Жаңа сабақтар

Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызме ті

БҚО, Орал қаласы № 43 ЖОББМ КММ

Биология пәнінің мұғалімі Кожантаева Шолпан Сакеновна

Сабақ тақырыбы: Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3 А Бөліп шығару

Мектеп: № 43 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кожантаева Шолпан Сакеновна
Сынып: 8 «А» Қатысушылар саны: 19 Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Бөліп шығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары 8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау

8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу

Сабақтың мақсаттары
  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын түсіндіру
  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметін сипаттау
Бағалау критерийлері
  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын біледі;
  • зәр шығару мүшелерінің қызметтерін түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:

— бүйректің құрылысын, құрылымдық бөліктерінің орналасуы, қызмет ерекшеліктерін ауызша және жазбаша сипаттай алады.

— зәр шығару мүшелерінің атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша жазбаша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

несепағар, бүйрек артериясы, бүйрек венасы, қуық, бүйрек, зәр шығару түтігі, зәр

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Бөліп шығару …маңызды.

Зәр жүйесі…,…,…,… құралады.

Бүйректің қызметтеріне…,…,… жатады.

Зәрді уақытша сақтайтын мүше….

Бүйректі қуық пен …байланыстырады.

Бүйрекке қанды…әкеледі.

Құндылықтарды дарыту Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс Зәрдің құрамы туралы түсінік арқылы химия пәнімен, заттардың қаннан бөлінуі кезіндегі диффузия, қысым түсініктері арқылы физика, зәр құрамындағы түрлі заттар туралы қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады
Алдыңғы білім Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығарудың өнімдері туралы, 7-сыныптан

ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы,

өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктері,

омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысы, ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы туралы біледі.

Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Оқыту көздері мен ресурстар
Сабақтың басы
0-5 мин Саламатсыздарма оқушылар! Здравствуйте! Hello students!

Көңіл күйлеріңіз қалай? How is your mood? With good moods we bedin the lesson. I wish good luck. Жақсы болса, осындай керемет көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Сабағымыздың мақсатымыз бүгінгі біздің адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау, бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу.

Үй тапсырмасын қайталап жіберейік.

  1. ӨТС деген түсінікке анықтама беріңдер.

ӨТС дегеніміз адам ең терең тыныс алғаннан кейін шығаратын ауа көлемі

  1. Әйелдер мен ер адамдарда ӨТС ның орташа шамасы қандай?

Әйелдерде өкпенің орташа тіршілік сыйымдылығы 2,7 л немесе 2700 см3. Ер адамдарда бұл көрсеткіш жоғары және орташа 3,5 л немесе 3500 см3 болады.

  1. Темекі шегу денсаулыққа не үшін зиян?

Темекі түтінінде қанға енетін улы заттар ғана емес, бүкіл ағзаны улайтын заттар никотин бар.Сонымен қатар темекі түтінінде жасушалардың онкологиялық өзгерістерін тудыратын радиоактивті элементтер мен бензопирен болады. Темекі шегу салдарынан өкпе обыры сияқты ауру пайда болады.

  1. ӨТС ғы қандай құралмен өлшейді?

Спирометрмен өлшейді.

  1. Тыныс алу көлемі мен қордағы көлем деген терминдерге анықтама беріңдер.

Тыныс алу көлемі адам қалыпты тыныс алғанда, шамамен 500 см3 ауа жұтып, сонша шығарады.

Қордағы көлем бұл адам қалыпты тыныс шығарғаннан кейін шығаратын ауа мөлшері.

Жақсы балалар үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіздер. Енді бір видео көре қояйқ.

1-3 слайдтар

https://twig-bilim.kz/kz/film/kidneys

Сабақтың ортасы
6-20 мин Жақсы балалар видеоны көрсек, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз қандай болды? Дұрыс ақ балалар бөліп шығару бөлімі. (3 минут) Мен шағын түсіндіремін.

(5 минут) Ары қарай постер әдісін арқылы жалғасады.

Оқушыларға зәршығару жүйесінің құрылысын анықтау үшін зәр шығару жүйесінің бөлімдері беріледі суреттерімен бірге атаулары жазылған қима қағаздар ұсынылады.

  1. Бөліп шығару мүшелерінің құрылысы.

Бірінші топқа зәр шығару мүшелерінің құрылысы туралы сурет беріледі.

Мұғалім сұрақтар қойып, кері байланыс ұсынады.

Критерий:

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын біледі;

Оқушыларға осы мүшелердің құрылыс ерекшеліктері туралы шағын сипаттамалар беріледі. Оқушылар оларды оқи отырып, әр мүшенің құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.

  1. Бүйректің құрылысы мен рөлі.

Бүйректің құрылысы және нефронның құрылысы туралы айту керек. Содан соң бүйректің негізгі атқаратын қызметтері жазылған қима қағаздар беріледі. Оқушылар бүйректің құрылысы олардың атқаратын қызметтерін сәйкестендіреді. Осылайша бүйрек құрылысы мен олардың атқаратын қызметтері туралы кластер жасалады. Оқушылардың жауаптары оқылып, салыстырылады.

Мұғалім сұрақтар қойып кері байланыс береді.

Критерий:

  • адамның зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі бүйректің қызметі мен құрылысын түсіндіреді.
  1. Зәрдің шығарылуы.

Бірінші реттік және екінші реттік зәр шығарылуын айту керек. Зәр шығарылуынын қалай реттеленетінін айтуы керек.

Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарына постер арқылы қорғалады және әр қатар бір бірін бағалап отырады. атағаннан соң олардың жауаптары оқылып салыстырылады.

Критерий:

  • адамның зәр шығару шығарылуын түсіндіреді.

Бұл топта ұйымдастырылады.

Кейбір оқушылар зәр шығару жүйесінің мүшелері туралы қосымша ақпараттармен танысып өз білімін тереңдете алады.

Кейбір оқушалрға зәр шығару мүшелерінде кездесетін ұлпа түрлерін атау тапсырмасын ұсынуға болады.

Оқушылар видеоматериалдар, ақпараттық парақтар, таныстырылым, суреттер мен сызбалармен жұмыс жасай алады.

4-11 слайдтар

1-қосымша

Бүйрек

https://twig-bilim.kz/kz/film/kidneys

21-25 мин Оқушылар топтық жұмыстарын орындап болған соң, қалыптастырушы бағалау беру. Зәр шығару жүйесінің суретін пайдалана отырып, әр мүшенің құрылыс ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттап түсіндіреді. Модель, плакат
26-36 мин Кері байланыс

Оқушылардың оқу мақсатының мазмұнын түсінгенін анықтау үшін кері байланыс тапсырмасы жүргізіледі. Тақтаға термин сөздер ілінеді. Осы термин сөзінің анықтамаларын мұғалім оқыйды, қай термин сөзінің анықтамасын білсе оқушы сабалақпен тақтаға ұрады. Яғни көп дұрыс жауап жинаған топ оқушылары жеңімпаз атанады.

Бүйрек – парный фасолевидный орган, очищающий кровь, выполняющий посредством функции мочеобразования регуляцию химического гомеостаза организма. Входит в систему органов мочевыделения.

Несепағар – бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше.

Қуық – Unpaired hollow excretory organ located in the pelvis.

(Which of these options? What do you think?)

Нефрон – Structurally functional unit of the kidney.

Нефрон капсуласы – капилляр шумағы торлап жатыр. Ол бүйректің қыртысты қабатында болады.

Бүйрек пирамидасы – участки мозгового вещества почки, имеющие форму пирамиды, вершины которых обращена в сторону почечной пазухи.

Фильтрация – Құрамы бойынша қан плазмасына ұқсайды. Онда тек фибриноген, глобулин, альбумин сияқты ірі нәруыз молекулары болмайды.

Реабсорбция – обратное всасывание жидкости из полостей и полых анатомических структур организма.

Урохром — Urine pigment

Бүйрек астаушасы – ми қабатынан басталатын, несепағар шығатын кішкентай қуыс.

Жарайсыздар оқушылар! Қолдарыңыздағы қағаздарыңыз бойынша қай топтың женгенін қарайық. Сабақ мақсатына жеттік пе оқушылар адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттадық, бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білдік.

Сабақтың соңы
37-40 мин Жасыл түс мен сабақты меңгердің, барлығы түсінікті болды.

Сары түс кейбір сұрақтардан ғана түсіне алмадым.

Қызыл түс мен түсінбедім.

12 слайд
Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар қосымша ақпараттар тауып өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушыларға ағылшынша зәр шығару мүшелерін атау, олардың қызметтерін сипаттау тапсырмалары арқылы

Қабілеті төмен оқушыларға бейнероликтің транскриптін ұсынуға болады.

Қабілеті жоғары оқушыларға бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды зерттеуді ұсынуға болады

Кейбір оқушылар зәр шығару жүйесінде кездесетін ұлпа түрлері туралы қосымша ақпарат оқиды

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Талқылау кезнідегі оқушылардың жауаптары арқылы

Моделде ауызша сипаттаулары арқылы

Сұрақ қоя білуы мен сұраққа жауаптары арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.