Жаңа сабақтар

Әскери автокөліктерді жүргізу

Әскери институттың курсанттары әскери автокөліктерді жүргізуді меңгеруде. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының үшінші курс курсанттары оқу аудиторияларын автодромға алмастырып, жүк көліктерін тізгіндеуді меңгеруде.

  • Ірі көлемдегі ауыр жүк көліктерін тізгіндеу оңай емес. Оған қоса тәжірибелік сабақтар үшін күрделі жағдайлар жасалды: «габаритті тоннель», «габаритті «сегіздік», «тұйық эстакада», «габаритті аула», «жасыру», «ирелең жол», «шектеулі қисық», «платформа» секілді әртүрлі кедергілер қойылған. Соның нәтижесінде курсанттар әскери автомобиль техникасын жүргізу бойынша өз дағдыларын жетілдіреді, — деді жалпыәскери пәндер кафедрасының оқытушысы подполковник Талғат Анефияев.

Автомобильдердің қозғалыс бағыты бойында жол белгілері орнатылып, теміржол өткелі жабдықталды. Қозғалыс барысында түрлі жол жағдайлары орын алады: жолда күтпеген кедергілердің пайда болуы, автомобильдің алдыңғы әйнегіне су шашу сияқты және т.б.

Оған қоса курсанттар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жетілдіріп, дөңгелекті машиналарды практикалық жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін үйренеді.

Курсанттардың айтуынша, сырт көзге мұндай техниканы жүргізу оңай көрінгенімен, оның өз ерекшеліктері мен қиындықтары жетерлік. Ауыр көлікті жүргізуші ғана оның габаритін, бұрылу радиусын ескеру керектігін басты назарда ұстайды.

Курсанттардың осы сабақтарда алған білімі, шеберлігі мен дағдылары келешекте әскери автомобиль техникасы қару-жарақ пен әскери техниканы монтаждау және материалдық құралдар мен жеке құрамды тасымалдау үшін қажет.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Курсанты военного института осваивают вождение автотехники

Учащиеся третьего курса Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи города Алматы сменили учебные аудитории на автодром, где они проходят первоначальное обучение практическому вождению грузовых автомобилей.

«К таким габаритам и мощностям привыкнуть непросто. К тому же, специально для практических занятий были оборудованы различные препятствия: тоннель, «восьмерка», железнодорожный переезд, укрытие, «змейка», «платформа» и другие, – рассказывает преподаватель кафедры общевоенных дисциплин подполковник Талгат Анефияев. – Вдоль маршрута движения автомобилей установлены дорожные знаки, оборудован железнодорожный переезд. В ходе движения создаются различные ситуации: неожиданное появление препятствия на дороге, забрызгивание ветрового стекла автомобиля и другие».

Перед практикой курсанты повышают грамотность вождения, изучая Правила дорожного движения, отрабатывают нормативы по технической подготовке, учатся в короткие сроки готовить автомобильную технику к выезду и устранять технические неисправности.

Как говорят курсанты, со стороны кажется, что все легко, но другое дело – самому управлять такой техникой. У нее свои особенности и свойства. Поэтому, только находясь внутри, можно понять всю ответственность управления таким видом транспорта: нужно учитывать габариты машины, радиус поворота и многое другое.

Знания и умения, полученные курсантами на этих занятиях, пригодятся в дальнейшей службе, когда со знанием дела они будут эксплуатировать военную технику в войсках.

Пресс-служба ВИИРЭиС

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.