Жаңа сабақтар

Мен қашықтықтан қалай оқимын

Алматы облысы, Қаскелең қаласы, С.Керімбеков атындағы жалпы
мектептің 3Б оқушысы Кенжетайұлы Ерлік
Жетекшісі: Исаева Кенжеш Копбосыновна

Мен үшінші сынып оқушысымын ,сіздермен осы кезге дейінгі қашықтықтан оқу барысында кездескен қызықтар мен қиындықтар туралы әсерімді бөліскім келеді. «Қашықтықтан оқу» мен үшін бейтаныс ұғым болды,әйтеуір ұстаздарымның,ата-анамның көмегімен түсінгендей болдым.Қашықтықтан білім беруге көшу-короновирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын түсіндім,бұл жаңа форматқа анам өте алаңдаулы болды, ‘’қалай болар екен’’деген қорқыныш сезімі оны мазалап жүрді.
Сүйтіп қашықтықтан оқудыда бастап кеттік, бізге онлайн сабақ жүргізу ’’ZOOM программасы’’ қиын болды. Сонымен «WATSAPP» арқылы апаймен байланыста болдық. Ондада қиындықтар мен қызықтар болып тұрды.Апай бізге сабаққа қатысты әртүрлі бейнероликтер жіберді,жаңа сабақтарды түсіндірді,біз сұрақтарға кері байланыс жасадық, қызық осы жерден басталды.Бізде саналы тәртіп болмады,ватсапта көп сөйлеп апайдан бәрімізді бағалуды талап етіп,шуластық.Апайданда сын естідік,кейіннен бұлай істеу көпшіліктің уақытын алып,бәрімізге пайдасы жоқ екенін түсіндік.Бірақ уақыт өте келе қашықтықтан білім алуда апайды ғана мұқият тыңдап,тек қана сынып және үй жұмысымен кері байланысқа шығу керектігін жете түсіндік. Білім министірлігіде ‘’BALAPAN’’ және ‘’EL-ARNA’’ телеарнасы арқылы бізге бейнесабақатарды жүргізді.Ондағы ұстаздарымыз тележүргізуші ретіндегі рөлдерін мықты сомдап,бізге сабақтарды ұғынықты әрі қызықты жеткізді.Маған бейнероликтермен сабақ өткізу өте ұнады. Осы кезеңде анамда маған интернетті қалай дұрыс пайдаланудың жолдарын үйретті.Бос уақытымда алуан-түрлі әңгімелер оқыдым,тіл үйрендім,өз бетімше ізденіс жасап саналы болуға тырыстым,’’Bilimland’’және‘’Daryn’’ сайттары арқылы білімімді толықтырып отырдым.Біз «Бірлік күні» және «Жеңіс күнін» тойлай алмасақта,видеороликтар арқылы тарбие сабақтарын өткіздік. Мен сондада мектепке барып,мұғалімдермен,сабақтастармен білім алуды,уақыт өткізуді, мектептегі әр-түрлі іш шараларды қатты сағындым. Анам: бұның бәрі уақытша қиындық екенін,бұл қиындықтан бүкіл қоғам болып,бірге жеңіп шығатынымызды айтты.Қашықтықтан білім алу «Заман талабы» болашақта бізге көп пайдасы бар екенін менде біртіндеп түсініп келемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.