Жаңа сабақтар

Ақыл Арманқызы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

ЖК «Ақниет» бөбекжай

Тәрбиеші Ақыл Арманқызы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Денсаулық — зор байлық»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшандыққа, батылдыққа баулу.

Міндеттері: Берілген тапсырмаларды орындауға үйрету. Балаларды шапшандыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Доптар,орындық, шарлар т.б

Барысы:

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдер ме балалар,қараңдаршы бізде қонақтар бар

  • Балалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдар ма?
  • Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:

Орманда жылғыз жүруге болмайды,

Ол үшін бір-бірлеріңнен қалмауларың қажет.

Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға қадам басамыз!

Біз бір-бірінің артынан жүреміз

Орман ішімен жүреміз

Күнге қол созамыз

Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)

Аюға ұқсап маймаңдаймыз

Жолда мұқият боламыз!

Жүгіреміз, жәй жүреміз

Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.

Негізгібөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: (Әр жаттығу 3 реттен қайталанады және 5 сек.)

СМС хабарлама келеді

Қане, балалар хабарлама қайдан келгенін көрейікші.

Сәлеметсіңдер ме, «Ақниет» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері!

Мен Мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім.

Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді,бірақ менің үйшігім құлап қалды. Мен оны жинай алмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесесіңдер?

Ой балалар біз қалай барамыз, біз жәй ормандамыз, ал Мыстан кемпір ертегі орманында. Мен оған сол туралы СМС жолдайын.

Мыстанға көмектесеміз бе? Олай болса, жолға шығайық.

Негізгі қимыл қозғалыс:

  1. Допты екі қолмен лақтыру.
  2. Биіктіктен секіру.
  3. Бұрмалы жолмен жүріп өту.
  • Алақай, Біз Мыстанның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
  • Біздің үйшігімізге бір нәрсе жетіспейтін секілді?
  • Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін арнайы жаттығу орындауымыз керек.
  • Белгіленген орыннан допты екі қолмен кеуде тұсынан бастап лақтырамыз және бір-бірімізге домалатамыз.
  • Бұрмалы жолмен өтуіміз қажет.

Мыстан кемпір:

  • Ой балалар жарайсыңдар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.
  • Балалар сендермен ойын ойнағым келеді, мен сиқырлы шарларымды шашып алдым соларды себетке жинауға көмектесіңдер.

Қимылды ойын: «Сиқырлы шар»

Ойын шарты: Түрлі-түсті шарларды себетке жинап салу.

Қорытынды:

  • Ой балалар мен шаршап қалдым, белімде ауырды. Сендер мені әбден шаршатып жібердіңдер, жарайды, сендерді орманда қалдырмаймын. Қазір сиқырлап сендерді өз балабақшаларыңа алып барамын.

Мыстан кемпір балаларды сиқырымен өз балабақшаларына жеткізеді.

Тәрбиеші: Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік. Мыстанға көп рахмет, ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз саяхатта қандай жаттығу орындадық? Балалар сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықтындар. Сендер бір-біріңмен тату, дос тапқыр, епті, батыл екендеріңді көрсеттіңдер. Сол үшін Сендерге мына медальді тарту етемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.