Жаңа сабақтар

Алғашқы ұстаз

Джапарова Ақмарал
Қарақалпақстан республикасы. Қоңырат қаласы № 51 мектеп мұғалімі

Бірінші сыныпқа мектепке оқушы келер,
Анасымен перзенті бірге келер.
Мектебін, оқытатын мұғалімін көрер,
Жақсы оқытар деп үміттенер.

Мұғалім құшақ ашып қарсы алар,
Оқушыларым көбейе бергей деп армандар.
Ата – анасы , оқушымен танысып алар
Партаға отырғызып дәптер бетін аштырар.

Мұғалім оқушыларға жақсы сөйлер,
Партада дұрыс отырғызуды үйретер .
Мынау қия сызық жазу дәптері деп,
Ал мынау тор көз сандар жазатын дәптері деп,

Оқушының оқу құралдарын үйретер.
Таяқшалар жазудан бастар мұғалім,
Тақтаға жазып жазуды түсіндірер.
Дәптерлеріне қызыл сиямен жазып беріп,

Оқушыларына қалам ұстатып үйретер.
Жазу сырларын үйретіп барар,
Оқушыларын оқуға қызықтырар.
Дүрыс оқып, әдемі жазуды
Мұғалім жалықпай үйретіп барар.

Сандарды санауды жазуды үйретер,
Суреттер бойынша әңгіме түздірер.
Біз бірге оқитын сыныптастармыз деп
Дос болуға мейірімділікке тәрбиелер.

Әліппені қолдарына алып,
Әріптерді оқуды үйренер.
Мұғалімнің қызықтырып оқытқанын
Үйдегі анасына айтып келер.

Үйде ата – аналар да көңіл бөлер,
Жас кезіндегі балалық шақтары есіне түсер.
Сабағына қарасып үйретіп барар,
Перзентіне тірем болар ата – аналар.

Ата – аналары алыста,
Жұмыс істеп жүргендер бар.
Сонда да сол перзенттің,
Арқа сүйер атасы мен әжесі бар.

Отбасындағы туысқандар ағасы, апасы ,
Бірінші сынып туысына көңіл бөлер.
Олар да қызығып бірге оқып
Білгенін үйретіп мектебіне жіберер.

Мектеп — киелі орын екінші үйіміз,
Кітап — білім , тәрбие берер сырласымыз.
Мұғалімдер — білім, тәрбие беретін асыл жандар,
Ата – аналар — перзентінің жақсы болуын армандар.

Перзент деген пәк сезімді ақкөкірек жандар ғой
Он саусақ тең емес мінездер де сондай ғой.
Сол сезімнің әрқайсысын түсініп бағалайық
Барлық уақыт тынымсыз үйретуге жалықпайық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.