Жаңа сабақтар

Ғасырдың бір тұғыры

Ғасырдың ұлықтаған бір адамы,

Күллі халық таныған бұл баланы,

Есімін сұрасаңыз Ибраһим

Тарихта Абай деп қалған жаны.

Сөз маржаны-іздеген бар асылы,

Ұлы ақынды тудырған қазақ жұрты.

Сегіз қырлы, бір сырлы хакім Абай,

Ақын Абай дегенің дала сыры.

Келеміз өлеңімен шабыттанып,

Дана едің туылған өлең болып.

Надандықтың жанына тұрақтаймыз,

Білімділіктің сыр-сырын сенен ұғып.

Қара сөз, жыр өлеңі өрістеген,

Әр сөзінен таусылмай білім тергем.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Деп жырлығын: у бар ма мен ішпеген.

Артыңа ерген 45 қара сөзің

Жүрекке жетер, айтылған сөз маржаның.

Жететіндей үш поэма сыйлап кеттің

Жеті күндік жалғанның үш күндігін.

Шәкірттерің Көкбай мен Мағауия,

Артыңнан өшпестей із қалдырған.

Лермонтовтың «Вадим»-дейтін шығармасын

Қазақшалап, мазмұнын дәл аударған.

Әр өлеңі ұлы сөзбен құранға бай,

Тағылым ала алмайсың бұдан қалай?

Есімі жүректерден еш өшпейтін

Көз жетпес көк аспанда мұнар таудай.

Жалғызым деп санаған әр қазағың,

Жүреккке жылы тілер, ән-жырларың.

Әуенің аппақ қардың сығдырындай

Ұрпағың өзіңді оқып жол табардай.

Аманжолова Аружан

10-сынып оқушысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.