Жаңа сабақтар

Сулейменова Енлик Ермаханбетовна

Сулейменова Енлик Ермаханбетовна

Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы,

«Балапан» бөбекжай-бақшасы

Ертеңгілік тақырыбы:

« Ана мақтан,ана жыр,ана бақыт жанашыр! »

Жүргізуші:

-Саламатсыздар құрметті қонақтар!

Қымбатты да ардақты аяулы аналар мен, көктемдей құлпырған қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын

8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер!

Дүниедегі ең қымбатты адамды

Ана табады,аялайды,бағады

Сол үшін құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

Балалардың сіздерге арналған « Ана мақтан,ана жыр,ана бақыт жанашыр! » атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар!

Би: Жүрек шарлармен

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке?

Балалар: Аналар мейрамы.

Жүргізуші: Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар: Аяулы анамыз!

Жүргізуші: Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші:Ендеше аналарымызға арналған әсем әнді айтайық.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізіуші:Жарайсыңдар балалар!Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(көктем)

• Көктемді орысша қалай айтамыз? (весна)

• Көктемнің қанша айы бар? (үш)

• Көктемнің үш айын атап беріңдерші? (наурыз,сәуір,мамыр)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар !Қазір айналамызда қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын ол көктем. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Музыкалық әуенмен залға көктем кіреді.

Көктем:

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін.

Құшағым гүлге толсын деп,

Нөсерімді төгемін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!

Жүргізуші: Көктем,қош келдің,төрлет! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарын тамашала!

Көктем:Жарайды.

Жүргізуші:Ендеше сен біздің балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын тамашала.

Бану

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде.

Ақәділ

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Сабрина

Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анашым.

Нұрасыл

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір гүлдер биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би:Түймедақ (ромашка) биі

Жүргізуші: Көктем ару, сен біздің қыздарымыздың биі ұнады ма?

Көктем: Әрине!

Көктемнің телефоны шырылдайды.

Көктем: Алло,Ия, не сұрақ, жапырақтар шықпай жатыр ма, кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып барамын. Міне, балалар менің басқа да жұмыстарым бар. Менің кетуім керек.

Жүргізуші: Рахмет саған көктем. Сау бол!

Көктем: Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ:

Жан — жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме, достар! Сәлеметсіздерме, қымбатты ата-аналар!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, сайқымазақ!

Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хeлоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап амандасады).

Жүргізуші: Сайқымазақ сен бізге алыстан келген екенсің. Ендеше сен біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Сайқымазақ: Жарайды.

Жүргізуші: Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар

Тақпақтар

Жүргізуші: Тили Вили мұнымен біздің балалардың өнерлері таусылған жоқ. Ұлдарымыз аналарына арнап би дайындапты. Қане бәріміз соны тамашалайықшы.

Би: «Джентльмен» биі

Сайқымазақ: Мен балалардың өнеріне риза болып отырмын енді сендермен бірге ойын ойнауға қалай қарайсыңдар!

Балалармен ойын: «Гүл шоғын сыйлау»

Шарты:Екі жұп (қыз бен бала) шығып вальс биін билейді.Музыка тоқтағанда үстелдің үстіндегі гүлді балалар қыздарға сыйлайды.Кім бірінші гүлді әкелсе сол жеңімпаз.Ойын 2-3 рет қайталанады.

Жүргізуші: Ендігі кезекте балаларымыз аналарына арнап ән айтып бермекші.Мейранбек Даниал мен Садыбек Алинаның орындауында

«Анашым қартаймашы» әнін қабыл алыныздар!

Ән: «Анашым қартаймашы»

Жүргізуші: Ән де айттық, би де биледік, енді аналарымызға да ойын ойнатайық.

«Шаш өру»ойыны

Шарты:8 ата-ана ортаға шығып, екіге бөлінеді.ұзын бір өрімге арналған екі лента беріледі.Ата-аналар лентадан шаш өріп оны жәй ғана қолымен емес,қимылмен жасау керек отырып секіріп т.с.с бір ата-ана лентаны ұстап тұрады.Қай топ бірінші шашты өреді ,сол топ жеңімпаз.

Жүргізуші:

Сайқымазақ:Балалар өнерлерің өрге жаусын менің кететін уақытым келді.Ендігі кезекте мен басқа ертеңгіліктерге барайын.Мерекелерің құтты болсын.

Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыз көріскенше,

Осымен мерекеміз аяқталды.

Бүгінгі мерекеге балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер (балалар гүлдерімен ортаға шығады)

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Білім беру саласы:Қатынас,шығармашылық,таным

Бөлімі:Тіл дамыту,аппликация,жаратылыстану.

Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру.

Міндеті: Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал–жабдықтар мен көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері, құрал–жабдықтары.

Билингвалды компонент:Мамандық-профессия,дәрігер-врач,мұғалім-учитель,ұшқыш-лётчик,шаштараз-парикмахер

Инкюзивтік әлеумет:Балаларға тапсырма орындауға көмектесу.

Ұйымдастыру оқу кезеңі

Амансың ба, көк аспан.

Амансың ба,жер ана.

Амансың ба ,достарым.

Сендерді көрсем қуанам.

-Жарайсыңдар,балалар!Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қалай?

-Тамаша! -Тәуелсіз мына заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға – деп бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз.Балалар сендер қандай мамандық иелерін білесіңдер!(Суретпен жұмыс)

Балалар ,кәнекей барлығымыз мамандық иелерімен толық танысайық.Ол үшін біз саяхатқа шығайық.

(Пойызға мініп,саяхатқа шығады)

-Балалар,мінекей біз мамандықтар әлеміне келіп те,қалдық.Бірінші аялдамаға келдік . (теледидарға назар аударту)

«Аспазшы мамандығы».Балалар суретке қараңдаршы, бұл қандай маман иесі?

-Аспазшы

-Дұрыс бұл аспаз.

Аружан:

Дәмді тамақ пісіріп,

Өнерлі бала боламын.

Халқым сүйген ардақты,

Мен аспазшы боламын.

Аспазшы-бізге дәмді ас пісіреді,тәтті бәліштер,салаттар,шырындар жасайды.

-Балалар сендер де аспазшы болғыларың келе ме?

-Ендеше сендермен қызықты ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Сорпа және жеміс шырыны»

Шарты:Берілген суретті карточкаларды реттестіріп,жемістерді бөлек ыдысқа, көкөністерді бөлек ыдысқа салып ,топтастыру.

Жарайсыңдар балалар енді келесі аялдамаға барайық.

«Дәрігер мамандығы». Балалар мына видео роликке назар аударайықшы.Бұл қандай аялдама екен?

Видео ролик «Дәрігердің баланы қабылдауы»

Балалар бұл қандай аялдама екен? (дәрігер мамандығының аялдамасы)

Сұрақ-жауап

-Бұл қандай маман иесі?

-Сендер дәрігерге көрініп көрдіңдер ме?

-Ол не істейді?

Айзере:

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін,

Мен дәрігер боламын.

Балалар қараңдаршы бұл жерде дәрігер маманының құрал- жабдықтары шашылып тұр.Кәнекей, біз көмектесейік.

Дикактикалық ойын «Дәрігер мамандығының құралдарын дұрыс орналастыр»

Шарты:Дәрігер мамандығының құралдарын сөмкеге дұрыс реттестіріп,құралдарды атау.

-Ал балалар,ендеше біз келесі аялдамаға барайық

«Шаштараз мамандығы»Шаштараз мамандығы-ол шашты қиятын,сәндейтін маман иесі.Шаштарымызды мерекелік кештерге барған кезде сәндеп береді.

Балалар қараңдаршы шаштараз мамандығы бізге таптырма қалдырыпты.Кәней тапсырманы орындайық

Жұмбақ жасыру

Үскінің көп тармағы,

Қара орманда шарлады

Қисықтарын түседі

Теп –тегіс түз енді

(Тарақ)

Екі басы дөңгелек

Екі ұшы сүйір

Қиғанда үйір

(Қайшы)

Тұра қалсам алдына ,

Жалтырыаған ақ қайын

Өзімді-өзім мен мына.

Көре аламын көп ап-айқын

(Айна)

«Ұшқыш мамандығы» Ұшқыш көкте самғап жүретін ,аспан әлемін саяхаттап елдерді аралап,ұшақпен адамдарды тасиды.Ұшқық болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық керек.

Даниал

Көкке ұшамын-

Ұшқыш болар боламын

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағаның

Қағаздан ұшақ жасап құрастыру.Қағазды бүктеу әдісін қолданып ұшақ жасау.

Сергіту сәті

«Ұшты-ұшты»қимылды ойын

Ұшты-ұшты қарға ұшты.

Ұшты-ұшты кітап ұшты.

Ұшты-ұшты зымыран ұшты т.б

«Мұғалім мамандығы»Мұғалім балаларды білімге ,оқуға жетелейтін адам. Осындай маман иесінің арқасында барлық маман иесі дариды.

Алина

Білім кәусар бұлағын,

Жүресін құйып санама

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым, дана да

«Қаламсаппен жаттығу жасау»

(Үстелдің үстінен қалам табады)

-Балалар бұл не ?(қаламсап)

-Дұыс,мұғалімнің ,балалардың білім алар құралының бірі.Ендеше осы құралмен жаттығу жасайық.

1.Қаламды алақан арсында айналдыру.

2.Ұшақ секілді айналдыру.

3.Әткеншек секілді саусақ арасында кезектесе серпу.

Балалар енді біздің балабақшаға баратын уақытымыз таяп қалды.Мамандықтың қандай түрімен бүгін біз таныстық?

-Дәрігер,шаштараз,ұшқыш,мұғалім ,аспазшы

Жарайсыңдар, балалар мамандықтың түр- түрі бар .Оларға құрылысшы,полиция қызметкері,кітапханашы,спортшы сатушы т.б өте көп.Осы мамандық иелері барлықтары адам баласына керек.Сендерде үлкен болған да, өздеріңе ұнаған маман иесі болатындарыңа сенемін.Ол үшін жақсы оқып,еңбектену керек.Ендеше балабақшамызға қайтайық.

Балалар оқу қызметімізді қорытындылайық.Ол үшін біз лулия шеңберін пайдаланайық.

Дидактикалық ойын «Лулия шеңбері» мамандықтардың құралдырын дұрыс тауып,орналастыру.Мамандық туралы сипаттау,сұрақ-жауап.

-Бүгінгі оқу қызметіміз осымен аяқталды рахмет сендерге.

Тәрбиеші балаларды мадақтап,сыйлық береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың танымдық үрдісін ойын арқылы дамыту

Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл — ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады. С. М.Торайғыров «Баланың қанына ойын азық»,- деп бекер айтпаған. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғынады, бір – бірінен ептілікті үйренеді, дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады, психологиялық таным қабілеттерін арттырады, біліктілік дағдыларын кеңейтеді. Халық даналағында «Ойнай білмеген ,ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 2 — 5 жастағы балақайлардың ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де, мінез — құлықтарының дұрыс қалыптасуына біз үлкен көмек көрсетеміз.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту,бала бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту — тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау және танымдық қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана, бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік — жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан — жақты дами алады.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіріктегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс – әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Мектепке дейінгі кезеңде балалар іс – әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл – ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 20-30 минут ойнайтын болса, 5-6 жастағы балалар ойыны 1 -1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс – әрекеттерімен қарым – қатынастарымен бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады.

К.Д.Ушинский «Балаға оқуды қызық ты ете білу керек және сонымен қатар ,оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай талап ету керек» -деген. Мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл – ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл — қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Бұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түрін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады. Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері баланың түсіндіріп отырған материалын, балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, әр оқу қызмет барысында бір немесе екі ойын ойнау арқылы бала берілген тақырыпты жетік түсінеді.Мысылға алар болсақ «1-ден 5ке дейін тура және кері санау»тақырыбы бойынша ойындарға келсек.Дидактикалық ойын «Көршісін тап», «Адасқан сандар», «Жұбын тап», «Сәйкестендір» «Жоғалған сандар», «Не өзгерді?» т.б

Логикалық ойын

1.«Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?»(екі)

2.«5»алған балаға 5 алма,

«4» алған балаға 4 алма,

«3»алған балаға 3 алма,

«2»алған балаға неше алма? (екі)

3.Бес бұтақты шыршада ,

Бұтақ сайын екі алма.

Біреуін бер досыңа ,

Сонда қалмақ неше алма?(шыршада алма өспейді)

Осы тақырып бойынша түрлі санамақтар,жұмбақтар жаттату арқылы баланың танымдық ойлау қабілетін артырады.

  • Дидактикалық ойындар – логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.

-Санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар – балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамытады.

-Математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту.

Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Оқу қызмет барысында ойын түрлерін пайдалану балалардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни оқу қызмет түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.

Ойын арқылы ұйымдастырылатын оқу қызметі балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Ойын қойылатын әдістемелік талаптар келсек:

-Ойын мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып,оңтайлы жерге қою

-Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін балаларға әбден түсіндіру.

-Ойынға балардың түгел қатысуын қамтамассыз ету.

-Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне,ойлана білуне жетелеу.

-Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

-Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

-Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

-Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни оқу қызмет түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа оқу қызметін пайдалану тиімді.Ойын түрі оқу қызметін тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім.Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады.

Ойын – ой қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның, ойлауын тыйғаның» деген қағида текке айтылмаған. Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі.

Ойын баланың санасын, ойын жетілдіріп, қиялын дамытады: бала қимылдарының дамуына әсер етіп, физиологиялық қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Оқу үрдісінде біртіндеп ойын технологиясын жиі қолданған жөн. Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әртүрлі әсер етеді:

  • сюжетті-рөлді ойындар: балалардың дүниетанымын, қоршаған орта жөніндегі түсініктерді кеңейтеді, тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.

-Драмалық: көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды, тіл белсенділігін арттырады.

-құрылыс-құрастыру ойындары: құрастыру, ойлау қабілетін арттырады.

-дидактикалық ойындар: алған білімді нақтылау, ойлау қызметін арттырады, танымдық белсенділігін дамытады, арнайы мақсатты көздейді, нақты міндетті шешеді.

Ойын- ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылық жасау дегеніміз — олардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», — десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», — деген екен.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1994ж.

2.Мухина С., «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы, «Мектеп»-1986

  1. Жарықбаев Н. «Жалпы психология» Алматы – 2004.
  2. Арутюнян Ж.В «Взаимосвязь учебной и игровой деятельности в обучении математике младших школьников». Афтореф.дисс.канд.пед.наук – М,1988 – 15 с

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.