Жаңа сабақтар

Сериккажина Акбота Сериккажиевна

Алматы қаласы, Түркісіб ауданы «Авиация» колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Сериккажина Акбота Сериккажиевна

Қашықтықтан оқыту – казіргі заман талабы

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты барлық облыста студенттердің сабағы қашықтықтан оқытылып жатыр. Казіргі таңда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Оқытушы ұстаздарымыз интернеттік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.

Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу жүйесі. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып табылады.Қашықтықтан оқыту бұл оқытушының біліктілігін көтереді және оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады. Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі.

Оқытушының коммуникативті дамуы: студенттерді тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір оқытушының бойында құбылмалы қасиеттер қалыптасуы керек: студенттерді оқытуда өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтықтан оқыту жүйесі осыған бағытталған. Қашықтықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды интернеттік желілер.

Елімізде төтенше жағдайға байланысты жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін Zoom конференциясы арқылы оқыту қарастырылған.

Бұл платформа сандық білім беру жүйесіне негізделген, қашықтықтан оқытудағы нақты уақыттағы хабарламалармен және мазмұнмен алмасу арқылы қолданылатын бейнеконференциялар. Қашықтықтан оқыту жүйесіне өте қажет бағдарлама, бұл конференцияға оқытушы мен барлық студенттер бір мезетте 100 адамға дейін кіріп, бір-бірімен бейне байланыс жасай алады. Пікір алмасып, өткен сабақты талдап, оқытушы тікелей эфирде студенттермен пікір алмасып, лекциясын өткізе алады. Берілген лекция тапсырмаларын қашықтықтан мұғалімге жеке жолдай алады.

Қашықтықтан оқытуда сандық технологияларды тиімді енгізуге, міне, осындай бағдарламалар ғана көмектесе алады. Бұл орайда цифрлық бағдарларға көшу үрдістері ең алдымен адами капиталға бағытталуы қажет: білім алушылардың таланттарын ашатын ұлық тұлғалар – педагогтарға деген қамқорлықтың маңызы зор, қайтарымы көп. Сандық оқу контентін дайындау, білім алушылардың жетістіктерін қадағалау, студенттермен тұрақты онлайн байланыс жасау, сандық және кәсіби дағдыларды жетілдіру – дәрістік жұмыстағы негізгі бағдарлар болмақ.

Бұл бағытта лекторлар мен оқытушылардың рөлі мен қызметіне, кәсіби шеберлігіне талаптар күшейді. Олар оқытудың жаңа әдістемесін дайындап қана қоймай, «қашықтықтағы» аудиторияны біліктілігімен, іскерлігімен, шешендік өнерімен баурай білуі тиіс. Аудиторияны қашықтықтан онлайн-режимде басқару, ұйымдастыру шеберлігі, қызықты, сандық мазмұнды жобаларды дайындап, білім алушылардың білімін объективті бағалау, студенттердің үлгерімін талдау және есептілікті уақытында қалыптастыру – бұлардың бәрі оқытушыларға үлкен жауапкершілік жүктейтін міндеттемелер.

Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері оқытушылар мен студенттер арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік берді, әрі нақты дәріс беру үрдісін қамтамасыз етті. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей оқытушының лекция өткізу шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты лекция өткізуге дағдыландырды. Мұндай формат лекция сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір лекцияның үдерісі студенттің де, оқытушының да жауапкершілігін арттырады.

Қашықтықтан оқытуда проблемалар аз емес. Әсіресе ауылдық жерлерде интернет байланысының әлсіздігі. Қашықтықта өз бетінше оқу әдісі бойынша студент қалада болмай-ақ, бүкіл көктемгі семестр сабақтарының материалдарын өз бетінше толық меңгеріп, көктемгі сессия емтихандарын жазғы уақытта тапсыра алуы керек. Университет немесе колледж болсын өз тарапынан студентке әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетіп отырады және барлық мультимедиалық ресурстар қолжетімді болу үшін жағдай жасайды. Бұлай оқу әдісі студенттерге өте жоғары жауапкершілік жүктейді, өйткені алдағы емтиханды сәтті тапсыру үшін, олар барлық оқу материалдарын саналы түрде өз беттерінше меңгерулері тиіс.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қортындылай келе онлайн-білім беру оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік берді, дәріс оқып тыңдауды меңгерді, тапсырмаларды уақытылы орындап, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастармен емін-еркін сөйлесуге мүмкіндік берді.

Сөз сонында айтарым қашқтықтан оқыту арқылы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың денсаулығын сақтап қана қоймай, осы карантиннің созылып кетпеуіне, студенттеріміздің сапалы білім алуына зор үлесін қосып жатқан еліміздің барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.