Жаңа сабақтар

Балабақшада театрландыру әрекеті

ШҚО, Өскемен қаласы КМҚК №2 «Бүлдіршін» балабақша-бөбекжайының

тәрбиешісі Султанова Айнур Утембаевна

Тақырыбы: Балабақшада театрландыру әрекеті.

Театрландыру әрекеті— бұл балалар шығармашылығының кең таралған бір түрі және бұл әрекетке мектепке дейінгі жастан бастап балаларды тарту өте қажет.

Бала табиғатының тереңінде жатқан театрландыру әрекеті өзіне жақын және түсінікті, бұл әрекет ойынмен тығыз байланысты болғандықтан өзінің бейнесін стихиялық түрде табады. Бала қоршаған ортадан алған әсерлерін, өзінің әр түрлі ойлаған ойларын кейіпкерлер және олардың әрекеті арқылы іске асырғысы келеді. Образға еніп, ол кез келген рөлді ойнап, көргендеріне, қызықтырғанына, еліктеуге тырысып,сонымен бұл әрекет оған эмоционалдық ләззат алуға мүмкіндік береді. Балада бірте-бірте образдарды құрастыру іскерліктері, өнертапқыштығы және ептілігі, интуициясы, импровизация қабілеттілігі дамиды.

Тыңдаған шығарманың мазмұнын «жандандыру» үшін педагогтың ұйымдастырған театрландыру ойындарда, шағын спектакльдерде импровизация принципі ең басты орынды алады. Балалар театрландыру әрекетінде ең бастысы соңғы нәтижесі емес, бұл әрекетте маңыздысы- кейіптендіру,шығармашылық тебіреніс және орындау үдерісі.

Театрландыруда ең бастысы- баланың кейіпкердің сөзін жаттауы, шығарманың мазмұнын нақты келтіріп және бейнелеуі емес. Мәтінді жаттау, қимылды келтіру бірсарынды және уақытты талап етеді, ал бұл жастағы балалар ұзақ бір нәрсемен шұғылдана алмайды. Әрине, осындай театрландыру шығарма мазмұнын нақты келтірмейді және оның көріністігі төмендеу болады. Алайда осы импровизация принципі балаға өзінің жаңа образды құрудағы іскерлігі мен білімін, шығармашылығын түрлі әрекет түрі арқылы танытуға мүмкіндік береді.

Балалар шығармашылығын дамыту керек, ол үшін олар ертегі әлемнің ахуалын және мәнін түсініп, бұл ертегі кейіпкерлерінің атынан өз бетімен өнер құралдары: ым,ишара,өз ойынан шығарған диалог пен мәтіндерді, би қимылдары арқылы жеткізуге тырысады.

Балалар өзара қарым-қатынаста екі «тілді» пайдаланады.

Бірінші тіл— бұл сөздер,сөйлемдер,фразалар,түсініктер, қорытындылау тілі.

Екінші— бұл эмоция, тебіреніс, ым,жымыңдау, күлкі, бет-аузын тыжырайтушылықтың тілі.

Тіл баланы шығарма мазмұнын түсінуге үйретуде, оны вербальды түрде беріп қана қоймай, сонымен қатар «өмір сүруге» және мазмұнын эмоционалды-тікелей түрде беруде екінші тілді қолдануды дамыту үшін педагогтарға көмектесу.

үрлі шығармашылық миниатюрларды қолдануды ұсынады:

∙ музыкалық картиналар, би суреттері;

∙ дене шынықтыру кідірісі, жаттығу және сергіту сәттері.

Жоғарыда айтылғандай, «шығармашылық миниатюра» немесе «шығармашылық ойындар» білім үдерісін психологизациялауда, оқытудың ойындық сипатын қамтамасыз етуде үлкен уәж болып табылады.

Олардың шығарма мазмұнын беруде осы шығармашылығын көрсете білу дағдыларын меңгеруі артистік қабілеттерінің дамуына жағдай туғызады.

Балалардың ойындық тапсырманы жануарлар немесе ертегі кейіпкерлер образында орындауы оларға өз денесінің пластикалық қозғалыстарын жақсы игеруге көмектеседі.

Тіл дамыту, дауыс және тыныс алу жаттығулары баланың сөйлеу аппаратын жетілдіріп, дұрыс және нақты дыбыстарды айтуға дағдыландырады. Балалар көпшіл болады, нақты өз ойын тұжырымдауға және оларды ашық баяндауға, қоршаған әлемді тануға және сезінуге үйренеді.

Құрбыластардың және басқа да көрермендердің алдында өз өнерін көрсету баланың рухани қажеттілігі мен шығармашылық күшін іске асыруына жағдай туғызып, өз-өзін бағалауын көтереді. Бала үнемі өзіне алатын көрермен мен орындаушы қызметін алмастыруы, оған өзінің позициясын,іскерлігін, білімін көрсетіп, еңбексүйгіштігінің, жүйелі түрде жұмыс істеуінің, шешім қабылдағыштығын позициясын,іскерлігін, білімін көрсетіп, еңбексүйгіштігінің, жүйелі түрде жұмыс істеуінің, шешім қабылдағыштығының қалыптасуына жағдай туады.

Ертегі мазмұны бойынша театрландыру әрекетін ұйымдастыру және балалар спектаклін дайындау балалар әрекеттерінің басқа түрлерімен: ойындық,қозғалыс, көркемдік-сөйлеу, өнімді, музыкалық тығыз байланыста өтеді.

Бұл театрландыру әрекетін ұйымдастырудың бірнеше ерекшеліктері бар.

Біріншіден- бұл ертегімен танысу. Бұл кезең педагог үшін аса маңызды, сондай-ақ, баланың әдеби мәтінге эмоционалды лебізін білдіру деңгейін, оның көркемдік тебіреніс қабілетін, көрекемдік шығарманың эстетикалық құндылығын түсіну дәрежесін анықтауға көмектеседі. Ертегілермен таныстыру үдерісінде балалар тек оның желісіне қарамай, оны талдайды:

∙ кейіпкерлердің ерекшеліктері, олардың жағымды немесе жағымсыз болуы неліктен екенін;

∙ олар қалай көріну керек, олардың жүрісін, қалай сөйлейтінін;

∙ оның мінезіндегі ерекшеліктер неден көрінетінін;

∙ ертегінің өнеге-өсиет беруін.

Екіншіден- рөлдерді бөлу және игеру. Мұнда да әр қатысушымен кейіпкерлер әлеміне енуге жеке жұмыс өткізу өте маңызды.

Бұл кезеңде әр балаға ертегі мәтіні негізінде мүмкіншілігінше өзінің нұсқасын ойластыруға, яғни, өз бетімен шығармашылық ізденіске ынталандыратын жағдайын құру керек. Балалар жұмысқа белссенді араласып, осылай актерлік шеберлік дағдыларын игеруге, мәнерлі сөйлеуге және ым, пластикалық, қозғалыс арқылы көрсете білуге үйренеді.

Үшіншіден- бұл театр әрекеті үшін бірігіп дайындаған ойындық кеңістік.

Балалар апта бойы атрибуттар, декорация жасау үшіе еңбектенеді, сол себепті де, «Қарлығаш» бағдарламасында балалар спектакліне мағыналы реңк беретін көптеген ұжымдық жұмыстар қарастырылған. Ата-аналардың көмегімен қалдық материалдарды қолданып бірнеше костюмді, жетіспейтін бетперделерді дайындауға болады. Сондай-ақ, «Қарлығаш» бағдарламасында кейіптендірі үшін негізгі бетпердені қолдану ұсынылады және бұл педагогтардың жұмыстарын жеңілдете түседі. Осындай театрландыруға ұжымдық дайындық аса маңызды, сонымен, балаларды жалпы жұмысқа біріктіріп, жалпы істің атынан өзінің міндетін мұқият орындауға үйретіп, олардың шығармашылық өзара әрекеттестікке жағдай туғызады.

Театр балалар үшін- бұл әрқашанда ойын, таңғажайып ертегі, желілігі тартымды және әдемі кейіпкерлердің әрекетінің сиқырлығы. Бұл кейіпкерлерді көруі ғана емес, алайда, солар сияқты болу. Кейіптендіруде балалардың:

∙ сенсорлық дағдысы,

∙ эмоционалды және ойлау мүмкіндіктерінің аймағы кеңейіп;

∙ бөгеліп қалушылығы;

∙ ұялшақтығы жойылып, шығармашылық қиялы мен фантазиясы дамиды.

Театрландыру әрекеті балаға ертегіні түсіну арқылы қоршаған әлемді тануы мен түсінуге ғана мүмкіндік бермей, сонымен бірге, олармен үйлесімді өмір сүруге, сабақтардан қанағат-ләззат алуына, әрекеттердің әр түрлілігіне, көркем-шығармашылық белсенді үдерісінде оларға қатысуға, яғни, жалпы дамуы мен шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

∙ балалар әрекетінің трлерін барынша қолдану;

∙ әрекеттің әр бағыттарына өз уақытында үйлесімді ықпал жасау;

∙ әр баланың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес, қызығушылығын дамытуға мүмкіндік беретін білім беру материалын вариативті қолдану;

∙ балалар шығармашылығының нәтижесінде құрметпен қарауды ескере отырып жүзеге асыру қарастырылған.

Арнайы мектепке дейінгі әрекеттерге табысты қатысу- баланың жүріс-тұрыс тәртібінің еркіндігін, логикалық ойлау қабілетін, қойылған мақсатқа жетуге күш-жігерін және зейінін бағындыра білу сияқты қасиеттерін, яғни, өзін-өзі бақылауды іске асыру, шығармашылық қиялын көрсетуді қалыптастырып және дамытуды көздейді.

Осы барлық қасиеттер және баланың мектепке дейінгі балалар әрекетенің түрлерін меңгеруі, базалық даму деңгейінің, мектепке оқуға жалпы психологиялық дайындығының негізі болып табылады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.