Жамбыл облысы,Жамбыл ауданы,Пригород ауылы
Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің жанынан ашылған
«Ботақан» шағын орталығы.
Тәрбиеші: Тулендиева Гулнур Исламадиновна
Білім беру саласы: Таным. Әлеумет
Бөлімдері: Қол еңбегі
Тақырыбы: «Сиқырлы қораптар»
Мақсаты: Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, бос қораптарды (тіктөртбұрышты және цилиндр пішінде) түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып белгілі бір бейнелерді жасай білуге үйрету, ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс:қажетсіз заттардан жасалған бейнелері көрсету, өздері осындай заттарды жинап алып келулеріне тапсырма беріледі.
Көрнекті құралдар: бос қораптар, ыдыстар, босаған құтылар, конфеттердің қораптары т.б.
Сөздік жұмыс: құтылар, йогурт қораптары, қажетсіз заттар.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері.
Қораптардан жасалған ойыншықтарды көрсетіп, әңгімелейді. Үлгіні талдау жасай отырып балалардың қандай бейнелер жасағысы келетінін ойландырады. |
Балалар ойыншыктарды қарай отырып қандай бейнелер жасағысы келетінін ойланады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Балаларға пішіні әртүрлі қораптар беріледі,оны түрлі түсті қағазбен жапсыруды көрсетеді.Сиыр, балық, қоян т.б.жасау үшін оны орындау ретін түсіндіреді денесі, басы, құйрығы, құлақтары, көздері.Дене бөліктерінің жасалу жолдарын түсіндіреді. Қағазды қиын жапсыруға бағыт беріліп,көмектесіп,басшылық жасалады.Бұл қораптар жай қорап емес,сиқырлы қорап екенін дәлелдейді. | Балаларға пішіні әртүрлі қораптарды таңдап,өздері қалаған бейнелерді жасау үшін оның сырты түрлі түсті қағазбен жапсырады;
сиыр, балық, қоян т.б. жасау үшін оны орындау реті бойынша бірінші денесін, басын, құйрығын, құлақтарын, көздерін қиып жапсырады; қағазды қиып жапсыруда тәрбиеші көмектесіп, басшылық жасайды; бұл қораптардан алуан түрлі ойыншықтар жасап, бір біріне көрсетеді. |
Рефлексиялық түзетушілік | Дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері мадақталады. | Балалар өздері жасаған ойыншықтары қалай жасағаны туралы әңгімелеп береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қажетсіз қораптарды пайдалана отырып көрсеткен үлгіге сәйкес бейнелерді жасай білуді үйренеді.
Игереді: қораптардан алуан түрлі ойыншықтар жасауға болатынын түсінеді және оларды өздігінен безендіруді игереді.
Меңгереді: қажетсіз заттармен ұқыпты жұмыс жасау іскерлік дағдылары қалыптастырылады.