Жаңа сабақтар

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға-ата-ана

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Абай ауылы «Сарқан аудандық білім бөлімінің Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Баяхметова Кульчат Танирбергеновна

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі басты тұлға-ата-ана. Баяндама.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау, баланың басты тәрбиесінде алғашқы ұстазы – ата-ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.

Бала әр нәрсеге әуестеніп,үлкендерге көмектескісі келеді.Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік.Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Бірте –бірте баланың еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әр істеген ісінің ұқыпты да тыңғылықты орындалуына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап,терісін оң етіп түсіндіріп отырса,ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді. Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез –құлқындағы ерекшеліктерге ерекше мән беру керек. Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған жөн. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар: «Екеуіміз де жұмыстамыз,кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп –ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні –өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі.Қазыр заман басқа, заң басқа. Өркендеген жаңа технология, жаһандану үрдіс алған кезеңде болашақтың тұтқасын ұстайтын жастарға өте үлкен міндет жүктеледі.Ел ертеңі саналатын ұрпақ қазақтың қазақ болып қалуын қадағалап қана қоймай,оны ұлы мақсат етіп қоя білу керек .Әр баланың бойына Отаншыл, ана тілін жетік меңгерген, ұлттық салт –саналы, жерін, елін сүйетін, халқына қорған патриот, әрі еңбекқорлық қасиетті дарытуымыз керек. Рас, бүгінгі ақпараттық технологияның барынша дамуы санамызға кері әсерін тигізіп отырғаны да жасырын емес. Күні кеше ертемен ұйқыға кететін жас бала бүгінде шетел әуендерін құлақтарына құйып, ұялы телефон мен планшеттерін құшақтап жататын болды. Осының салдарынан балалармыздың мінез-құлықтары да өзгеріп қатыгездік өршіп, түрлі оқиғалар орын алуда.Халқымыздың ержүрек батыры Бауыржан Момышұлының : «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек бала. Мен үш нәрседен қорқамын. Біріншісі, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, екіншісі, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден, үшіншісі, қазақтың бір –бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын»-деп кетіпті .

Ия, қазіргі кезде ата-аналар, бала тәрбиесіне көңіл бөліп, жан дүниесіне үңілуді ұмытып барамыз. Бабаларымыздың «Тәрбие басы-тал бесіктен» дегені тегін емес-ау! Ендеше, ардақты ағайын болашақта бармағымызды тістеп қалмауымыз үшін, қазырден бастап, бала тәрбиесін немқұрайлы қарамайық!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.