Жаңа сабақтар

Сатаева Жансұлу Тәтібайқызы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің

«№ 20 орта мектеп» КММ-нің

педагог психологы Сатаева Жансұлу Тәтібайқызы

Гипербелсенді баланың мінез-құлқына бей-жай қарауға болмайды.

Мені толғандырып жүрген гипербелсенді баланың мінез-құлқы.

Гипербелсенді бала – өте көп қимылдайтын, шамадан тыс ширақ, көп қозғалатын, шаршауды білмейтін, айтқанға көп көне бермейтін, басқа балалардан мінез – құлқы мен қимылы ерекше бала.Қазіргі кезде гипербелсенді бала әр шаңырақтан табылып қалады. Әрине,мұндай балалар отбасында ата – анасын, мектепте ұстазын шаршатары сөзсіз.

Мектеп жасындағы мінез-құлқы ерекше гипербелсенді баланың ата- анасы психологтан да, оқытушысынан да барынша көмектесуін өтінеді. «Баламның қыңырлығы мен бұзақылығын қалай тежеуге болады, күніне бірнеше мәрте ұрыссам да еш нәтиже жоқ. Ұрып-соғудан өзім шаршап қаламын, ал, балам одан бетер өрешеленіп барады»-деген ата-ананың сөздерін ести отырып,кейде ойланып қаламын.

Өзім мектеп психологы болғаннан соң, қазіргі кезде елімізде жылдан-жылға осындай мінез-құлықты балалардың көбейіп келе жатқаны толғандырады. Осындай толғаныста отырып, бұған бірден-бір себепші болатын баланың өзінің туған ата-анасы екенін айтқым келеді. Жалпы айтқанда, «ұрмасаң бала төбеңе шығады,кейде қағып қою керек» деген сөз гипербелсенді балаға мүлдем керісінше әсер етеді. Баланың бойын кернеген артық күш одан сайын таси түседі.Ұрсып, қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат нәрсе, әрине ондай балаға мейлінше мол мейірім мен жылы сөз керек.Мұндай баланың таза,кіршіксіз пәк көңілін емдеу үшін көп уақыт керек. Әрине, көп уақыт талап ететін мұндай мінез-құлыққа ата-ана шыдамы жетпей,күйзеліп кететін кездер де болады.Дегенмен де, ата-ана өз баласы үшін шыдап бағуы керек.Әр нәрсенің түбінде бір жақсылығы болады ғой…

Гипербелсенді баланың өшпенділікпен өз қатарластарын сабауы, кез-келген нәрсеге ұрынып тиісуі, қолдың және аяқтың жиі және жылдам қозғалысы, ол баланың алаңдаулы немесе эмоционалдық күйде болған кезде бір жерде отыра алмауы, үнемі секіріп, үнемі қозғалуы мен үнемі айналуы, тыныштықпен ойындарға қатыса алмауы,энергиясының көптігінен бір орында байыз таппай, жүгіріп, ұйқыға кеткенше дамылдауды білмеуі,әлденеге қызығушылығы жылдам өзгеріп, барлығын білмекке ұмтылуы,тез — тез сөйлеуі,өзгенің мазасын жиі алуына байланысты қатарластарымен достаса алмауы, тек өзінің қалауымен жүруі, өзінің үлкен бауырларымен жағаласып, кішілерін жылатуы,сабақтарда үнемі шу шығаруы,көп сөйлеуі, басқаларды бұзуы, сабақ барысында немесе бір нәрсенің аяқталуын күтпестен сұрақтарға жауап беруі, бұл әрине алдымен ата-анасына мен оқытушысына басқа да ортадағы адамдар арасында әңгімелеріне және іс-әрекеттеріне әрдайым кедергі келтіреді, қиындық тудырады, алаңдатады. Бала бойындағы бұла күші мен туа бітті қызуқандылығы есейіп, есі кіргенге дейін мұндай мінез-құлқының тез арада өзгере қоймайтыны белгілі. Дегенмен де, ең бірінші ата-ана тарапынан мұндай балаларға ерекше көзқараспен қарап, көңіл бөлуі аса маңызды. Баланың өзіне көп көңіл бөлгенін қалайтынын ескере отырып, ойын-сауық орталықтарына апарып қасында жүріп бірге ойнап,бала қуанышына ортақтасып отырса, өз ойымен,қиялымен сурет салса, біткен суретіне қарап мадақтаса,жүзу бассейініне апарып, баланың суда жүзу ептілігін байқап, мақтау сөздер айтса, басқа да спорт түрлеріне қатыстырып, оның әрбір қимылына көңіл қойып мадақтаса,өзінің жас ерекшелігіне қарай кинотеатрға апарып тамашаласа,таза ауада велосипед тепкізіп, оның велосипед айдау шапшаңдығын айтып мақтаса, мүмкін осындай бала қуанатындай іс-әрекеттер балаға ата-ана айтқанын екі етпей орындап отыруға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз деп ойлаймын.Себебі, мұндай баламен бірге жүріп,оның тілін тауып өздеріне қарату,баланы өздеріне сенетіндей мүмкіндіктер беру, ата-ананың қолынан келетін іс. Бала қай кезде болмасын ата-анасын тыңдауға бұл нағыз таптырмас мүмкіндіктер мен өздеріне қаратудың бірден-бір жолы. Ата-анасын тыңдаған бала оқытушысын да, басқа ортадағы адамдарды да тыңдай біледі. Осыдан кейін-ақ гипербелсенді баланың мінез-құлқының одан әрі шиеленіспей, ақырындап нәтиже берері анық.

  • Әрине, ата-аналар аса ыждаһаттылықпен балаға ден қойып, бала жанының, бала жүрегінің нәзіктігін түсініп,назар аударып, бал татыған әдемі сөздерімен сөйлесіп отырса, бала үшін бұдан асқан бақыт жоқ қой. Осылайша гипербелсенді баланың мінез-құлқын әрбір ата-ана өздерінің мықты тәрбиесі арқылы жөнге сала алады деп ойлаймын.

Мұғалімдерге арналған коучинг сабақтың жоспары

Мектеп: Жаңаөзен қаласы, № 20 орта мектебі

Мерзімі : 12.12.2019 ж.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы»

Мұғалім: Сатаева Жансұлу Татибаевна
Көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, презентация, ватман, фломастер,стикер

Мақсаты: Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдығының мәнін аша отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

1.Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық- педогогикалық негіздермен таныстыру.

2. Өзін –өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерінің мәнін ашу.

3. Өзін- өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдарымен таныстыру.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіпке бас иген құл болмайды,

Тәртіпке көнбеген ел болмайды. (Б.Момышұлы)

Тәртіп

Талап

Тазалық

Татулық

Тыныштық

Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

1.Кіріспе

Қазіргі әлемдегі рухани –адамгершілік білім берудің басымдылығы.

Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал ету. Рухани бастау ол адамгершілікпен, риясыз мейірімділікпен, махаббатпен, өзара түсінушілікпен, төзімді -лікпен жүзеге асырылады.

Рухани адамгершілік– адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. С.Назарбаева туралы айту.

Қоғамның дағдарысты жайы туралы:

Жеке тұлғалық

Қоғамдық

Экологиялық (жеке-жеке тоқталу).

Жаңа жалпыпланеталық ойлау мәнерін қалыптастыру қажеттілігі туындады (американдық социологтар Д.Белл, З.Бжезинский, А.Тоффлер).Қоғамды ақпараттандыру , микроэлектроника, компьютерлік БАҚ адамзатты әлеуметтік-мәдени тұрғыдан біртұтас етуде.Оқыту жастарға білім беріп қана қоймай, оларды қолдана біліуге үйретуі тиіс. Оқытудың тәрбиелік компонентін күшейту маңызды. Патриотизм, мораль мен адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім, толеранттық, денсаулық және рухани даму, заңтыңдаушылық. Бұл құндылықтар барлық оқу орындарында, олардың меншік түріне қарамастан, игерілуі тиіс.

Елбасы Жолдауындағы ойлармен үндестігі. «Уақыты өтіп, келмеске кетіп бара жатқан технократизм заманымен басталып жатқан Жүрек пен Рухани заманының тоғысында мәртебелі рухани және адамгершілік құндылықтар жаңғыруда, құндылықтарды саралау жүзеге асуда, білім саласы жаңарып, руханилық, гуманизация және гуманитаризация жағына, тұлғаны дамытуға арналған жүйелерді іздеуге бет бұруда» — Ш.А. Амонашвили.

Дағдарыстар
Жеке тұлғалық дағдарыстар

а) зияткерлік

б)эмоционалдық

в) тәндік

Қоғамдық дағдарыс

а) экономикалық

б) мәдени

в) отбасылық

г) білім беру

Экологиялық дағдарыс

а) климаттық

б) ресурстық

в) табиғи

Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбилелеу мәселесін жөнді бағаламау барлық қоғамда әлеуметтік, саяси, тіпті экономикалық дағдарыс түрінде көрініп тұр.Қазіргі кезеңде адамзат дамуында жаһан- дық мәселелер тіршіліктің барлық деңгейлерінде түрлі дағдарысқа тірелді. Жеке тұлғалық дағдарыс (зияткерлік, эмоционалдық,тәндік). Қоғамдық дағдарыстар( экономикалық, мәдени, отбасылық, білімділік,) Экологиялық дағдарыстар ( ресурстық, табиғи, климаттық ).Осының бәрі адамзатқа дамудың жаңа жолын іздестіруді талап етеді.Осы дағдарыстардан шығу жолы адамға рухани- адамгершілік білім беру. Қазіргі кезеңде жаһандық мәселелерді шешудің жетекші орталығы «Рим Клубы» болып саналады.Ол 1968 жылы ашылды. Ол өз қатарында әлемдік деңгейдегі әйгілі ғалымдар мен саясаткерлердің басын біріктіріп отыр.Өзін –өзі тану рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасы Қазақстанда мемлекеттік дәрежеде жүзеге асуда.Бұл «Метапән». Оның негізін қалаушы С. А. Назарбаева.

С.А. Назарбаева: «Өзін- өзі тану» білім беру бағдарламасының авторы : «Мейірбандық пен Сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп,әлемге шапағат нұрын төге берсін..» деп айтқан .

2.Өзін- өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педогогикалық негіздері.

Рухани –адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды . В. А. Сухомлинский: «Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі де осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей – теңіз нұр жинауы керек»,- деген. Өзін – өзі тану сабағы –бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі. Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі мен сөзі және ойымен нұрланады , өзінің шынайы табиғатын ашады,шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады.

Сана арқылы оқыту түпкі сана, жоғарғы сана. Жан-тән-рух.
3.Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.

Ақиқат, дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп айтуға болады.Адамның кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Адамның кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа ізгілікке апарады.Осы бес құндылықты мәуелі ағашқа теңесек, мәуелі ағаштың тамыры –мәңгілік құндылықтар оны ақиқатқа теңейміз.оны сүйіспеншілікпен суарсақ дұрыс әрекет болады.Ағаш діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса ішімізде тыныштық орнайды.Мәуелі ағаш бүршік жарады.Ішімізде тыныштық орнаса біз ешқашан қиянат жасамаймыз.Яғни ағаш жемісін береді.яғни рухани деңгейге жетеді. Кемелденеді.Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау- бұл мәңгілік бес құндылық уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, даналығы.

4.Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік Бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.

Интеграциялау жолдары:

1.Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2.Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру.

3.Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.

Жанды білім биікке самғайтын қанаттар, жансыз білім аяқтағы кісендер.Зияткерлік (сыртқы) білім санадан орын алады. Рухани адамгершілік(ішкі) жүректен орын алады. «Өзін- өзі тану»рухани- адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы- ол, ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани –адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау , жалпы біз оқытатын пәндердің барлығының біртұтас екенін білдіреді.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Коронавирустан қорқынышты қалай жеңеміз?

Бейсаналы түрде жамандық шақырмаған дұрыс.

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін әлемнің көптеген елдерінде карантин жарияланды. Жұмысқа, түрлі ойын-сауық орталықтарына күнделікті барып жүрген жандар үшін үйден шықпай отыру қиындық тудырып, кейбіреулер күйзеліске түсіп жатыр.

— Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем дүрбелеңге салынып жатқан кезде, қорқу – қалыпты жағдай. Ең бастысы, сақтық пен сыни ой керек. Мемлекет тарапынан айтылып жатқан кеңестерге, қойылған карантинге бағынған жөн. Қорқыныш – адам қалауының бір түрі. Оны тіпті, сол адамның өзі де байқамайды, бірақ бейсаналы түрде ол жанға адамдар тарапынан «қамқорлық», «махаббат» жетпеуі мүмкін. Тағы бір атап өтетінім, паника кезінде адамда «психоз» пайда болуы мүмкін. Ол үлкен қорқыныштарға, тоқтамайтын үрейге ұласып кетіп те жататын сәттер болады.

— Позитивті психологияда адам оптимист болып, үнемі жақсы нәрсені ғана ойлауы керек. «Менің өмірім бүгін жақсы, ертең жақсы болады, арғы күні одан да керемет» деп кісі үнемі жақсылық ойлап жүрсе, оның көңіл-күйі үнемі көтеріңкі жүреді.Өмірде бәрі үнемі жақсы бола бермейді ғой. Балансты ұстай білу қажет.

— Иә, кейбір адамдар коронавирус инфекциясын жоққа шығарып, «маған жұқпайды» деп жатқанын естіп жатырмыз. Мұндай әрекет – болып жатқан жағдайды жоққа шығаруға болмайды. Қараңғы бөлмеге кіруге қорықсақ, жарық жағамыз ғой. Сол сияқты адам өзі қорқатын нәрседен саналы түре сақтанады. Тағы бір айта кететінім, балаларды қорқыта бермеңіздер. Әке-шеше қорқып отырған кезде, бала бірнеше есе қорқатын болады. Сондықтан ересектер балаларға бәрін түсіндіріп айтулары керек, бірақ паникасыз айтқан дұрыс. Әсіресе, балаларға көп көңіл бөліңіздер. Себебі, бала қазірден қорқып қалса, қорқыныш оның санасында өмір бойына бейсаналы түрде қалып қалатын болады. Сол себепті, әрбір ата-анаға балала рыңыздың психикасына сақ болыңыздар деп айтқым келеді.

—Жалпы, бәрімізде мұның бәрінің уақытша екенін түсінуіміз қажет. Қазір карантинде үйде жатырсыз ба, онда бала-шағаңызбен бірге сабақ оқыңыз, бұрын оларға бөле алмай жүрген уақытыңызды бөліңіз.Әдемі көңіл-күймен таңғы тілек айтып,ұйқысынан оятыңыз. Әлеуметтік желі арқылы көптен хабарласпаған достарыңызға хабарласып, олардың жағдайын сұраңыз. Танымды фильмдер қарап, психологиялық көңіл-күйлеріңізді арттырыңыз, кітап оқыңыз. Жаттығу жасап, спортпен айналысыңыз. Қалай да осы карантиннен өзіңіз үшін пайдалы дүние таба біліңіз. Бұл жағдай сіздің отбасыңызда немесе сіздің ғана жеке басыңызда орын алып жатқан жоқ. Сондықтан сабырлық танытып, бәріне ақылмен қараған абзал.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей,жақсы сөздер айтайық! Санамызды жақсы сөздермен толтырайық.Сын сағаттағы күндерімізде балаларымызға жақсы сөздер айтып,көңіл-күйлерін көтеріп үлгі болайық!

Біз біргеміз!

Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс

(ойын жаттығу сабағы)

Мақсаты: Балаларға көңіл — күй сыйлау, эмоциясын білдіре білуге үйрету.
Міндеттері: Көңіл-күй эмоциясын білдіріп, көңіл аудара білуге тәрбиелеу.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендермен сөйлескеніме қуаныштымын. Сендердің көңіл — күйлерің қалай?
Мен бүгін жақсы көңіл — күйдемін.
Сол көңіл – күйім арқылы не сездіңдер?
— Жылылықты, достықты, мейірімділікті.
Кел балалар, күлейік!!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады.
Күліп өмір сүрейік!.

Ойын:»Мен ашуланғанда…»

  • Балалар сендер ашумен қалай күресесіңдер?
  • Мен ашуланғанда қатты айқайлаймын.
  • Ал мен ашулансам тамақты көп жеймін.
  • Мен ашулансам қатты жылаймын.

Жаттығу: «Мейірімді сандық»

Фея сендерге сандық жіберіпті, бірақ іші бос екен. Сандықтың ішін мейірімді сөзбен толтырып, Феяға жіберейік. (Балалар өздерінің мейірімді сөздерін айтады)

Ойын жаттығу: «Әркім өзінше қоштасады»

Қорытынды:- Балалар сендер бүгін жақсы көңіл-күймен ойын ойнадыңдар, рахмет! Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Қош сау болыңдар!

Күйзелістен қалай арылуға болады?

(Мұғалімдер үшін)

Қазіргі таңда қашықтықтан оқытуға байланысты мұғалімдер психикалық және физиологиялық артық жүктемелерді басынан өткеріп жатыр.Осыған байланысты көптеген мұғалімдерде шаршау пайда болады. Ұйқысы қашып,тепе-теңдік бұзылады.Оның соңы эмоциялық күйзеліске әкеледі.

Олар сол қиындыққа қарамастан балаларға білім беруде еңбек етіп, аянбай тер төгуде.

Қазіргі уақыттағы эмоциялық күйзеліс кезеңдері:

  • мидың шаршауы;
  • физиологиялық шаршау;

  • эмоционалдық шаршау;

  • жұмысқа қызығушылықтың жоқтығы;

  • қарым-қатынастың шектелуі.

Күйзеліс соңы кейде стресске ұласады.Сондықтан күйзелістіің алдын алу үшін, мәселені уақытында шешкен дұрыс.

Эмоцоналдық күйзелісті болдырмау үшін, өзіңізге мұқият болыңыз;

  • Әр жасаған жұмыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін қуанып, өзіңізді мақтауды ұмытпаңыз;

  • Сіз білікті, өз маманыңыздың нағыз майталманысыз;

  • Сіз мейірімді, ақкөңілсіз, адал ұстаз-анасыз;

  • Сіз криативті жансыз, идеяңыз бай;

  • Сіз көріктісіз,керемет ұстазсыз;

  • Сіз мықтысыз,икемді, дара жансыз;

  • Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, бәрі жақсы болады!

Біз біргеміз! Біз үйдеміз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.