Жаңа сабақтар

ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІ – МЕКТЕП ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТ АСТЫҒЫ

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы білім бөлімінің әдіскері
Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы

Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың байқуатты да табысты болашағының кепілі.Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау — бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының барынша айғағы.
Отбасы − ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі. Оның сапасы бірнеше деңгейлер, салалар арқылы анықталады. Әлеуметтік-мәдени деңгей ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына, әлеуметтік-экономикалық деңгей тұрмыстық жағдайға, ата-аналарының жұмыс бастылығына; техникалық-гигиеналық деңгей үйінің жабдықталуына, өмір сүру ерекшеліктеріне; демократиялық деңгей отбасы құрылымына байланысты. Бала дамуының қай бағытын, қай кезеңін алсақ та, ең басты рөлді отбасы атқаратыны анық.
Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:
− бала денсаулығына қамқорлық;
− оқуына көмек, жетекшілік;
− еңбек тәрбиесі, мамандық таңдауға көмек;
− жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі көмек;
− адамгершілікке тәрбиелеу;
− ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал;
− шығармашылық икемділіктері мен қызығуын дамыту;
− өзін-өзі тәрбиелеуге, болашақтағы отбасылық өмірге дайындау.
Сонымен, отбасылық тәрбиенің мәңгі ажырамас бөліктері:
− отбасылық тәрбие ахуалы (өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас);
− отбасы өмірінің тәртібі;
− іс-әрекеттің мазмұны (әкенің, ананың, ата, әже, балалардың).
Қазіргі отбасылар әрі сапалы, жаңа, әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді. Бір жағынан, қоғамның отбасының келесі мәселелері мен қажеттіліктеріне бетбұрысы байқалады, бала тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын бекіту мен бір жағынан, қоғамның отбасының келелі мәселелері мен қажеттіліктеріне бетбұрысы байқалады, бала тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын бекіту мен жоғарылату бағытында жаңа кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Екінші жағынан, қоғамда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әкеліп соқтыратын құбылыстар да байқалады. Отбасылардың көпшілігінің әр түрлі себептен тұрмыс жағдайларының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы, толық емес, яғни, әкесі не шешесі жоқ отбасыларының көбеюі, отбасындағы балаға қамқорлық пен мейірімнің жетіспеушілігі, т.б. Осының бәрі әлемдегі, елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының әлеуметтендіру институты ретінде шырқының бұзылуынан екені сөзсіз. Отбасының келелі мәселелері балалрдың өздерін де толғандырады.
Оқушылардың, ең алдымен, өз ата-аналарына ұқсағысы келеді. Дегенмен, балалардың бәрі бірдей өздерін өз отбасында жақсы сезінбейді. Отбасындағы келіспеушіліктерде ата-аналардың көпшілігі балаларымен қатаң әңгіме жүргізеді, балалықтың әр түрлі нәрлі сезімдерінен айырады, қол жұмсайды. Баланың жан дүниесін тани отырып, оның көңілін толғандыратын келелі мәселелеріне үн қатып немесе керісінше, екеуін де елемей, ата-аналар олардың сана-сезімдерін және бүтіндей жеке тұлғасын қалыптастырады. Сондықтан да отбасындағы жағдайды танып-білу, бала тәрбиесінде ата-анаға теориялық көмек беру өте маңызды.
Ата-ана мен педагогтардың мақсатты, ұйымдасқан, бірлескен іс-әрекеттері белгілі бір кезеңдер бойынша жүзеге асады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жасырын үйретушілік сипатқа ие. Педагог отбасылық тәрбиенің жағымды жақтарына сүйенеді. Оны жан-жақты таратып, жағымсыз жағын жоюда қолданады.
Ата-ана мен педагог арасындағы бір-біріне деген сенімділік − бірінші және шешуші шарт. Арадағы қарым-қатынас ата-ананың тәрбие ісіне қызығуын оятып, табысқа ұмтылдыратындай, өз күшіне сенімділік тудыратындай болып құрылуы тиіс.
Педагогтың екінші бір маңызды міндеті − отбасын педагогикалық білік-дағдыларымен қаруландыру, оларды теориялық және практикалық түрде меңгерту.
Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынастың аяғы ата-аналардың өз балаларының ғана емес, жалпы сынып тәрбие жұмысына қатысуына әкелді. Мұғалімдер мен ата-аналар әріптес ретінде тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отырады.
Оқушының отбасын зерттеу оның өзін жақын тануға мүмкіндік береді. Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, дәстүрлері, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері, оқушының үйдегі ата-анасымен қарым-қатынасы, осының бәрін түсіну үшін мұғалім психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың кешенді, дәстүрлі әдістерін қолдана алады: бақылау, әңгімелесу, тест, сауалнама жүргізу, іскерлік ойындар, бала шығармашылығының өнімдері және т.б. Отбасын зерттеу өте нәзік құбылыс, мұғалімнен отбасының барлық мүшелеріне сыйластық танытуды, шыншылдықты, бала тәрбиесінде көмек көрсетуге ниет білдіруі қажет етеді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы — озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.