Жаңа сабақтар

Досмагамбетова Орынай Жолдыбаевна

Атырау облысы Жылыой ауданы

Құлсары қаласы «Өркен»бөбекжай бақшасы Тәрбиеші

Досмагамбетова Орынай Жолдыбаевна

Тақырыбы: «Ана-ән,бала-оның қайырмасы»

Мақсаты: 8наурыз – Аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.Балаларды аналарды сыйлауға шақыру. Балаларды тәрбиелікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке, аналарды сыйлауға және құрметтеуге үйрету. Ана мен баланың басқа қырынан өнерлерін көрсете отырып, бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге насихаттау.

Көрнекіліктер: Гүлдер, шарлар, мольберт тақтасы, акварельді бояулар, мақталы таяқшалар.

Ертеңгілік барысы:
Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген –бәйтерегі өмірдің

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

Қымбатты аналар,әжелер,қыздар!Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерді ортаңғы «Арай» тобының«Аналар мен ұлдар » атты аналар мен ұлдар арасында өтетін сайысты тамашалауға шақырамыз.Олай болса,бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.1-ші Жалғас анасымен,2-ші Қуаныш анасымен,3-ші Әли анасымен,4-ші Ибраһим анасымен.

Ән «Айналайын ақ мамам» балалар орындауында

Сайыс бағдарламасы 6 бөлімнен тұрады:
1-бөлім-Тегін білу- тектілік. (таныстыру)
2-бөлім-Өнерлі — өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)
3-бөлім-Ас-адамның арқауы.(тағамның жасалу жолы)

4-бөлім-Тәрбие тірегі-отбасында. Жағдаят сұрақтарына жауап беру.

5-бөлім-Қылқалам шебері (Шығармашылық сайысы)

6-бөлім— Талаптыға нұр жауар. (Үй тапсырмасы.Қолөнер бұйымдарын қорғау)

Жүргізуші: Кімдер күшті,кім алып,

Әділқазы көріңіз

Қара қылды қақ жарар

Әділ баға беріңіз-дей отырып, бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Жүргізуші: Балғын жүзі албырап,

Қанатын жаңа қаққан

Қарсы алайық ұлдарды

Сайысқа дайын тұрған.

Өнердің нәр береді шапағаты

Әркімнің өнерге бар махаббаты

Талпынып сайыскерлер шықты қане,

Жазира -ана қыр сырлы,Жалғас ұлымыз өнерлі,

Риза болсын мына жұрт ,жасаған әрбір ісіне

Кәне көрсет өнерлерді сен тынба

Қошаметпен қарсы алайық жар сала.

Ақылды ұқсайды көл дарияға

Сыйлы әркез жастарғада қарияға

Әнекей жол беріңдер келе жатыр

Ермінезді Қуанышпен ,Мөлдір ана.

Дәстүрлерді жалғастырар нағыз қазақ

Қашанда мақтан етер жалғанса ұрпақ

БүгінгіAнамен бала сайысына бақ сынауға

Келіп қалған ана-Гулнұр , Әли –бала тамсандырмақ.

Қошаметпен келесі топ орта жарар

Бұл топта басқалардан орталанбас

Бар өнерін буып ,түйіп ала келді

Ана-Әсел,бала –Ибраһим қарсы аламыз.

Ән «Айналайын ақ мамам» балалар орындауында

• Бірінші сайысымыз «Тегін білу -тектілік» Таныстыру.

Ана мен бала келді ортамызға

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен, ізетпенен танысуға,-дей келе әр ана мен

бала ортаға шығып өздерін таныстырып өтеді.

2. Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер».

Өнер қуып,арулар өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген аналар кезектесіп,

Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз,- сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер»(Өз өнері)

Осы кезеңде аналар мен ұлдарымыз өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.

Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата — ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп өз өлең шумақтарымен балалардың тақпақтары. Тақпақтар :

3.Үшінші сайысты жағдаяттық сұрақтарға берелік.

1.Анасына сұрақ:Балаңыз сіздің жаңадан әкелген киіміңізге бүлдіріп тастаса,сіздің сол кездегі іс –әрекетіңіз.

Балаға сұрақ:Ұлттық тағамды ата? –Бауырсақ ,шұбат,құрт

2.Балаңыз үйге балабақшаға қайтарда қолына рұхсатсыз досының ойыншығын алып кетіпті.Не айтар едіңіз?

Ұлттық ойынды ата?-Алтыбақан,асық,қыз қуу

3.Балаңыз серуенде ойнап келіп досына ренжіп келгенін байқайсыз .Қандай жұбату сөзін айтар едіңіз?

Ұлттық киімді ата?-Тақия ,шапан,кимешек.

4.Балаңызды үйге жалғыз қалдыруға тура келді.Сіз бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?

Ұлттықбұйымдарды ата? Сандық,торсық,қамшы.

Балалардың тақпақтары

Би

4.Төртінші сайысымыз «Ас адамның арқауы»

Үйден дайындалып келген дәмдерімізді ортаға әкеліп құрамын айта кетсек.

5.Ендігі сайысымыз « Қылқалам шебері» шығармашылық сайысы бұл сайыста ана мен бала қосарланып шығармашылыққа икемделеміз.Сіздерге тақырып беріледі, сіздер балаңызбен біріге отырып, бір әдемі бейне көрсетесіздер.Мына жерде қажетті құралдарды пайдалана отырып, керегін пайдаланыңыздар. Іске сәт.Уақыт шектеулі екенін ұмытпаңыздар.

Сайысушыларымыз дайын болғанша бүлдіршіндеріміз «Көңілді әжелер»музыкалық тартуын қарсы алыңыздар.

6. Алтыншы сайысымыз «Талаптыға нұр жауар»

Ұлдарымыз бен аналарымыздың бірлесіп үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін-шебер туындысын көрсетеді.
Балалар орындауында ән: «Сағындым әже,өзіңді»

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Көріскенше қош,аман бол ағайын

Аман болсақ сіз бар,біз бар дегендей

Өткізерміз сайыстың да талайын

Келді міне, бүгін сын алуға

Сын алып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға-

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Қорытынды.

Марапаттау.

Сыйлықтарын беру.

Білім беру саласы: Таным, Әлеумет, Шығармашылық.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Жаратылыстану, Қоршаған орта,Аппликация.

Тақырыбы: Фермадағы құстар .

Мақсаты: Балаларға ферма құстарын таныстыру,олардың тіршілігі мен пайдасын айтып ,білімдерін,танымын жетілдіру. Фермаға бару арқылы құстарға қамқорлық жасауды үйрету.

Көрнекілік: Слайд, жұмыртқалар түрлері,квиллинг қағаздары, түрлі түсті табиғи қауырсындар,суретті карточкалар,шыны ыдыстар,тұз,су.

Билингвальдық компонент: Қауырсын- перья- bird feathers, жұмыртқа- яйцо- eggs

Шаттық шеңбер:

Балалар кәнекей ортаға жиналып, шаттық шеңберге тұра қояйық.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар өте тамаша.

-Балалар, сіздерге мен мына үстелге суреттер дайындап қойдым . Әр бала суреттерді алу арқылы топқа бөлінеміз.

-Қанекей суреттерімізді құрастырайық. Ал, қане қандай суреттер шықты екен.

Балалар:-Біздің топ әтеш құрастырды.(Әтешті үш тілде қалай атауын)

-Біздің топ балапан құрастырды.(Балапан туралы тақпақтарын айтады)

-Біздің топтан тауық құрастырды.( Тауық туралы қысқаша мағлұмат айтып кетеді).

-Өте тамаша ,қандай керемет. Ал балалар бәріміз бейнетаспаға назар аударайықшы.

Слайд көрсетіледі. Балалар біз бейнетаспадан- не көрдік? не байқадық ?

-Тауық, жұмыртқа.(Балалардың жауаптары)

Балалар зерттеу жұмысын жүргізетін адамдарды кімдер деп айтамыз?

-Ғалымдар.

-Ал олар қайда жұмыс жасайды екен ?

-Зертханада.

-Қанекей, балалар бізде зертханаға барып,кішкентай ғалым болып көрейікші .

Ғажайып сәт : Ішке түлкі кіреді. Қойнында себет толы жұмыртқа .

-Балалар мен тауықтың жұмыртқасын ұрлап әкелдім. Көрейінші ,бұдан не шығады?

-Әлде балапан шығарып, оны өсіріп алсам ба екен? Әлде бәрін жеп, қарнымды тойдырсам ба екен?

-Жоқ ,түлкі сен одан да жұмыртқаларды біздерге бер ,бірігіп зерттеулер жүргізейік. Сенде үйрен!

Тәрбиеші түлкінің себетін алып, жұмыртқаны зерттеуге көшеді.

1 -ші зерттеу. Жұмыртқа ақуызбен саруызды ажырату.(Жұмыртқаны ыдысқа жару арқылы балаларға ақуызды , сарыуызды , жұмыртқа қабығын көрсетіп, түсіндірме жұмысын жүргізу).

2 -ші зерттеу. Піскен жұмыртқамен шикі жұмыртқаны ажырату. ( Піскен мен шикі жұмыртқаны айналдыру арқылы балалармен жұмыс).

3- ші зерттеу жұмыртқа суда бата ма? Батпай ма? (Алдымен су толтырылған ыдысқа жұмыртқаны салып көрсету арқылы, ол жұмыртқанын бататынын көрсету.

Содан кейін ыдысқа тұз салып, араластырғаннан кейін жұмыртқаны қайта салып, батпайтынын балаларға көрсету).

Түлкі: -Осылай айырады екен ғой, жұмыртқаны бірақ, мен өкініп тұрмын, әттең бәрін жаңа жеп алғанымда ғой, шіркін. Мен енді үйіме кетейін.

Тәрбиеші: Олай деме, түлкіжан сен көп жұмыс жасап үйрендің.(Түлкі шығып кетеді).

Рефлексия:-Біздер жұмыртқаға зерттеулер жүргізу арқылы көптеген құпиялар аштық. Өте қызық болды, солай ма балалар?

Балалар зерттеп болсақ, енді аппликация жасауға көшейік. Тауықтың, әтештің ,балапанның аппликациясын жасайық, қанекей.

(1-ші топ әтештің қанаттарын квиллинг әдісі бойынша желімдейді).

(2-ші топ балапанға сары мамық қауырсынын желімдейді).

(3-ші топ тауықтың қауырсындарын желімдейді).

Сергіту сәті: Тауық тары жинапты.

Оны ешкімге қимапты.

Бөтегесін толтырып,

Қамбасына құймапты,

Қыста тауық тақылдап,

Тары іздеп жүр тоқылдап. (Қимылмен көрсетеді).

Қорытынды: -Балалар бүгін не көрдік? қайда бардық? немен таныстық?

*-Біз фабрикаға бардық.

*-Фабрикадан тауық пен жұмыртқаны көрдік.

*-Жұмыртқадан балапан пайда болады.

*-Тауықтан қауырсын аламыз.

*-Қауырсыннан көрпе, жастық жасайды.

*-Тауық тарымен қоректенеді.

*-Жұмыртқада дәрумендер көп болады.

*-Балапандарға қамқор болу керек.

-Жарайсыңдар, балалар осының барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады?

-Үй құстары.Үй құстарының адам өміріне пайдасы зор.

-Өте тамаша ат салысып, керемет қатыстыңдар, балалар! ( Смайликпен балаларды мадақтау).

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Әлеумет» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған орта.

Тақырыбы: «Қошақаны-қойдың…»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту арқылы тіл байлықтарын дамыту.Қойдың ерекшелігіне тоқтала отырып,мазмұнын ашу.

Білімділігі: Балаларға үй жануарларына байланысты тақпақ, жұмбақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тілін дамыту.

Тәрбиелігі:Үй жануарларын күтіп -баптауға, қорғап қамқор жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: үй жануары, жайлау,сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, төлдер,асықтар ,қошқар мүйіз,ою

Билингвальды компонент: домашные животные, корова, верблюд, лощадь, баран, коза, теленок, верблюжонок, жеребенок, ягненок, козленок,орнамент,рога

Заттық дамыту ортасы: демонстрациялық материалдар, слайд,

-Балалар, бүгін біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр екен, қане бәріміз қонақтармен амандасып алайық.

Жылулық шеңбері

Балалар шеңбер бойына тұрып ,өлең жолдарын бәрі бірге қайталайды.

Балалар қонақтармен амандасады.

-Сәлеметсіздер ме!

-Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші:Қазақ халқының ата-бабаларымыздың ұлт кәсібінің бір-түрі мал бағу, оны күтіп баптап өсіру болатын. Міне содан бері кейінгі ұрпақ жалғасып тауып келе жатыр.Мал бағуға ауылдық жер өте ыңғайлы ма?

Ауылымызда үй жануарлары бар ма?

Үйлеріңізде бар ма?

Қандай жануарларды білесіңдер?

Сиыр, Қой,Ешкі,Жылқы, Түйе, Т/б төлдері.

-Үй жануарларын төрт түлік деп атайды.

-Балалар, үй жануарларының төлдерін атап беріңдерші?

-Бұзау, құлын, бота, қозы, лақ.

-Балаларды суретте не бейнеленген

Қандай үй жануарларының адамға пайдасы тиеді, деген әнгіме жүргізіп, сурет бойынша көрсету.

Тәрбиеші:

-Біз оларды неліктен үй жануарлары дейміз?

-Балалардың жауабы.

-Тәрбиеші:Жануарлар үйде адамның көмегімен өсіреді

Халқымыз үй жануарларын қастерлеген. Үй жануарлар адамға тигізетін пайдасы өте көп деп түсіндіріледі.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын: Сендер жауабын тауып көріңдерші:

1.Көкке шаншып құйрығын

Келеді шаншып жүйрігің (құлын)

2.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе- верблюд)

3.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой-овца)

4.Өзі күшті, мүйізі мықты,

Төрт бұлағы сүт,

Баға білсең құт.

(Сиыр-корова)

  1. Секең-секең етеді,

Тау мен тасқа жетеді.

(Ешкі-коза)

-Міне, қызық балалар, жұмбақтардың жауабын дұрыс таптыңдар.

-Балалар, мен сендерге үй жануарлары туралы кішкене мағұлмат берейін, сендер мұқият тыңдаңдар. Тәрбиеші төрт- түліктің аты мен пір атасын айтып тұрады.Ал балалар төрт –түлікті кім бағады?Қалай дыбыстайды? Қалай шақырамыз? Сұрақтарына жауап беріп отырады. 1. 1.Жылқы атасы- Қамбар ата.

  1. Сиыр атасы- Зеңгі баба.
  2. Түйе атасы- Ойсыл қара.

  3. Қой атасы- Шопан ата.

  4. Ешкі атасы- Сексек ата.

-Пұшайт-пұшайт.

-Ешкіні шөре-шөре деп шақырады.

-Жылқы кісінейді.

Жылқыны- қырау-қырау деп шақырады.

-Түйе боздайды.

-Түйені көс-көс деп шақырады.

-Сиыр мөңірейді. Сиырды аухау- аухау деп шақырады.

Төрт түліктің белгісі.

Түйе-байлық

Қой-мырзалық

Ешкі-жеңілдік

Жылқы-сәндік

Сиыр-ақтық

Түйенің тобы –келе

Жылқының тобы-үйір

Сиырдың тобы-табан

Қой, ешкі –отар

-Балалар, осы жануарлардың ішінен мен сендерге қой туралы толығырақ айтып көрсеткім келіп отыр.

-Қой қалай дыбыстайды? -Қой маңырайды.

-Қойларды суарарда қалай шақырады? -Пұшайт-пұшайт.

  • Дұрыс айтасыңдар, қойдың етін жейміз,терісін, жүнінен киіз басамыз,киім кешек, тұлып тоқиды.

Қойға байланысты мақал-мәтеліміз де бар

-Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын,—қойдың сүті пайдалы екен,балалар,одан құрт жасайды.

Қойдың майын емге де пайдаланамыз.

—Мал өсірсең,қой өсір

Өнімі оның көл-көсір демекші

Әжелеріміз қойдың жүнінен көрпе,жіптер жасаған.Киіз басып,текеметтер,алашалар,сырмақ тоқыған.

Қойдың мүйізіне қарап ,ою өрнектерді сырмаққа салған.

Қойдан асық аламыз,солай ма ,балалар,кандай асықтар туралы ойын білеміз.

Балалар: «Ханталапай», «Асық ату», «шахмат» ойыны

Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер көрсетеді.

Балалар сол суреттер жайында айтуы керек.

Балалар сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді?

Айкөркем: Атам мені, «құлыным»- дейді,

Әжем мені, «ботам»- дейді.

Әкем мені, «шырағым»- дейді,

Анам мені, «қозым»- дейді.

-Қошақаным, ботақаным, құлыншағым, балапаным.-деп еркелетеді екен.

  • Ал енді балалар, сендерге хат келіпті. Хатты ашып оқиын.

Хатта: Саламатсыздар ма! Балалар ! Мен сіздердің жайлаудағы ата-аналарың сендерге өлең шумағын жазып жіберіпті.

Төрт түлік малда өз төлдерін еркелетеді. Соны мен сендерге басын оқып тұрамын, ал сендер артын жалғастырыңдар. Сөйтіп атамыздың сұрағына жауап берейік.

Түйе сүйеді баласын -«боташым» деп

«Жаудыраған көзіңнен -тоташым деп»

Ешкі сүйеді баласын -«лағым» деп

Тастан –тасқа секірген -«шұнағым»деп

Жылқы сүйеді баласын -«құлыншағым» деп

Тұлпар барып жүгірер -«жұлыным» деп

Балалар тәрбиешінің айтқандарын ынта қойып тыңдайды.

Жарайсыңдар балалар!

Сергіту сәті.

Төрт-түлік мал туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер!

Таңғажайып сәт:Қойшының баласы кіреді.

Асықтардан үй құрастыруға болатындығын,сырмаққа ою өрнегімізді салу арқылы,жүннен неше түрлі заттар жасауға болатындығын жұмыстарынан көрсетеді.

Балалар үш топқа бөлініп, киіз үйге асықтарды жіпке тізе бастайды.екінші топ сырмаққа қошқар мүйізді оюды салады,үшінші топ қошақанның суретіне жүнін жапсырады.

Балалар қонаққа қойдың жүнінен,асықтан көп пайда акелетіндігін шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетеді.

Ал, енді мен сендерге өлең оқып берейін,мұқият тыңдап алыңыздар:

«Түйе , жылқы, сиыр, қой-төрт-түлік осы біліп қой!»

Ең зор түлік түйемін

Тікенді шөпті сүйемін

Пайдалансаң , сүтім-шұбат,

Дертке дауа, жанға қуат

Қу тышқанға алдандым

Жыл басынан құр қалдым

Арғымақ, тұлпар-жылқымын

Мақтанышы-жұртымның

Ерге қанат тұлпармын

Қай түлік келер маған тын

Сүтім-қымыз, етім ем

Білесіңбе оны сен?

Мінезім жайлы –сиырмын

Байлығымын бір үйдің

Етім дәмді , сүтім бал

Сиырымды менің ұғып ал

Қой, ешкі –бір түлікпіз

Бірге өстік , еш күдіксіз

Теріміз тон былғары,

Жүніміз-киім, тұр әне

Етім тәтті, сүтім бал

Қой ешкі ең құнды мал

Тәрбиеші: Үй жануарларының пайдасы бар ма?

Балалар:Ия

Тәрбиеші:

-Қане балалар , бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Балалар: -Ия

Тәрбиеші: -Сонымен балалар, бұл үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы өте көп екен. Сондықтан біз оларды күтіп, бағуымыз керек.

Ал ендеше балалар: Өте жақсы қатыстыңдар!

Балалар мадақталады.

  • «Балалар жүректерің әрқашан жүгіретін жануарларға да, ұшатын құстарға да, қайырымды болсын!»

Сау болыңыздар!!!

Білім саласы:Әлеумет,Шығармашылық

Бөлімі:Қоршаған орта, Мүсіндеу

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз», «Әдемі торғай»

Мақсаты:Балаларға құстар туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелігі:құстарға қамқорлық жасауға ,оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Білімділігі:балалардың сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылығы:адамгершілікке,табиғатты сүюге ,табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, көрсету, түсіндіру,сергіту, бекіту, қорытындылау.

Құрал-жабдықтар :құс ұясы,ұяшық,жұмыртқа,ағаш бұтағы,фетрден жасалған құс бейнесі,

құс бейнесі бар стенд,алақан бейнесіндегі мүсін,түрлі-түсті тұзды қамыр,ермексаз тақтайшасы

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер: Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайымнан сипайын,

Жылы-жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын,

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын.

Сәлеметсіздер ме , қонақтар!

-Балалар біздің бүгінгі ашық оқу-қызметіміз «Әдемі торғай »тақырыбында болмақ.Ал кәне айтыңдаршы қандай құстарды білеміз?

-Қарлығаш,торғай,аққу,қарға,сауысқан,тоқылдақ.

-Иә,балалар құстардың түрлері өте көп.Осының ішінен балалар бүгін біз торғай туралы танысатын боламыз. Мына құс өзіміздің ауламыздағы кездесетін құстың бірі-торғай екен.Өзі дөңгелекше тәрізді .Торғай өзі кішкентай қүс ,тұмсығы да кішкене,аяқтары да кішкене.Өздері топтасып ұшып жүреді,дәнмен қоректенеді.Дәнді шоқып жейді,дәнді ұнатады екен.Ал адамдар құстарға ағаштан жем салғыш жасап,ішіне жем салып,құстар келіп қонады екен.Біз оларға қамқор болуымыз керек.

Балалар мына жерден не байқадыңдар?

-Жұмыртқа

-Иә, мына жерде жұмыртқа жатыр.Кәне ,зейінімізді мына жұмыртқаға аударайықшы.

1-ші жұмыртқаның ашылуы.(Әуенмен)

-Балалар ішінен не шықты?

-Ұя.

-Балалар бұл ұя бізге тапсырма әкеліпті.Бұл тапсырмада бізден құстың ұясына байланысты тыйым сөздер сұрайды.

Кәне,кім айталады?-Інжу,Керейхан,А.Дархан,Дархан, (құс ұясына байланысты тыйым сөздер)

-Ал ендеше 2-ші жұмыртқаны ашайық.(Әуенмен)

-Ой балалар, бұл балапан ғой.Бұл балапанның да бізге тапсырмасы бар екен.Бізден құстар туралы тақпақтар сұрайды.

-Енді кезекті 3-ші жұмыртқаға берейік.Балалар байқадыңдар ма, жұмыртқа қандай пішінге ұқсайды?

-Сопақша

Ал балалар осы 3-жұмыртқаның көлемі бірдей ме?

-Жоқ. Үлкен,орташа ,кіші.(хормен)

-Қандай тапқырсыңдар,жарайсыңдар.Сендер бәрін біледі екенсіңдер.

3-ші жұмыртқаның ашылуы (Әуенмен)

Бұл жолы жұмыртқадан құстың өзі шықты ғой. Бұл қандай құс?

-торғай(хормен)

-Ал балалар, бұл торғай бізден көмек сұрай келіпті.Көмектесесіңдерме? Біз оған өз мүсінін құрастырып беруіне көмектесейік.

Балалар тақтаға фетр материалынан жасалған құсты құрастырады(басы-көзі,тұмсығы,денесі,қанаты-құйрығы).

Сергіту сәті: Қол ұстасып тұрайық

Киіз үйді құрайық,

Құсша қанат қағайық,

Аққуша мойнымызды созайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.

Дидактикалық ойын:-Балалар, кәне,орнымызға жайғасайық.Балалар тақтаға қарайықшы.Мына жерде торғай тұр.Бұл торғайға қатысты кім қандай сипаттама бере алады?

(аспан)-Торғай көк аспанда ұшады.

(ұяшық)-Торғай ұяшықта өмір сүреді.

(дәндер)-Торғай дәнді шоқып жейді.

(қауырсын)-Торғайға қауырсын аса қажет.

(нан қоқымы)-Торғайдың ең сүйікті асы –нан қоқымы.

(алақан)-Көрген жерімізде торғайды аялап,қастерлеп жүрейік.

(құрт)-Торғай ағашты құрттардан қорғайды.

Таңғажайып сәт:

Топқа тал кейіпкері келеді, қолында 4 заты бар.Құс ұясы, Алақан ,Ағаш бұтағы, ұя.

-Сәлеметсіздер ме,балалар!

—Мені танисыздар ма?

-Иә,сіз талсыз ғой!(балалар)

-Өте дұрыс ,мен сіздер білетін тал боламын! Бірақ менің бұтақтарыма көптен бері құстар қонбай кетті(мұңайып).

-Неге екенін білмеймін?(айналасынан құстарды іздеп)

-Мен оларға аялы алақанымды,ұяшығымды,ағаш бұтақтарымды,құс ұясын әзірлеп келдім,тек осыған қонатын құстар болса….(мұңайып)

-Мен сендерден көмек сұрай келдім.

-Қане,балалар,талға көмегімізді береміз бе?

-Иә (балалар хормен)

-Ал сен тал мұңайма,балалар әрдайым көмекке әзір.

Мүсіндеу.

Балалар,олай болса біз торғайды мүсіндеп берелік.

Біздің пайдаланатын құралымыз: тұзды қамыр.Оның құрамында:тұз ,су ,ұн ,лимон қышқылы , бояғыштар болады.

Алдымен,балалар ермексазды болсын,қамырды болсын қолданар алдындағы қауіпсіздік ережесін еске түсірейікші.

1.Қамырымызды ауызға салмаймыз.

2.Еденге түсірмейміз, жабысып қалады.

3.Киімімізді таза ұстап, қол-қап киіп аламыз.

4.Жұмыс соңында қолымызды дымқыл шүберекпен сүртеміз.

Кәне, балалар алдарыңызға үйлестірілген қамырдан,алдымен денесін жасаймыз.Ол үшін 2 домалақ дайындап аламыз.Үлкені-денесі,кішірегі –басы болады.Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп ,дене қыламыз.Саусақпен басу арқылы қанатын жасаймыз.Ал торғайдың аяғын жасау үшін, қамырымыздан кішкене бөлік алып ,таяқша етіп алақанымызда ысқылаймыз.

Балалар үстел үстіне суреттер жайғасқан қараңыздаршы.Осы мүсіндеп жасаған торғайларыңды өз қиялдарыңа ,еріктеріңе қарай суреттерге орналастырыңдар.Өз торғайларыңды қайда қойғыларың келеді екен,қане көрейік.

-Міне,тал енді көңілін көтерілді ме ,біздің балалар қандай әсем әдемі торғайлар жасап берді-деп талға береді.Тал рахметін айтып:

-Балалар, мен сендерге риза болдым.Менің қуанышымда шек жоқ.Сау болыңыздар!(тал кетіп қалады)

-Ал балалар,құстарға ұя жасап,өз мекеніне орналастырдық.Құстарға әр кез қамқор болайық!Құстар— біздің досымыз!

Балаларды мадақтау.

Осымен балалар ашық оқу іс-қызметіміз аяқталды.

Тақырыбы: «Абай дара –Абай дана,қазақта» .Абай Құнанбайұлына 175-жыл

Мақсаты:Абай өлеңдерімен поэмаларымен танысу,рухани адамгершілік қағидаларымен танысу ,өлеңді нақышына келтіріп оқу.Абай өлеңдері арқылы рухани байлықты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Көрнекілік:Абай кітаптары ,том баспалары, журналдар ,слайд.

Жүру барысы:

Абай-өркениет тарихтан келе жатқан ұлы тұлға .Қазақтың классик әдебиетінің атасы,қазақ поэзиясының шуақты асқар биігі.Ұлыақын,композитор,философ ,саясаткер,ағартушы Абай Құнанбай ұлы175-жылдығын барша жұрт болып тойлаудамыз .ПрезидентімізАбайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз-деп республикалық деңгейде тойлауымызға жарлық шығарды.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып ,кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып ,ойланып ,ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Қыстада ,жаздадақырдада

Өлеңнің бесігін тербеткен кім?

Соқтықпалы ,соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешеке

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов,Пушкендермен табысқан кім ?

Ендігі кезекті тәрбиешілерімізге береміз .Өз өлең шумақтарымен Абай атамызды жырлап бейнелеп ,баяндап берсеңіздер.

Тәрбиешілер көркем сөз,қарасөз,театрландырылған көрініс ретінде өз өнерлерін көрсетту.

Ән:»Көзімнің қарасы»-әнімен Қатысушылар слайдпен орындау.

Қорытынды.


Зайтуна Есмаганбетова


IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.