Жаңа сабақтар

Жумаканова Анар Дубековна

Алматы облысы Талғар ауданды Дәулет ауылы

№11 жалпы білім беретін шағын орталығы бар орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Жумаканова Анар Дубековна

21 жыл стаж

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша ашық сабақ жоспары 2 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Отанымды сүйемін! Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

Мектеп: Алматы облысы Талғар ауданды Дәулет ауылы

№11 жалпы білім беретін шағын орталығы бар орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Бастауыш сынып мұғалімі: Жумаканова Анар Дубековна. 2 сынып жетекшісі

21 жыл стаж

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары 2.1.4.1.Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербальды (ауызша) емес тілдік құралдарды қолдану.

2.2.4.1.Мақал-мәтелдерді және көркемсөздерді қолдану

2.1.5.1.Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Сабақ нәтижесі Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
  • Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, кестені толдырады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
  • Тақырыпты болжайды, тіркестерді дұрыс таба алады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

  • Вербальды (ауызшы) емес тілдік құралдарды сәйкесінше қолданады.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақ барысы Ресурстар
Сабақтың басы

3мин

3мин

1. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Шаттық шеңбері«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Қызығушылықтарын арттыру

«Жалғасын тап» ойыны арқылы

  • Отан отбасынан …
  • Ел іші — … …
  • Құртақандай торғай да, … … …
  • Туған елдің қадірін — … … …
  • Туған жердің ауасы да …
  • Отан үшін күрес — … … …

Туған жердей жер болмас,…

Сабаққа кіріспе : Сөзжұмбақ

Шаттық шеңберін дөңгелене қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады

Презентация

Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтады

Сабақтың ортасы

15мин

ТЖ

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Жұптық жұмыс

3мин

Жеке Жұмыс

3мин

Жеке Жұмыс

7мин

Білу және түсіну

Ой қозғау

Оқулықтағы сөзжұмбақты шешу.

Д О С Т Ы Қ
Т А
Қ А
Н

Оқулықтағы сөзжұмбақты шешу

1.Ұлттардың бірлігі,татулығы.

2.Мемлекеттік рәміздердің бірі.

3.Ұлттың аты.

4.Сені өмірге әкелген мейірімді жан.

.Жаңа тақырыппен таныстыру,мақсатын айқындау.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін!

Сабақтың мақсаты:

а)Отан туралы білімдерін кеңейту,

ә)сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді,

көркем сөздерді қолдана білу.

Б)Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

Жақан Смақов (1932, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы ауылы — 1975) — ақын. Ертеден қара кешке дейін түтінін үзгізбей айтқызсаң да, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштары таусылмайтын. Жақан Атасу селосындағы қазақ орта мектебін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.»Жетісу», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Балдырған»журналында, Қазақ телевизиясында жұмыс істеген. Жақан Смақов мектепте оқып жүрген кезінде-ақ өлең жаза бастаға-ды. Ақын саналы өмірін, дарынын бірыңғай балалар поэзиясына арнады. Оның мынадай кітаптары бар «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-қаз бас», «Бақ-бақ», «Жаңғырық». Танымдық мәні зор.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

(9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз — 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Шығармалар мен аудармалар және поэмалар жиынтығы бар.

2. «Отан деген не?» дейтін сұраққа жауап беріп көр. «Ыстық орындық» әдісін қолданамын

Оқушылардың жауаптарын тыңдауарқылы Отан сөзінің мәнін ашу.

3.Өлеңді түсініп оқы.

Отан

Гүлдердің ертемен

Қауызын ашқаның,

Көктемнің көктемін көкпеңбек,

Мөп-мөлдір аспанын,

Таулардың қол жетпес асқарын-

Ұнатам бәрін де,

Өйткені ол Отан- Ұлы Отан.

Бәрін де, бәрін де Ұнатам,

Өйткені ол Отан- Ұлы Отан.

Жақан Смақов

Отан туралы

Мен оның тунін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған.

Жаным менің,кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан,Отан,

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…..

Өлеңнің авторын ата.Сызбаға сүйеніп әңгімеле.

Мұқағали Мақатаев

Өлеңдегі соңғы қорытындылаушы жолдарды тауып, қайталап оқы.

Ақын Отанға туған жерге деген сезімін ерекше сөздермен білдіріп отырады,Сен де өз туған жерің туралы айтқаныда, осы сөздерді қолдануына болады.
Мұқағали Мақатаев

Алматы Ақын Аудармашы

облысында

туған

Қолдану

Өлеңдерді ауызша салыстыр.

Ақындар Екі өлеңдегі ұқсастықтар Екі өлеңдегі ерекшеліктер
Жақан..

Мұқағали

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық!» Видео

жазбадағы би

Өлеңдерге сүйеніп, көркемсөздерді тап.

Қауызын ашқан
Қол жетпес асқар
өзен
Қасиетті
үн

Шығарма

«Отанымды сүйемін!»

Критерийлері:

  1. Мақал-мәтел қолдану;
  2. Өлеңнен көркем сөздерді қолдану.
Презентация

Сөзжұмбақты шешу «Отан»

Мұғалім ақындар жайлы қосымша мәліметтер береді

Презентация

Аудио тыңдау

Өлеңдерді мәнерлеп оқиды

Презентация

Үлестірме қағаз

Үлестірме қағаз

Бірін-бірі бағалау

Оқушылар критерийлерді басшылыққа ала отырып шағын шығарма жазады

Сабақтың соңы

2мин

2мин

2мин

Синтез.Қорытынды

  1. Сабақтың тақырыбын ата?
  2. Бүгін танысқан ақындар кімдер?
  3. Қандай жаңа көркемсөздермен таныстық?

Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды смайликтермен бағалау.

  • Өте жақсы, жақсы;
  • Орташа, талаптан

Рефлексия

  1. Не үйрендім? Не білдім?
  2. Қандай тапсырмалар саған қиын болды?
  3. Сабақ ұнады ма?
Ауызша жауап
Үйге тапсырма: Қалаған өлеңіңді мәнерлеп жатқа айту

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.