Жаңа сабақтар

ТарМПУ ректоры тікелей эфирде жауап берді

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры Ержан Әмірбекұлы әлеуметтік желідегі университеттің парақшалары және ZOOM арқылы студенттермен тікелей эфирде кездесті.

Ректордың кезекті тікелей эфирі білімгерлердің алдағы емтихандардың өткізілу формасы және курстық жұмыстар айналасында өрбіді. 2019-2020 оқу жылының жазғы емтихандық сессиясына ЖОО 7000 астам білім алушысы қатысуы жоспарланған.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің пандемия кезінде аралық және қорытынды аттестацияның өткізу туралы әдістемелік нұсқауларының негізінде университет Академиялық саясатқа өзгерістер енгізіп, емтихандардың келесі түрлерін бекітті:

  • жазбаша емтихандар, сондай-ақ, курстық жұмыстар (жобалар) антиплагиат бағдарламасынаң тексеріліп, Moodle платформасы арқылы өткізіледі;
  • тестілеу ЖОО-ның ресми жүйесінде онлайн форматта өткізіледі.

Карантин жағдайында кітапханалардың жұмыс жасамауына байланысты курстық жұмыс жазудың қиындық туғызып жатқандығын айтқан студенттерге мәселенің шешімі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

«Курстық жұмыстарын орындап үлгере алмай жатқан, бітіруге мүмкіндігі жоқ студенттер оны жазғы семестрде, сол оқу пәнімен бірге, ақысыз тапсыра алады. Курстық жұмыстардың кейінге шегерілуі емтихан баллына ықпал етпейді» — деп мәлімдеді университет ректоры.

Айтарлықтай, студенттермен осындай онлайн кездесулерді университет басшысы аптасаын сәрсенбі мен жұма күндері ұйымдастырады. Осы аралықта тікелей эфирге барлығы төрт мыңнан аса тыңдаушы қатысып, сұрақтарын жолдады.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.