Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлім: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар(сурет арқылы)
Мақсаты:
Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
— Жабайы аңдарды бір — біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: дамыту,ойын
Көрнекілік: суреттер, слайд
Билингвалдық компонент: қоян заяц,түлкі лиса,аю медведь,тиін белка
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері
Армысың, шапағатты, Күн ана
Армысың қайырымды, Аспан ана
Армысың мейірімді, Жер ана
Армысың менің достарым.
Балалар қимыл — қозғалыспен көрсетіп, қайталайды.
Балалар менде сендерге арналған сыйлық бар, оны тек қана мені мұқият тыңдап , тәртіпті болып отырған балаға беремін.Алғыларың келе ма?
Өте тамаша.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- қыс мезгілі
- қыс мезгілінде неше ай бар?
- үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Ал сендерге қыс ұнай ма?
- Қыс несімен ұнайды?
- Қыс әртүрлі болады, боран соғады, аяз болады.
Тосын сәт: Орманға саяхат. Ызғырық желдің дыбысы
Тәрбиеші Балалар бұл ненің дыбысы?
Суық желдің
Дұрыс айтасыңдар, қазір сендермен орманға саяхатқа шығамыз.
Балалар суреттен не көріп тұрмыз?
— Сендер жабайы жануарларды білесіңдер ме?
Балалар: аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
— Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
— Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?
— Жабайы аңдар дейміз.
— Бұл аңдар қайда мекендейді?
— орманда мекендейді.
— Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап тұрады. Ал, балалар қоян, қасқыр, түлкі, қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүні өседі.
Тәрбиеші Біз қазір жабайы жануарлармен танысамыз,
Аю — ақылды, жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс — жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді.
- Түлкі — ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда мекендейді.
3. Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды, қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді. Тиіннің балаларын тиін деп атайды. Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның бүршіктерін жинайды. тиін қыста ұйықтамайды.
4. Қоян — қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын — ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа
— Қоян нені жақсы көреді?
Ойын: «Аңдардың қалауын табамыз?»
Шарты: Әр аңға сүйікті азығын тауып беру.Балалардың алдын жеке жеке тарату
Аюға – бал
Түлкіге – ет
Қоянға — сәбіз
Тиінға – жаңғақ
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Тіл ұстарту жаттығуы:
Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян
Ю-ю-ю қорбаңдаған аю
Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі
Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр
Тан — тан — тан — бұл мықты арыстан.
Дидактикалық ойын:
«Көлеңкесін тап» әр бала тақтаның алдына шығып көлеңкесін көрсетеді.
Жарайсыңдар балалар, сендер бәрін дұрыс айттыңдар. Жануарларға қамқор болу керек. Оларда біз сияқты тіршілік иесі.
Қорытынды: Сұрақ жауап арқылы қорытындылау
- Қандай аңдарды білесіңдер?
- Қоян қандай аң?
- Аңдар қайда мекендейді?
- Түлкі қандай аң?
- Қоянның түсі қыста қандай болады.?
- Қыс бойы аю қайда болады?
Күтілетің нәтиже:
біледі: Балалар жабайы аңдар жайында мәліметтер біледі.
игерді: жабайы аңдармен және олардың тіршілігімен танысты.
меңгереді : жабайы жануарлардың жыртқыш аңдар екенін білді. Олардың үй жануарлардан айырмашылықтарын білді.
Баяндама
Тақырыбы:Қарапайым математикалық түсініктерді ерте жастан дамыту
Жоспар:
- Кіріспе бөлім .
- Негізгі бөлім. Ерте жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі
- Балабақшада ертен жастан математика сабағын үйрету
- Ерте жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудағы қоданылатын көрнекіліктер.
- Қортынды бөлім
- Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
- Пайдаланылған әдебиеттер
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етір отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні мамандыққа байланысты негізгі пән болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әртүрлі жас топтарында оқытудың мазмұны мен формалары, балалардың математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі- математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми оқыту саласы болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдісетемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді, сонымен қатар, әдістеменің алға қойған мақсат-міндеттері айқын.Математика қазіргі кезде ғылымда, техникада, бейнелеу өнері, музыка мен экономикада және т.б. адам қызметінің барлық салаларында да жан – жақты қолдау тапқан. Математика өзінің даму тарихын ықылым заманнан бастап, өркениеттің табыстарын паш етіп қана қоймай, оның өркендеуіне де мол үлес қосып келе жатқан ғылым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Осы елбасымыздың биылғы 25 – қаңтарда жолдаған жолдауында айтылған мәселелердің бәрі еліміздің көркеюіне, дамуына жасалып отырғанын білеміз. Республикамыздың «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті — ұлттық және жалпы ұлттық азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, білімін бекітуге бағытталған. Сонымен қатар, жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау керек екендігі жайлы айтылған. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру – балаларда сатылап жүретін күрделі процесс.. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделкей келе сол зерттелегн біліммім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар ету. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алдым.
Ерте жастағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастырудың әдістемелік жүйесі
Ерте жастағы балаларды санаумен таныстырудың әдістемелік жүйесі.
- Ерте жастағы балалардың айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру және сандары ауызша санай білуге, «сан», «көп», «аз» деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға 5 көлеміндегі сандарды тура және керу санауға үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.
Ерте жастағы балаларды есептеумен таныстырудың әдістемелік жүйесі. Есептеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Реттік және сандық есептеу. Ауызша санау және арифметикалық есептерді құрастыру, шығару. Цифрлармен таныстыру, «көп», «аз», «тең» ұғымдарының шартты белгілерін үйрету. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету.
Ерте жастағы балаларды заттың көлемімен таныстырудың әдістемелік жүйесі. Көлем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері. Ерте жастағы балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың көлемі, өлшеміне қарай өсуі бойынша реттеу тәсілдері.
Ерте жастағы балаларды пішінмен таныстырудың әдістемелік жүйесі. Геометриялық пішін — заттың формасын қабылдаудағы этолон. Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері. Әртүрлі белгілеріне байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру әдістемесі. Геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты салыстыру әдістері. Дидактикалық ойындар мен жаттығулар.
Ерте жастағы балаларды кеңістікпен таныстырудың әдістемелік жүйесі. Кеңістік туралы жалпы түсінік. Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік негіздері. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру міндеттері.
Статистика мен қозғалыстағы өзінен негізгі бағытты ажырату ерекшеліктері. Қоршаған ортада өзінен және заттардан бағдарлана білуі, заттардың бір-бірінен қатынастағы орнын анықтау. Балалардың қоршаған кеңістікті бағдарлауды меңгеруі. Көру және елшеу арқылы арақашықтықты анықтау әдістемесі. Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.
Ерте жастағы балаларды уақытпен таныстырудың әдістемелік жүйесі. Уақыт және оның өлшемі. Ерте жастағы балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уақытты бағдарлауға оқытудың міндеттері. Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру әдістемесі. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.
Тәулік ұғымы. Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сезінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Балабақшада ертен жастан математика сабағын үйрету
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісінің, іс-қимылын жан-жақты дамыту . Баланың логикалық түсінігін ең алдымен оның сезімімен байланысты. Математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, салыстыру (көлемін ) орналасуын саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. 2-3 жастағы балалар туралы сезім әрекетін қалыптастыру . 3-4жастағы жастағы балалардың 3 көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру , сандарды ауызша санай білуге, сан, сана, көп, аз деген ұғымдарды үйрету. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету.6-7 жастағы балаларға жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету.
Математика сабағында ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Математика сабағында ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Біз балаларға әр түрлі тапсырмаларды береміз, тапсырмаларды үйрену барысында мыналарды үйренеді:
1.Заттардың белгілерін сипаттау.
2.Заттардың пішініне,көлеміне, түсіне қарай жіктеу.
3.Есте сақтау қабілетін, қолдын кіші моторикасын дамыту.
4.Әр түрлі түсініктеріне анықтама беру.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой дене адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық зерттеу нәтижелерә осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның өзі оларға білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір туралы түсініктерін жетілдіріп еңбекке деген сүйіспеншілік көз қарасын қалыптастыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тірбиелеудің маңызы өте зор. Ата-аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез-құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым-қатнасын қалыптасады.
«Зерек бала» бағдарламасында ьаланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4-5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әдістемелік құралға сандар, цифрлар, геометриялық фигуралар, логикалық тапсырмаларға байланысты қызықты ойындар мен жаттығулар жүйесі енгізілген.Әдістемелік құралдағы дамыту ойындары мен жаттығулар қазіргі әдәс-тәсілдерге сай алынған. Ондағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер жаңа әдіс тәсілдермен өткізіледі, бұл баланың тыңдаушы болып қана қоймай, оқу іс әрекетіне тікелей қатысып отыруына мүмкіндік береді. Балалар дидактикалык ойындар арқылы пайымдауға шығармашы – лық тұрғыдан ойлануға өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға үйретеді.
Әдістемелік құралдардағы тапсырмалар оқу бағдарламасы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
- Сан және санау
- Көлем
- Пішін
- Уақытты бағдарлау
- Кеңістікті бағдарлау
«Сан және санау» көлемінде балалар 1 – ден 5 –ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифырды заттың саныме сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер , шағын әңгімелеу арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілер мен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгертеді. «Көлем» бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл – қозғалысын үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар «үлкен» «кіші» «қысқы» «қысқарақ» сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді. Ал «уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс – әрекетімен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды (таңертен ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйқтаймыз, күндіз ойанамыз ) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс – әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар орындалады.
Кеңістікті бағдарлау бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды ұйренеді, оның жоғары әне төмен, оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
Пішін бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру. 4 -5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсінудің маңызы зор.
Баламен оқу іс –әрекетін өткізу алдын- ала дидактикалық материалды даярлауды талап етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды , ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады.Сонымен қатар суреттерді, жануар, құстар, жемістер, көкеністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкеен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан –жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше . Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекшн қызмет түрі.
ҚМҰҚ сабағы тек қана көрнекілікке құрылады.
Сондықтан да демонстрационный және таратпалы материалдар жақсы көркем безенірілуі керек. Эстетикалық талаптарға сай болу керек.
Оқытуда – тартымдылықтың үлкен маңызы бар. Әдемі көрнекілікпен балалар қызығып отырып жасайды. Неғұрлым ашық, айқын болған сайын соғұрлым балалар эмоциясы тередей түседі және логикалық ойындары толыға түседі. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қызықты өтеді және балалар сәтті қабылдау арқылы білімдері дамытады.
Әр балаға керекті құралдар жеткілікті және артығымен тұру керек.
Құралдар әр сабақта әр түрлі болу керек. Құралдар балаларға түсінікті болу керек. ( қоян- қоян сияқты болу керек, сәбіз -сәбіз сияқты).
Құралдарды бір- біріне ұқсастырып алуы керек. (тиын – жаңғақ, қоян – сәбіз, гүл – көбелек сияқты) көрнекі құралдардың және таратылмалы құралдарды үлгісін көрсету. Сонымен көрнекі құралдар мен үлестірмелі құралдардың дұрыс таңдалуы қажет.
Қортынды бөлім
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқыту – ең көкейкесті проблемаларды , танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын , сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болмасын қызығушылық пен уәждемелерге, яғни (МОТИВАЦИЯ) бағытталады. Танымдық қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: «Баланың рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып-үйрену нәтижесі шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» — деген екен.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Жалпы алғанда бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын арртыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Балалар элементар математикалық білім саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге,жинақтаған білімдерін жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар етілді. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алған болатынбыз. Сол міндетеріміз толық түрде орындалғандығын көре аламыз.
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 5 санымен таныстыру, тура және кері санау.
Мақсаты:5 санымен таныстыру .Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру Математикаға қызығушылыққа, топ болып жұмыс істей білуге, достыққа тәрбиелеу.
5 көлемде реттік санау дағдыларын қалыптастыру және реттік санаудың мағынасын ашу;бір-біріне көмектесуге деген ықыластарын арттыру.
Әдіс — тәсілдері: Слайд,сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру, таратпа материалдар.
Тәрбиеші:Балалар , байқайсындар ма, бүгін бізге топқа қонақ апйлар келіп қалыпты.
Енді біз апайларға жақсы балалар екенімізді көрсетіп амандасайықшы. (амандасу рәсімі үш тілде)
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге!
(Балалар іс- қимылдары арқылы көтеріңкі көңіл күй көтерді)
Тәрбиеші: Балалар, менде сендерге арналған тамаша сыйлығым бар,Бірақ оны тек ақылды сабаққа жақсы қатсықан тәртіпті болып отырған балаға беремін. Алғыларың келе ме?
Жыл мезгілін неше ай екенін сұрау.
1 — тапсырма:1-5 ке дейін заттар арқылы санату. Санын атату.
Санап болған сон
Тәрбиеші балалар терезе нешеу? Қәнекей 4 ұл тұрсыншы, жарайсыңдар енді 5 қыз тұрсыншы. Тамаша неше ұл тұрды?
Неше қыз тұрды?
5 санынан құралған мозайканы тақтаға іліп, тәрбиеші өзі балалармен бірге құрастырып санатады.
2 — тапсырма: «Санын тауып боя»
Үлестірмелі материал арқылы әр баламен жеке жұмыс.
Саусақ жаттығуы
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
3 — ші тапсырма 1 — 5- ке дейін тура және кері санату
(Балалар 1 – 5ке дейін тура және кері санап шығады).
4 тапсырма: Мозайка құрату 1-5 дейінгі сандар арасында.
Әр баланы жеке жеке шақырып, кез келген бір санды алып құратады. Суретте не тұрғанын , санын және қай санды құрағанын айтады.
5 тапсырма: «Көлеңкесінен таны»
1-5 ке дейінгі сандардың көлеңкесін табу керек. Және тура,кері санау керек.
Тәрбиеші:-Балалар бүгін сендермен оқу қызметінде не істедік? қандай тапсырмалар орындадық?
(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.)
- Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадындар, білімдеріңді көрсеттіңдер .Сендерге әкелген сылығымды табыс етемін.Барлықтарын жақсы белсене қатыстындар.Рахмет.
Әр баланы жеке жеке мадақтап, қортындылау
Күтілетін нәтиже: Түсінеді: 5 саны мен цифры.
Жасайды: санайды, санның құрамын жазады, бояп әдемілейді.
Қолданады: берілген тапсырманы дұрыс орындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- А. Б. Акпаева, Л.А .Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Алматыкітап баспасы .2012жыл
- Ж. Рсалина. Мектепке дайындық .2007жыл
- Ұ. Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. Алматы 1997жыл
- А. Құралұлы. Ұлттық дүниетаным 2002 жыл
- Б. М. Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар .Алматы 1998 жыл
Г.К.Жигалкина «Математикадан ойын
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу
Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі
Мақсаты: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру..Сөздерді дұрыс айтуын буындар құра білуін үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері,слайд, ойындарға керекті тапсырмалар
Барысы:
- Балалар бәріміз ортаға шеңбер құрайық. Бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға,
Сәлем дейміз құрдасқа,
Сәлем дейміз апайға,
Сәлем дейміз қонаққа.
Бүгін сендермен топ болып жұмыс жасаймыз. Ай, Жұлдыз,Күн тобы болып үш топқа бөлінеміз, егер жақсы қатысып , тәртіпті болсаңдар әр топқа осындай фишка беремін, қай топта көп фишка сол топ жеңіске жетеді.Келістікпе ?
Тәрбиеші: — Балалар, бүгінгі ашық оқу іс — әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік.
Балалар біз өткен оқу іс — әрекетінде қандай дыбыспен таныстық? Балалар: Б дыбысы мен әрпі.
Тәрбиеші:
Ендеше менімен Кім жылдам? ойынын ойнағыларың келе ме? Балалар: Иә Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің атаған дыбысына тез сөз ойлап, допты кері лақтыру керек. (Б — барабан, балта, бала т. б)
-Балалар, мына суреттегі заттарды кім дұрыс атайды?
-Бұл сөздер қандай дыбыстардан басталып тұр?
Ойын: «Дәл тауып айт»
Қыздар құлағына тағады — Сырға.
Қыздар қолына тағады — Сақина.
Уақытты көрсетеді — Сағат.
Сиырдан не алынады — Сүт.
Сызуға арналған құрал — Сызғыш.
Мектепте не оқимыз — Сабақ.
. Кірді немен жуамыз – Сабын
Балалар шайнайды – Сағыз
-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр? -Дұрыс айтасыңдар, С с.
Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
С әрпін көрсету.
С дыбысын тақтаға жазып көрсету.
С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада жазу.
ә) С с әрпін қолымен үстінен бастыру.
Тілдік жаттығу
Са-са-са-са шағып алды маса.
Су-су-су-су таудан ағар таза су
Ос-ос-ос-ос -Арман мен Айжан дос
Ас-ас-ас-ас үйде пісті дәмді ас
1- тапсырма. Сауат ашу дәптерме жұмыс
Топтық жұмыс. 2- тапсырма. Сөз ойла тез ойла
С а р ы м с а қ
С а ғ а т
С а р ы б и д а й
Әр әріптен бір сөз айту.
Сергіту сәті
Бала — бала, балақан
Қане қайсы алакан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай — былай ойнат.
3-тапсырма.Топтық жұмыс
1 ші топ С әрпінен басталған заттарды бояиды.
2ші топ құрастырады.
3 ші топ берілген заттың атауын байланыстырыпбір сөз айтады.
С» дыбысына байланысты 4 жол тақпақ жаттаймыз.
Са-са-са
Ызындайды маса.
Іс-іс-іс
Аппақ екен тіс.
Қортынды
Сұрақ-жауап:
-Балалар біз бүгін қай әріппе таныстық?
-С –қандай дыбыс?
-С дыбысынан байланысты сөздер айтайықшы.
С әрпімен таныстық
. С әрпіне байланысты сөзлер айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар «С» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.
Түсінігі : Балалардың С дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, С дыбысыңың дауыссыз дыбыс екенін, С дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді, дыбыстық талдай жасауды орындай алады.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 5 санымен таныстыру, тура және кері санау.
Мақсаты:5 санымен таныстыру .Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру Математикаға қызығушылыққа, топ болып жұмыс істей білуге, достыққа тәрбиелеу.
5 көлемде реттік санау дағдыларын қалыптастыру және реттік санаудың мағынасын ашу;бір-біріне көмектесуге деген ықыластарын арттыру.
Әдіс — тәсілдері: Слайд,сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру, таратпа материалдар.
Тәрбиеші:Балалар , байқайсындар ма, бүгін бізге топқа қонақ апйлар келіп қалыпты.
Енді біз апайларға жақсы балалар екенімізді көрсетіп амандасайықшы. (амандасу рәсімі үш тілде)
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге!
(Балалар іс- қимылдары арқылы көтеріңкі көңіл күй көтерді)
Тәрбиеші: Балалар, менде сендерге арналған тамаша сыйлығым бар,Бірақ оны тек ақылды сабаққа жақсы қатсықан тәртіпті болып отырған балаға беремін. Алғыларың келе ме?
Жыл мезгілін неше ай екенін сұрау.
1 — тапсырма:1-5 ке дейін заттар арқылы санату. Санын атату.
Санап болған сон
Тәрбиеші балалар терезе нешеу? Қәнекей 4 ұл тұрсыншы, жарайсыңдар енді 5 қыз тұрсыншы. Тамаша неше ұл тұрды?
Неше қыз тұрды?
5 санынан құралған мозайканы тақтаға іліп, тәрбиеші өзі балалармен бірге құрастырып санатады.
2 — тапсырма: «Санын тауып боя»
Үлестірмелі материал арқылы әр баламен жеке жұмыс.
Саусақ жаттығуы
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
3 — ші тапсырма 1 — 5- ке дейін тура және кері санату
(Балалар 1 – 5ке дейін тура және кері санап шығады).
4 тапсырма: Мозайка құрату 1-5 дейінгі сандар арасында.
Әр баланы жеке жеке шақырып, кез келген бір санды алып құратады. Суретте не тұрғанын , санын және қай санды құрағанын айтады.
5 тапсырма: «Көлеңкесінен таны»
1-5 ке дейінгі сандардың көлеңкесін табу керек. Және тура,кері санау керек.
Тәрбиеші:-Балалар бүгін сендермен оқу қызметінде не істедік? қандай тапсырмалар орындадық?
(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.)
- Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадындар, білімдеріңді көрсеттіңдер .Сендерге әкелген сылығымды табыс етемін.Барлықтарын жақсы белсене қатыстындар.Рахмет.
Әр баланы жеке жеке мадақтап, қортындылау
Күтілетін нәтиже: Түсінеді: 5 саны мен цифры.
Жасайды: санайды, санның құрамын жазады, бояп әдемілейді.
Қолданады: берілген тапсырманы дұрыс орындайды.