биін тамашалайық!

Айда:

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз,

Өлең де әзір, ән әзір.

Ойын әзір, бәрі әзір,

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Гүлдариға:

Шанамен, шаңғымен,

Мұздарды сызалық.

Елемей ызғарды,

Жаңа жыл бәйгесін.

Келейік біз алып.

Жүргізуші:

Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып.

Би: «Ақбота» тобының тәрбиеленушілері Ақжүрек, Ернар, Баймырза, Айбарды «Сюрприз» биімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!
Ән: «Жаңа жыл!»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Тәуіп ауылы

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы

Тәрбиеші: Мінәжаддинқызы Айгүл

Тақырыбы: Әкем, шешем және мен!

Мақсаты:

А) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ә) Күш-қуат пен секіргіштікті дамыту.

Б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері бүгінгі «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер.

Егемендік еліміздің ертеңі, денсаулығы мықты азаматтармен азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу-біздің міндетіміз. Міне, бүгінгі балабақша тәбиеленушілері және ата-аналарының қатысуымен өткелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты сайсымызды бастауға рұқсат етіңіз.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1.

2.

Алдымен ортаға сайысқа қатысушыларымызды шақырайық.

Ұран. Топтың аты. (топтар өздерін таныстырдады)

Олай болса, сайыстың турларымен таныстырып өтейік:

1.Жүргек пойыз.

  1. Асық ату.

3.Біз бірінші….

  1. «Эстафета»

Жүргізуші:

Ал қадірлі халайық,

Зердемізді салайық.

Белімізді буып алып, бекініп,

Күшімізді сынайық.

1.Ойын: «Жүргек пойыз»

Ойының шарты: Бірінші әкелері сөреге дейін жүгәрәп айналып келеді, екінші анасымен, үшінші баласымен жеке-жеке мәреден айналып келу керек. Пойыз вагондары үзілмеу керек.

  1. Ойын: «Асық ату»

Ойынның шарты: Әр отбасы мүшелері тізілген асықты құлату керек. (қанша асық құласа, сонша ұпай қосылады)

  1. Ойын: «Біз бірінші»

Ойынның шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы қалақ арқылы кішкентай допты түсірмей алып жүруі керек.

4. Ойын: «Эстафета»

Ойынның шарты: Екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткеннен кейін баласының қолындағы суы бар ыдысты ата-анасы қолымен ұстамауы тиіс. Баласы ыдыстағы суды ата-анасына беруі және құйылған суды туысып ішу тиіс.

Әділқазылар бағасы.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпаздарды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену , жалықпау .

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Олай болса құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, бүлдіпшіндер, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр әрі шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Құрметті көрермендер, «Әкем, жешем және мен» атты спорт сайысымыз мәресіне келіп жетті.

Әділқазылар шешімі (жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар табыс етіледі)

Жүргізуші:

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен, «Әкем, шешем және мен» спорттық сайысымыз аяқталды.

Отбасылық сайысқа қатысқандарың үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандыққа жүздескенше, сау болыңыздар!

Тәуіп ауылы

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы

Тәрбиеші: Мінәжаддинқызы Айгүл

«Ақбота» (3-4 жас) ІІ кіші тобынаарналғанұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Тәрбиеші:Мінәжаддинқызы А.

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Сенсорика.

Мерзімі:

Тақырыбы:« Дөңгелек күн».

Мақсаты:

Білімділік: балалардың таныс геометриялық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек) туралы білімді бекіту; тапсырыс пен сөздік мағынасы бойынша, заттар түсіне бағыттала заттарды іріктеп таңдауды үйрету; балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту;

Дамытушылық: қабылдауды, есте сақтауды, көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту;

Тәрбиелік: балаларды әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау тәжірибесін кеңейтіп, талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: құрсау, геометриялық фигуралар дөңгелек, үшбұрыш) бейнеленген карточкалар; геометриялық фигуралар салынған қапшық.дөңгелек,үшбұрыш, құм)

Сөздік жұмыс:дөңгелек.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі Балалардың оқу қызметі
Мотивациялыққозгаушылық Ойындық жағдаят.

Балаларды дөңгелек сызық

бойына тұрғызу.

Сөздік жұмыс: дөңгелек.

— Балалар, қараңдаршы, біздің дөңгелек қандай үлкен. Ол күнге ұқсай ма?

— Кәнеки, біздің күнімізге сәулелер

жасайық. Оң қолдарыңмен құрсауды

ұстаңдар, ал сол қолдарыңды сыртқа

қарай созыңдар.

Міне, біз сәулелер сияқтымыз!

— Күн, құрсау қандай пішінге ұқсайды?

Балалардөңгелек сызық бойына

тұрады.

«Дөңгелек» сөзін

Қайталайды

Иә, күнге ұқсайды.

Тәрбиешінің айтқанын орындайды.

— Дөңгелекке.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Тақтада орнатылған күнді қандай пішінге ұқсайтынын сұрау.

Үстелде үстінде «Құм терапиясы» яғни балалар геометриялық пішіндерді құм арасынан табады.Тапқан үшбұрыштарын күнге шапақ қылып орнатады.

— Мынау қандай пішін?

Бала санына қарай күннің шапағын әр бала жеке өзі жапсырады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

Қоңыз шықты ағашқа

Артында оның баласы

Бір мезгілде жаңбыр жауды

Қоңыз жерге құлады

Арайланып күн шықты.

Қоңыз үйге қайтты.

-Дөңгелекке

Балалардың жауаптары:

— үшбұрыш

Тапқан үшбұрыштарын күнге шапақ қылып жапсырады.

Қимыл-қозғалыстар

жасайды.

Рефлексиялық түзеушілік «Қорапшадан алып шық» дид/ойыны. Үстел үстіне бір пішіннің орыны ойылған қатты қағаз орналастырылған.Сол жерге қапшықтан тиісті пішінді тауып орнына қоюы керек. Барлық бала ойынға қатысады.

— Бүгін біз геометриялық пішіндерді

ажыратуды үйрендік, олардың неге

ұқсайтынын білдік. Сонымен қоса,

олардың түстер мен өлшемнен

болатынын білдік. Жарайсыңдар!

Сипап ұстау арқылы

Қапшыктың ішінен алып

Шыққан фигураның

атауын балалар атап, сосын түсі

мен өлшемін анықтайды.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың атауын; пішіндер атауын (дөңгелек, үшбұрыш);

түсінеді: пішіндердің түсі және пішіні бойынша салыстыру дағдысын;

қолданады: көрсетілім мен сөздік сипаттамаға бағыттала отырып, заттарды жинақта

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Тәуіп ауылы

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы

Тәрбиеші: Мінәжаддинқызы Айгүл

Тақырыбы: Күз ханзадасы мен ханшайымы

1-жүрізуші:

Ғасырбек

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдыр, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

1-жүргізуші:

Ғасырбек .

Армысыздар құрметті: Ата-аналар, ұстаздар және бүлдіршіндер! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күніміз әрдайым берекелі, ырысты болсын! Бүгінгі біздің «Күз ханзадасы-ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

1– жүргізуші:

Ғасырбек

Алтын күз сәуле шашты даламызға,

Той думан өтіп жатыр бақшамызда.

Табиғаттың тамаша бір мезгілін,

Қарсы алмай біздер бекер қаламыз ба?

(Осы кезде залға Күз ханшайымы келеді).

Күз ханшайымы: Армысыңдар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба? (Жоқ)

Күз ханшайымы: Бүлдіршіндер, мені күткендеріңе өте қуаныштымын. Менің қолымдағы бірінші себетте сендерге арналған сыйлықтарым, ал екінші себетте «Күз ханзадасы-ханшайымына» сыйлайтын тәждерім бар, соны алуға тырысайық. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл.

Түссе-сары.

Бұл не? (Жапырақ)- дұрыс айтасыңдар, -деп айтқан балаға сыйлық бер.

1– жүргізуші:

Ғасырбек

Күз ханшаймы, сіз төрге шығып, бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз.

Күз ханшайымы: Рахмет, сіздерге.

Би: «Жапырақ» Тұрарқызы Інжу, Сәкен Лунара. «Ақбота» тобының 4-5 жас бүлдіршіндерін ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз.

2-жүргізуші:

Айгүл

Бүгін, мейрам, бүгін той,

Қуаныш күні біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық серпілсін бой-дей келе,ортаға бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған үміткерлерімізді құрметпен қарсы алайық! (номер алу)

1-жүргізуші:

Ғасырбек

Айжанымыз білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Ақжүрек біздін елгезек,
Алады тез тіліңді.

2-жүргізуші:

Айгүл

Сезім қызымыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп
Ерсұлтанымыз өнерлі,
Төгеді бар өнерді

1-жүргізуші:

Ғасырбек

Гүлдариға қызымыз айдай,
Атына заты сайдай.
Нұрсылтан ұлымыз салмақты,

Болады әркез жан-жақты.

2-жүргізуші:

Айгүл

Ортамыздың ажары,

Гауһар-айдай ерке қыз.

Айбар деген бала бар,

Бойында түрлі сала бар.

1-жүргізуші:

Ғасырбек

Күлімдеген Айзереміз,

Ибалы да өнерлі,

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Намысшыл жігіт Самұрат.

2-жүргізуші:

Айгүл

Бүгінгі кештің сәнін келтіретін әсем жұптарымызбен таныс болдыңыздар, ендігі кезекте осы жұптарды бағалап саралайтын әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар. (бағалау ашық түрде өтеді)

Баяғы өткен заманда ,
Дін мұсылман аманда.
Әділдік іздеп екі адам,
Биге барып бас қосқан.
Ал, бүгінгі заманда,
ЖЮРИ деген ат шыққан,
Қазақшаға аударған соң.
Әділ қазы деп шыққан.

1-жүргізуші:

Ғасырбек

Өнерлерін көріңіз,

Сөзіне баға беріңіз.

Айнұр апай саралап,

Әділ баға беріңіз.
2-жүргізуші:

Айгүл

Бөбекжай-бақша әдіскері,

Күлімдеп әр-кез жүретін.

Өз ісін шебер білетін,

Анар апай жан-жақты,

Баға берер салмақты.

2-жүргізуші:

Айгүл

Ақ ниет жанға қуат демеу болар,

Ақ бата алғанға, ерге бақыт қонар.

Ақтарсын ақ тілегін қонақтарға,

Шын көңілден айтқан сөзі қабыл болар.

1-жүргізуші:

Ғасырбек

Көтерілсін көңілің көрерменім,

Өнеріммен өркен жайып көгергенмін.

Алдарыңа біз бүгін ақтарайық,

«Күз ханзадасы- ханшайымы» өнер кенін.

2-жүргізуші:

Айгүл

Ортаға Ғасырбекті «Ассалаумағалейкум» әнімен қарсы алайық! Ду қол шапалақ!

2– жүргізуші:

Ғасырбек

Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам?
Таланттарын табайық!-деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

1– жүргізушісі:

Айгүл-дей келе бүгінгі кешіміздің шарттарымен таныс болайық.

1 – бөлім: «Тегін білу-тектілік» өзін таныстыру

2 – бөлім: «Ойлы болсаң тауып көр» сұрақ-жауап сайысы.

3 – бөлім: Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын. (бүлдіршіндер жапырақтардан көбелек жасайды)

4 –бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» өз өнерлерін ортаға салады.

5– бөлім: «Сымбатына сән киімі жарасқан» (сән үлгісі)

Сонымен «Күз ханзадасы- ханшайымы -2019» сайысымызды бастаймыз.

1– жүргізуші:

Ғасырбек

Өнерпаздық жастықпен жарасады,

Жеңу үшін бәрі де таласады.

Көрсетсін өнерлерін қыз – жігіттер,

Риза болып бар қауым тарасады.

2– жүргізуші:

Айгүл

Толқимыз,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Қатысушы бүлдіршінді бұл сайысқа.

1– жүргізуші:

Ғасырбек

1.Өмірзақ Самұрат — Сауық Айзере

2.Алтайбек Нұрсұлтан-Жанділдақызы Гүлдариға

  1. Алтайбек Ерсұлтан-Қанатқызы Сезім
  2. Андағұл Айбар-Тоқтамысова Лунара

5.Өмірзақ Ақжүрек-Бақытжанқызы Айжан

1– жүргізуші:

Айгүл

Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді-дей келе сайыскерлеріміздің «Таныстыру» шарты бойынша әділқазы бағасын сұраймыз.

2 – бөлім:

Сұрақ-жауап сайысы.

Бүлдіршіндер жан-жақты,

Бірінен-бірі қалмапты.

Бүлдіршіндерді сынап көрейік,

Сұрақ қойып, салмақты,-деп «ойлы болсаң тауып көр» кезеңі бойынша бүлдіршіндерімізге сұрақ қойылады.

1– жүргізуші:

Ғасырбек

  1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар І жылда неше жыл мезгілі бар?

2.Сен қай топта тәрбиеленіп жатырсың?

Сенің тәрбиешілерің аты кім?

3.Орманда нелер өмір сүреді?

Қоянның азығы не?

4.Күз мезгілінде жапырақтардың түсі қандай болады?

Қазақстан туының түсі қандай?

  1. «Бауырсақ» кейіпкерлерін ата?

Аюдың азығы не?

2-жүргізуші:

Айгүл

3 – бөлім:

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын. (төрт мезгілдің серетін құрастыру)

1– жүргізуші:

Ғасырбек

4 –бөлім:

Өнерпаздық жастықпен жарасады,

Жеңу үшін бәрі де таласады.

Көрсетсін өнерлерін қыз – жігіттер,

Риза болып бар қауым жарасады,-демекші келесі кезекті «Өнерлі өрге жүзеді» өз өнерлерін ортаға салады.

2– жүргізуші:

Айгүл

5– бөлім:

«Сынбатына сән киім жарасатын»
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп дайын тұрған,
Көрейінші қай киім жарасатын.

Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынатын бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз. Кішкентай сұлу қыз-жігіттеріміз дайындалып болғанша «Ақбота» тобының 3-4 жас бүлдіншіндерін әсем билерін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Ғасырбек

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Әділқазыларға төрелікті берейікші.

Жеңіп шыққан ханзада мен ханшайымға,

Құттықтап сәттілікті тілейікші.

2-жүргізуші:

Айгүл

Келесі сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Әділқазылардан ұпай санын сұрап, сайыскерлер мен жеңімпаздарды марапаттауды ұсынамыз. Әділқазылар алқасы ұпай санын есептеп болғанша Ғасырбектің орындауында «Ассалаумағалейкум» әнін қабыл алыңыздар.

Көңілді бола берсін бүлдіршіндер,

Ата-анамен, тілекшіміз мына біздер.

Өнерлері өрге жүзсін деп тілейік,

Аман-сау, келер жылы кездейсейік.

(Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі).

Би: «Домбыра» Бауыржанқызы Аяна, Ахмет Толғанайды ортаға қарсы алайық.

(қатысушы бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз).

1–жүргізуші:

Ғасырбек

Құрметті көрермен қауым, осымен «Күз ханзадасы-ханшайым-2019» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

2–жүргізуші:

Ғасырбек, Айгүл

Келесі кездескеше, хош сау болыңыздар! Сайыскерлерді жүлделі жетістіктерімен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.