ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ОҚУШЫ ҮНІ…

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Д. Бабаев атындағы № 115 жалпы білім
беретін мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы Мырзалыұлы Марлен

Биылғы наурыз айының ортасында көктемгі демалысқа дайындалып жатқанда, тіршілігімізде көп өзгерістер болды. Жаман індет әлемді шарлап, адамзатты қиындықтарға, шығындарға ұшыратты. Әлем халқы қаншама ауыртпашылықтарды бастан өткізді. Қазір мамыр айының алғашқы онкүндігіне де келіп қалдық. Індеттің беті қайтқан секілді. Сыныптастарым қашықтықтан оқуға кәдімгідей үйреніп қалғандай.
Мен, Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектебінің 6 «Ә» сыныбында оқимын. Осы өткен аптадағы, сейсенбі сайын болатын тәрбие сағаттарында сынып жетекшіміз Роза Жүсіпбекқызы өзгерістерге байланысты, біздерге көптеген ойлар салды. Онда менің күн тәртібім қалай өтуде, күні бойы үйде ширақ, сергек жүру үшін қандай ұстанымым бар, сабақ өту барысында барынша белсенділік таныту, сабақты дайындау қиын емес пе деген сияқты мәселелер туралы сөз болды. Үйдегі отбасы мүшелерінің үйлесімді қатынасы, ұстамдылық, сыйластықтың артуына да көп көңіл бөлінді. Сол тәрбие сағаттарының бірінде мен белсенді оқушы ретінде өз ойымды ортаға салдым.Үйде отбасы мүшелері түгел болып, күн тәртібінің дұрыс болуы, тазалық мәселелерін үнемі назарда ұстау, далаға шықпағандықтан, әртүрлі жаттығуларды жасап сергек жүру т.б. жағдайларды қатаң ұстанатын болдық. Анамыз асханадағы міндетін атқарып жүргенде, барлығымыз атсалысып әзіл айтып, ойнап-күліп, бірге болғанымызға ата-аналарымыз шүкіршілігін еске салып отырды.
Ал қашықтықтан оқу болса, қазіргі кезде өз жолымен жүріп келеді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы біздерге барлық жағдай жасап, үлкен қамқорлықтарына бөлеп отыр.Үлкен рақмет! Оқушылар ұжымы өз тараптарынан ризашылықтарын әртүрлі видеороликтер мен жазбалар арқылы жеткізіп отыр. Осындай өз сезімімізді жеткізу үлкен бақыт сияқты, себебі «Алтын ұя» мектебімді сағындым.
Індет жойылып, амандықпен барлығымыз қауышсақ, оқу жылын жеңіспен аяқтасақ – деген тілегімді көпшілік қолдайды деген сенімдемін! БІЗ БІРГЕМІЗ!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше