Десерт дайындау технологиясы

Пән: Көркем еңбек

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ
Күні Мұғалімнің аты-жөні:

Байсаринова Гульмира Чакеневна

Сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Десерт дайындау технологиясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты 6.2.4.3. Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану
Сабақ мақсаттары Барлық білім алушы:

Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт түрлерін ажыратады.

Басым бөлігі:

Тағамдардың түрлерін ажырата отырып, әзірлеу технологияларын құрастырады

Кейбіреулері:

Қажетті азық-түліктерді және әзірлеу технологиясын пайдаланып десерт әзірлейді, құрамын зерттейді

Бағалау критерийлері 1.Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт түрлерін біледі

2.Дайындалу технологиясын құрастырады

3. Десерт түрін жасай алады, зерттейді

Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты терминдер :

Десерт – десерт – dessert

Қоспа – жент – Gent

Десерт- түскі не кешкі астың соңында тоқ басу

үшін берілетін тағам.

Қоспа –талқанға (құырылған бидай, тарының ұнтағы)

май мен қант қосу арқылы жасалатын қазақтың

ұлттық десерті.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Бұл тағамның ерекшелігі…

Мен….өзгертер едім.

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы»: Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту арқылы, еңбекке баулу, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға үйрету.

– Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыстар Тарих, биология
АКТ қолдану дағдылары Бейнежазба «Десерт тағамдары», «Жылдам әзірленетін тағамдар»
Бастапқы білім Көркем еңбек 5 сынып «Тамақтану мәдениеті»
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы Ұйымдастыру

1.Құрал-жабдықтарын тексеру

2.Санитардық-гигиеналық талаптар және қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру.

3.Топқа бөлу «Аударылған суреттер»

1-топ «Қоспа»

2-топ. «Чак-чак»

3-топ «Пахлава»

«Ой қозғау» Жаңа тақырыпты ашу мақсатында сұрақ-жауап алу

1.Суреттерді қарап, қандай ұксастықтары бар?

2.Қалай ойлайсындар, бұл тағамдар неден дайындалады?

3.Бұл тағамдар қай кезде беріледі?

4.Қандай тағам түрлеріне жатады?

Сабақтың ортасы 1-тапсырма: «Кім шапшаң» әдісі.

Оқушылар тақтадағы жылдам орындалатын және десерт тағамдарының суреттерін сигналды карточка арқылы ажыратады (әр оқушыға сигналды карточка таратылған)

қазан-жылдам әзірленетін тағам,

қасық-десерт.

әр суретті көрсеткен кезде, соған сай көтеріп отырады

Дескриптор: жылдам әзірленетін тағамдар мен десерт түрлерін ажыратады.

ҚБ: «Ішінен сыртына»

Тақтада дайын шеңбер ілініп тұрады, ішіне не алғаныңды, ал сыртына не білгің келетініңді стикерге жазып жапсырады.

2-тапсырма: Сарамандық жұмыс.(барлық топқа ортақ тапсырма беріледі) «Қоспа»-десерті.

Қажетті азық-түліктерді, қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып әзірлеу технологиясын жасап, қоспа дайындайды, зерттейді.

Әзірлеу технологиясы.

Асханалыққұрал-жабдықтар Шыны аяқ, өлшем ыдысы, қасық т.б.
Азы-түліктер сары май, қант, тары, талқан, үгітілген печенье, ірімшік, мейіз, жанғақ ,бал, күнжіт

Дескриптор: азық-түліктерді ажыратады, таңдайды,әзірлеу технологиясын орындайды,қоспа дайындау әдісін біледі,түсінеді, зерттейді, қолданады.

ҚБ«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылар

1.Бұл тағамның ерекшелігі…

2.Мен….өзгертер едім

3.Мен қолданар едім….

Нәтижесінде: Ой өрісі, қиялы дамиды.Қызығушылығы артады.Келешекте қолданылуы.

Тағам суреттері интернет арқылы алынады:

Қосымша ақпарат көздерінен мәлімет.

Сабақтың соңы Бекіту: ҚБ: 1 минуттағы ой «Қоспа» сөзі беріледі, сол сөзге 1 минут ішінде не біліп, үйренгені туралы ауызша ойларын ауызша жеткізеді. .

Рефлексия- «Бес саусақ»

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау кезінде топтық тапсырмалар, жеке тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы, ой-өрісі, қиялы дамиды. Қызығушылығы артады, қосымша ақпарат көздері мен ресурстары арқылы оқушылардың қабілеттері ашылады «Ішінен сыртына», «1 минуттағы ой», «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы бағалау Санитардық-гигиеналық талаптар және қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіріледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше