Жаңа сабақтар

Кыдырова Жанат Курманбековна

Атырау облысы, Индер ауданы, М.Әуезов мектебі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кыдырова Жанат Курманбековна

Ізгілікті педагог Шәкәрім Құдайбердіұлы

Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де айтып кеткен. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға «Ар-ұждан ілімін» әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары – ар-ұждан сабақтары болып табылады.

Шәкәрiм Құдайбердiұлы «Адамның жақсы өмiр сүруiне үш қасиет негiз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мiнсiз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандық инстинкттен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі» — деп санады.

Шәкәрім ата! өмірдің ақ-қарасын ажыратып, адамгершілік, қайырымдылық, еңбекқорлық, сабырлылық атаулы көркем мінездердің үлгісін көрсеткен Абай атамнан кейінгі ізбасарларының бірі – өзіңіз. Бұл дүниені ғұламалар бекер «жалған» деп баға бермесе керекті. Адам туғанынан жан – дүниесін танып біледі. Жүреді, оқиды, жұмыс жасайды, отбасын құрайды, бала сүйеді немерелі болады, одан кейін өмірден өтеді. Иә, бұл өмірде ештеңе мәңгілік емес. Ендеше осы өмірдің шын мәнінде туғаннан – өткенге дейінгі күндері, айлары, жылдары мейлі өмір сүрсін қаншама жерден жұмыс жасасын күлсін, оянсын, ұйықтасын. Бірақ, бір күні сол жүрек жолдарыннан таңертең оянбайтын кез келеді. Сонда осы өмір «жалған» емей немене?

Сіз келешек ұрпаққа жарқын өмір сыйлап, оқуға үндеп, адамзаттың озық ойлы, парасатты болуына насихаттадыңыз. Жүрген сара жолыңыз дара жолға айналып, өлеңіңіз бен шығармаларыңыз, еңбектеріңіз қазіргі күнде қазақ әдебиетіне қосқан зор үлес қана емес, адам болмысында құпияға толы сан еңбектеріңіз сусындап, құдықты ашатын кілт іспеттес. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әрі қарай адам болып қалыптасуына айтарлықтай септігін тигізгені сөзсіз.

«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр баралық!

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр баралық!

Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ, айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық!»

Ақынның осындай арналы бағыт беретін өлең жолдары оқу, білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады.Алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын ескертіңіз.

Сіз – өзіңіз қатарлы да, өзге жасты замандастарыңыздың, билік өкілдерінің қарсылығына қарамастан болашақ ұрпақтың қамын жеп, өз басыңызға қауіп төнген жағдайда да еш қапысыз, болашақтың білім алуына зор үлес қостыңыз. Осы аталған еңбектеріңіз елеусіз емес. Қазіргі таңда сіздердің салған сара жолдарыңыз Еланасының үндеуімен қолға алынып , іске асты. Біздің болашақ жастарымыз жарқын белестерге самғайтынына сенемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.