Жаңа сабақтар

« Мен бір жұмбақ адаммын…»

Қарағанды қаласы № 23 ЖББОМ

9 «В» сынып оқушысы Токенова Алтынай

Абай-Шәкәрім, Шәкәрім-Абай. Екеуінде бір тұтастық бар сияқты. Анықтап қарап,үңіліп көрсем,биологиялық жағынан ғана емес, шығармашылық жағынан да жақындықбар екен. Дәлірек айтқанда, Абай Шәкәрімнің ағасы ғана емес, шығармашылықтағы ұстазы да екен. Яғни, Шәкәрім-Абайдың ізін, дәстүрін жалғастырушы. Оған дәлел өте көп. Соның бірі — Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық.
Шәкәрім түрлі тақырыпта өзінің ойларын Абайдың үлгісінде жеткізуге күш салады. Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырса, Шәкәрім де осы дәстүрді жалғастырды. Бір ғана мысал,бұл сөзіме дәлел ретінде Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әр неге», «Интернатта оқып жүр» , Шәкәрімнің «Жастарға», «Ашу мен нысап», «Талап пен ақыл», «Насихат», «Сен ғылымға», «Адам немене?» т.б. өлеңдерін келтіруге болады..
Абай:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба…
Ойнап босқа күлуге … –десе,
Шәкәрім:
Ел саңырау надан ғой,
Құлағы мен көзін аш,
Оқу оқыт, ғылым жай,
Насихатты сөйтіп шаш,-дейді

Өлең құрылысында ұқсастықтар бар. Абай қандай шығыс ақындарын оқыды? Шәкәрім шығыс ақындарынан кімдерді оқыды? Екеуі де шығыс әдебиетінен Физули,Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Фердаусиді оқыды. Шәкәрім Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын аударды.
Екі ақын да А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Н.Некрасов шығармаларын оқыды , аударды. Ал, ақындардың сазгерліктеріне келсек, Абайдың әндері халық арасына кеңінен тарағанын білеміз. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні көпшіліктің жүрегінен орын алған сырлы ән. Дереккөздеріне қарағанда, Шәкәрімнің жиырма шақты әні бар екен. Қорыта айтқанда, сол әндерді әншілер қауымы жарыққа шығарып, халыққа таратса нұр үстіне нұр болар еді.

Себебі , шөліркеген халықтың шөлін басу үшін Абайша айтқанда, құлақтан кіріп кіріп , бойды алатын әсем ән халыққа қашан да керек.

Өз замандастарымды әлем таныған Ұлы Абайды, оның ізін жалғастырушы Шәкәрімнің мұраларын оқып, білуге шақырар едім. Өйткені , ол керемет даналықтың, ақылдың таусылмас бұлағы секілді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.