Жаңа сабақтар

Бірлік менің таңдауым

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы

149 «Ә.Монтаев» атындағы орта мектеп

4 «А» сынып оқушысы Ниятуллаева Айгерім Қайратқызы

Жетекшісі: Жақсылықова Райхан Қуанышбекқызы

Мен ашық аспан астында ынтымағы мен бірлігі жарасқан тәуелсіз елдің ұланымын. Менің Отаным – Қазақстан. Байлыққа да, әр атқан таңымыз щаттыққа да толы, еңсемізді тік ұстап, әрбір қуаныштың куәгері болып жатырмыз. Мұның барлығын мен бірлігіміздің арқасында деп білемін. Мемлекетімізде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың өзіндік ерекше салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары, өзіндік тілдері де бар. Әрине бес саусақ бірдей емес. Бірақ осы бес саусақтың өзі біріксе, алынбайтын қамал болмас. Нақтырақ айтар болсам, әр түрлі ұлттың өзі өздерінше бөлінбей, тарихымыз, қазіргі дәуірімізбен болашағымыз үшін қалтсыз еңбек етіп, тер тегуде. Бір қазаннан ас ішіп, атқан таңның шуағын бірге сезініп, ең бастысы, ешқашан бөлінбей, тек бірігіп қана осыншама белестерді бағындыруға болады.

Егер де маған «барлық жағдайыңды жасап беремін, тек жалғыз өмір сүресің немесе тек халықпен», — деп таңдау жасаса, еш ойланбастан екінші таңдауды жасар едім. Себебі жеке өмірдің желкенінде жалғыз өткенімнен, ынтымақ, татулық, ең бастысы бірліктің балдай дәмін татып, жетістіктерге бірге жеткім келеді. Бірлік менің таңдауым.

Тектімін.Текті халық ұрпағымын,

Көк аспанды шарлай ұшқан сұңқарымын.

Тату елдің төрінде тұра білген

Алтын тұяқ, қос қанатты тұлпарымын.

Алтайым мен Атыраудың арасын

Мына жатқан қазағымның даласын

Жер мен суын, туды ортақ көріскен

Барша халық бірлігіміз жарасын.

Мүмкін сары, мүмкін ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де бір ел нұры боламыз.

Мейлі күндер, айлар, жылдар өтсе де

Бірлікпенен текті болып қаламыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.