Жаңа сабақтар

Сактаганова Гульсум Саденовна

Қостанай қаласы әкімдігінің

№17 бөбекжай-бақшасы

МКҚК тәрбиешісі

Сактаганова Гульсум Саденовна

Баланы мақтау өсіреді

1.Бала әрқашанда бала,ешқашан оның мүмкіндігінен жоғары нәрселерді талап етіп,міндеттеуге болмайды.Оларды жасынан тек жақсы көріп,тұлға ретінде қарау керек.

2.Бала өз бетімен ойнап ,бір нәрселермен айналысып отырса оны қадағалап,ескертіп мазасызданудың керегі жоқ.Бұл жағдайда бала еркін болсын,алам деген затын алып пайдалансын ,шығармашылықпен айналысып отыр деп есептеңіз.Сындырасың,ол қауіпті,оны ұзақ қолданбай тез құртасың деп емес,балаға қауіп төнбегенін ғана мұқият қадағалау керек және мүмкіндігінше кедергі болмаған дұрыс.

3.Баланы мақтау өсіреді,әр ісіне,жасаған затына жақсы сөзді аямаңыз, одан да мына бір жері күрделірек болса қалай болады деген сияқты ойына ой қосып қойған дұрыс.Әрбір бала өзінің әлемдегі ең ақылды,ең жылдам,ең мықты,ең күшті бала екеніне еш күмәні болмауы керек.

4.Егер бала бірнәрсемен ұзағырақ айналысса, яғни 2 сағаттан артық пирамида,кубикпен,сурет салу немесе боямақпен бояп отыра алса, бұл-өте жақсы. Кейде жасағынына көңіл бөліп, жаңа бір идеялар айтып қойса да артық болмайды.Баламен әрқашан өзіңізбен теңдей көріп,ақылдасып отырған жақсы болады.Егер бала ата-анасына аулада қалай ойнағанын не көргенін,естігенін айтса,бұл да дұрыс.Оны ден қойып тыңдау керек және дұрыс бұрысын айтып,артық кеткен не қателескен жері болса түсіндіріп,әділ түрде саралау жасап, ауладағы оқиғаны талдап қойған жөн.Бұдан бала біреуді тыңдауды үйренеді,және өз ойын бүкпей айтып жеткізуге дағдыланады.Сонымен бірге өз орнын біліп, өзінің не басқалардың артық кеткенін немесе қателік кімнен екенін түсінетін болады.

5.Балаға ешқашан ұрспау керек,бірнәсе бүлдіріп қойған жағдайда салмақты болған дұрыс. Сонымен қатар қатты жақсы көріп,еркелетудің,оның әніне төңкеріліп, айтқанын әперудіңде қажеті жоқ.Бала кішкене кезінен яғни сөз түсінетін жасынан бастап, қоғаммен айналасына зиян келтірмеуге және барлық адамға ортақ нәрселермен ережелерді сақтауға,көпшілікпен санасуға және басқаның орнына өзін қойып көріп,сосын барып ол туралы өз ойын айтуға,қалағанын орнымен сұрауға үйренуі тиіс. Мұнымен қатар барлық жағдайға келісіп көнуге үйренгені жөн.Өйткені алдағы өмірде оған әлі де талай нәрселерге дайын болуы керек екендігі сөзсіз ғой.

6.Ешқашанда балаңыз туралы, басқаларға сын айттырып жамандатуға,оның мінезін,қылығын айтып көпшілік ішінде күлкі етуге жол бермеу керек.Баланы басқалар алдында ұялтып,кінәлі болса біреудің аяғына жығып беріп,ақмақ көрсету- үлкен қате.Бала қайда болсын, бүлдіршін кезінде де,жасөспірім кезінде де өзін қорғансыз сезінбеуі тиіс.Тағы бір маңызды нәрсе- баланы ешқашан басқамен салыстыруға болмайды.Ол өзгеге ұқсауға,одан қалыспауға немесе озуға міндетті емес.Әркімнің қабілетіне қарай өз жолы бар.Маңыздысы ол- жақсы тәрбиеленген,ешкімге зияны жоқ,жұртпен тіл табыса білетін және өз ісіне,мақсатына берік адам болып өсуі тиіс.

7.Жақсы тәрбиеленген бала, Ол-өзіне сенімді,кез келген жағдайдан өз қадірімен шыға алатын,біреудің демеуін,қолдауын қажет етпейтін. Қылығымен әдеті үшін ешкімнен ұялмайтын.Өзін қайда болса да еркін ұстай білетін.Әр нәрсенің әділін айта алатын,өз ұстанымы бар,тілінде еш кемшілік жоқ(егер бар болса ерте жасынан емдетіп,түзетіп тастау қажет).Жұрт алдында өз ой-пікірін қысылмай айта алатын,мінезі салмақты,орнықты және өз ісіне жауапкершілікпен қарай білетін.Айтқан сөзімен уәдесінде тұра алатын,сана деңгейімен өзін бағалауы жоғары.Адамдарға қатысы жөнінен мейірімді және кең адам болады.

8.Ұл бала мынандай,қыз бала мынандай болу керек деп үйретіп қажет емес.Ұлмен қыздың өзара айырмашылығы болады,ал адам, азамат ретінде барлық адам теңдей. Олардың бір-бірінен еш артықшылығы да кемшіліктері де болмайды. Барлық адамның құқығы барлық жағдайда да бірдей. Адам адамнан мінезімен ,ақылымен және білімімен ғана озып,ерекшеленеді. Осы қағиданы балаға, жастайынан құлағына құйып түсіндіріп қойған жөн болады.Мұнымен қоса ,балаға жастайынан имандылық,дін туралыда, дұрыс көзқарас қалыптастыру қажет.Жаратқанның бар екені,адамға берілген қиындықта,жетістік те оның ниет-пиғылына қарай Алланың бұйрығымен болады.Басқаға жасаған жақсылықпен жамандық,қиянат бәрі де табиғаттың заңымен,Жаратушының бұйрығымен өзіңе қайта айналып келеді.Өзіңе жақсылық болсын десең оны басқаларға да тілеуің керек. «Жақсылықтармен жақсы іс әлемге ортақ! Елге жақсы болса саған да жақсы болады!Жалғыз шауып жақсылыққа жетпейсің!Көппен көрген ұлы той! Көптің тілеуі көл!» -деген сияқты сөздерді балалар өсіп жатқан шаңырақта көбірек қолданған жөн. Өйткені бала ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі.Баланы тәрбиелеудің қажеті жоқ,өзіңді тәрбиеле деген сөздің жаны бар.Өйткені зерттеулер нәтижесі бойынша ,бала- жүз пайыз өзінің ата-анасының көшірмесі болып шығады екен.Бұдан әрі қарай, өмірінің- жақсы не жаман болуы жүрген ортасына,өзінің көрген түйгеніне және сана деңгейімен ниет-пиғылына қарай өзгереді екен. Бала тәрбиелеп отырған әрбір отбасы,осы ережелерді оқып,көңілдеріне түйіп,іске асыруға тырысса- бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарағаны деп санар едім.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.